Эмпириялық білім дегеніміз – абстарктілі эмпириялық объектілер туралы көп-түрлі пікірлер. Бірақ оны бақылаудың тікелей нәтижесі деп түсіну дұрыс емес, себебі, айналмалы /опросредованно/ түрде «өзіндік заттар» идентификация мен интерпретация жолынан өтіп реалды дүние туралы білімді ашады.
Эмпириялық білімнің құрылысы. Сезімдік пен эмпириялық білімдердің онтологиялық пен сапалық түрде мазмұндарыда өзгеше болып табылады; біріншісі, көп-түрлі сезім образдары болса, ал екінші, көп-түрлі эмпириялық пікірлер; олар логикалық тұрғыдыан бір-бірінен ештеңе шығармайды. Сонда, эмпириялық білімді бақылау мен эксперименттердің логикалық нәтижесі деп түсіну ол, яғни, қателесу. Олардың арасында басқа да қатысу типі байқалады: сезімдік нәтижелерді бір тілде логикалық түрде модельдеу /репрезентация/. Эмпириялық білім әр-қашанда сезімдік білімнің анықтамалық-дискурсивті моделі.
Эмпириялық білімнің өзінің құрылысы да қиын мәселеге жатады. Ол төрт деңгейден тұратын құрылыс:
ең қарапайым деңгейі – бірлік эмпириялық пікірлер /болу квантормен бірге әлде оңсыз/, «протоколдық пікірлер»; олардың мазмұны нақты бақылаудың дискурсивті қабылдауы; осындай протоколды құрастырғанда бақылаудың нақты уақытымен орыны анықталады.
эмпириялық білімнің екінші, күрделі деңгейі – фактілер. Ғылыми фактілер протоколдардың индуктивтік жолмен жалпылау, олар міндет түрде жалпы статистикалық әлде универсалды болып табылады. Олар зерттелетін пәндік аймақтың жағдайларын, қасиетерін, қатынастарын және олардың сандық жағын байқайды. Олардың символикалық елестеріне графиктер, диаграммалар, таблицалар, классификациялар, математикалық модельдер жатады.
келесі одан жоғары эмпириялық білімнің деңгейі – заңдардың түрлері /функционалды, себептілік, структуралық, динамикалық, статистикалық т.б./. Ғылыми заң дегеніміз – уақытық пен кеңістік тұрғыдан тұрақты, жағдайлар, оқиғалар әлде қасиеттер арасындағы қатынастардың өзгеше түрі. Фактілер, заңдар сияқты ортақ квантормен xaxbx жалпы /универсалды әлде статистикалық пікірлер/, мысалы, /«Барлық заттарды қыздырғанда, олар кеңейеді», «Барлық планеталар Күнді айналады» т.б./. Ғылыми эмпириялық заңдар түбінде әр-түрлі процедулармен алынған: индукция, элиминативтік индукция, дедукцияға керісінше индукция, дәлелдеу индукция арқылы жасалған жалпы болжаулар. Нақтыдан жалпыға жету, индуктивті жолмен көтерілу тек болжау, мүмкіндік білімді береді. Эмпириялық білім сол тұрғыдан негізінде гипотетикалық болып табылады. Табиғаттану ғылымдарға қатысты Ф. Энгельс байқаған, «ойлағасын, табиғаттанудың да даму формасы гипотеза».
жалпы, төртінші деңгейі - феноменологиялық теориялар. Олар эмпириялық заңдар мен фактілерді логикалық тұрғыдан құрастырады /феноменологиялық термодинамика, Кеплердің аспан механикасы т.б./. Өзінің жоғары деңгейіне қарамай, шығу мен қасиеттеріне қарай олар гипотетикалық, мүмкін білімі. Индукция, яғни, жалпы білімді нақты арқылы дәлелдеу /бақылау мен экспериментердің деректері/, логикалық дәлелдеу күшсіз болсада, жағымды түрде – тек растау болып табылады.
Эмпириялық деңгейлердін арасында сапалық емес, сандық тұрғыдан айырмашалақ бар, бір елесті жалпылау күш тұрғысынан ерекшелінеді. Ал эмпириялық пен теориялық білімдердін сапалық айырмашылығы айқын, онтологиялық тұрғыдан өзгеше. Эмпириялық пен теориялық білімдердің арасындағы айырмашылық эмпириялық пен сезім білімдерге қарағанда күрделі.
Достарыңызбен бөлісу: |