Ғылым тарихы және философиясы пәні бойынша магистранттарға арналған ДӘрістер


Басқа «кесік» бойнша ғылыми танымның құрылысында келесі элементтерді шығаруға болады



бет76/122
Дата20.11.2023
өлшемі1,12 Mb.
#125008
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   122
Басқа «кесік» бойнша ғылыми танымның құрылысында келесі элементтерді шығаруға болады:

  • эмпириялық тәжірибеден алынған фактілер материалы;

  • анықтама әлде басқа түрінде көрсетілген алғашқы концептуалды жалпылаудың нәтижелері;

  • фактіге негізделген мәселелер мен ғылыми болжаулар;

  • олардан «өсетін» заңдар, принциптер, теориялар, дүние бейнесі;

  • философиялық негіздер;

  • әлеуметтік-мәдени, құндылық, дүниегекөзқарас негіздері;

  • ғылыми танымның әдістері, идеалдары, нормалары, эталондары, реттеушілері мен императивтері;

  • ойлау стилі мен басқа элементтері /мысалы, рационалдыдан тыс/.

Ғылыми танымның идеалы мен нормалары – ғылымға әр нақты-тарихи даму кезеніне лайық, нақты концептуалды, құндылық, методологиялық, және басқа ұстанымдар бірлестігі. Олардың негізгі қызметі – ғылыми зерттеуді ұйымдастыру мен бақылау, эффективті жолмен ақықат нәтижеге жету әдістер мен түрлерге бағыттандыру. Ғылыми зерттеу өзінің басқа кезеніне көшкенде идеалы мен нормаларын өзгертеді /мысалы, классикалықтан классикалық емеске көшу/. Олардын қасиеттері танылатың пәндікпен, зерттелетін объектілердің ерекшклігімен анықталады, ал олардың мазмұны нақты әлеуметтік-мәдени контексте қалыптасады.
Нақты ғылымның даму кезенінде ғылыми танымның идеалы мен норамалар тұтастығы «ойлау стилі» деген ұғымды белгілейді. Ол ғылыми танымда реттеушілік функцияны атқарып, көп қатпарлы, нұсқаулы және құндылық қасиеттерге ие болады.
«Ғылымның философиялық негіздері» деген ұғым нақты ғылымның философиялық идеялар мен принциптерін, және танымдық қызметке жалпы бағытты береді. Қалыптасқан білімді негіздеумен бірге ғылымның философиялық негіздері эвристикалық /жаңа теорияны шығару/ және методологиялық функцияларды атқарады.
Дүниенің ғылыми бейнесі – ол фундементалды ғылыми анықтамалар мен принциптерді жалпылау және синтездудің нәтижесінде құрылған реалды дүниенің қасиеттері мен заңдары туралы тұтас жүйе. Негізіне қарай бүкіл дүние туралы дүниенің жалпы ғылыми бейнесімен /табиғат, қоғам мен таным туралы/ дүниенің табиғаттану бейнесі деген екі түрі бар. Соңғысы – таным пәніне қарай – физикалық, химиялық, астрономиялық, биологиялық т.б. бөлінеді. Дүниенің жалпы бейнесі түрінде анықтаушы ретінде ғылымның нақты даму кезеңінде үстемділік алатын ерекше ғылыми білімнің дүние бейнесі болуы мүмкін.
Әр дүниенің ғылыми бейнесінің негізінде бір фундаменталды теория жатады, тәжірибе мен танымның дамуна қарай бір бейне келесі бейнеге ауысады. Мысалы, табиғаттану /17 ғ./ классикалық механиканың негізінде қалыптасты, ал ықтималды теория /20 ғ./ келесі түрін ұсынды, қазір – синергетиканың негізінде жаңа бейне қалыптасты.
Дүниенің ғылыми бейнесі фундаменталды теорияны құру шеңберінде эвристикалық рольді атқарады. Олар дүниеге көзқараспен тығыз байланыста болғансон қалыптасуында соны содан негіз алады.
Ғылым өзінің аспектілерінің біртұтастығында көп түрлі ғылымдармен зерттеледі: ғылым тарихымен, ғылым логикасымен, когнитологиямен, ғылым әлеуметтануымен, ғылыми шығармашалақтың психологиясымен, ғылымтанумен. 20 ғ. ортасынан бастап осылардың бәрін толық, жүйелі, кешен түрге біріктіріп, зерттеуге бағытталған жаңа ғылыми сала – ғылым философиясы - пайда болды.
Қорыта айтқанда, ғылыми білім нақты заңдар бойынша дамуға бағытталған қиын, көп бұтақтан тұратын, көп түрлі процедуралардың жүйесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет