Ғылым тарихы және философиясы пәні бойынша магистранттарға арналған ДӘрістер



бет91/122
Дата20.11.2023
өлшемі1,12 Mb.
#125008
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   122
Байланысты:
ИФН-Дәрістер (1)

Өзекті ұғымдар:
Дәстүр – ұрпақтан ұрпаққа жалғас алатын әлеуметтік пен мәдени мұраның элементтері. Ғылымда дәстүр дегеніміз, ғылыми танымда жалпы қабылданған білімдер, нормалар мен идеалдар жүйесі. Нақты түрде ол ғалымдар арасында бір теорияның адекваттік түрі бойнша қабылдау келісімі, конвенциясы.
Жаңашылдық – материалдық пен рухани сфералардағы жаңалықтар.
Ғылыми революция – ғылыми білімнің динамикасында ғылымның негізімен бағытталған, зерттеу стратегиясын өзгерту кезеңдерінде күрделі роль атқарады. Сол кезеңдерді ғылыми революция деп атайды. Адамзат өзінің дамуында бір-неше ғылым мен техниканың революциясынан өтті: өнеркәсіптік, электротехникалық, электрондық, бағдарлама және «жасыл» революциясы.
«Революция» деген ұғымның өзі білімнің әлемінде сапалық тұрғыдан радикалдық өзгерісті, ғылымның негізінің жаңа құрылымын белгілейді. Келесі негіздер бойынша ғылыми революцияның төрт типтерін шығарады: 1. жаңа фундаменталды теориялық концепциялардың шығуы; 2. жаңа әдістерді жетілдіру; 3. жаңа зерттеу объектілерді ашу; 4. жаңа методологиялық бағдарламаларды қалыптастыру.
Ғылымның жүйелік сипаттауының өзгеруі деген, ғылыми-зерттеу қызметінің стратегиясы мен оның калыптасу қаруы деген ғылыми революциялар ғылым дамуында бифуркация нүктелері деп саналады. Олар ғылымның бірсызықты еместігін, даму үздіксіз бірлік негіздері арқылы мүмкін еместігін, ғылымда үздік пен үздіксіздіктің бір-бірін толтыруы мен дискреттік пен континуалдықтары айқын. Ғылыми революциялар көпдеңгейлі процесс. Сол себепте ғылыми революцияның үш типі бар: 1. «мини-революциялар», мазмұндық тұрғыдан ерекше ғылымның блоктарына қатысты /мысалы, микрофизика шеңберінде кварктер туралы бейнелер/; 2. нақты ғылымды меңгеретін локалды революциялар; 3. бүкіл ғылымдарға қатысты, жаңа көзқарасқа әкелетін глобалды ғылыми революциялар.
Ғылым тарихында келесі революциялар айқын:
1. 17 ғ. классикалық табиғаттануды жаратқан ғылыми революция;
2. табиғаттануда сол себеппен негізделген 18 ғ. аяғында - 19 ғ. бірінші жартысында пайда болған өзгерістер - ғылымның пәндік құрылымы - екінші глобалды революция деп аталады;
3. үшінші глобалды революция 19 ғ. екінші жартысында - 20 ғ. ортасына дейін классикалық емес табиғаттанудың пайда болуымен басталады; революциялық өзгерістер әр ғылыми салада кездеседі: физикада /атомның бөлінуі, релятивтистік пен кванттық теорияның қалыптасуы/, космологияда /ғарыш туралы стационарлы емес концепция/, химияда /кванттық химия/, биологияда /генетиканың қалыптасуы/, кибернетика мен жүйе теориясы ғылымның қазіргі бейнесін өзгертті.
4. Ал, қазіргі кезде біз ғылымдағы жаңалықтарды төртінші глобалдық революциямен теңдейміз, себебі, постнеклассикалық ғылым қалыптасып жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет