Ғылым тарихы және философиясы


прагматизм және неокантиандық



бет110/185
Дата27.10.2022
өлшемі1,17 Mb.
#45758
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   185

прагматизм және неокантиандық


«Прагматизм» терминін алғаш рет «Нақты ақыл-ойды сынау» атты еңбегінде Кант қолданса, соның аясында осы бағыт бастау алған американдық философияға Чарльз сандерс пирс (1839-1914) енгізді. «Идеяларымызды қалай айқын ете аламыз?» (1878) деген мақаласында ол: «Болжалды түрде іс жүзінде маңызы болуы мүмкін қандай зардаптардың біздің түсінігіміздегі нысанға тән екенін қарап көрейік. Сонда біздің ол зардаптар туралы түсінігіміз нысан ұғымын


құрайтынның бәрі болып шығады», – деп жазды. Пирс кейбір «базис- ке» немесе «негізге», – ол танылатын субъектіні сезу және қабылдау немесе ақыл-парасаттың априорлық (тәжірибеге дейінгі) құрылымдары болса да, – келтірілуі мүмкін білім қағидасын қабылдамайды. «Фунда- ментализмге» балама деп Пирс мынадай: нысан туралы түсінікке осы нысанмен орындалатын әрекеттерден шығатын нақты зардаптардың барлығын қарау арқылы қол жеткізуге болады дейтін ұстанымды са- найды (Пирс қағидасы). Ал терминнің мағынасы – осы термин қисынды бастауыш болып табылатын барлық сөйлемдерді (айтылғандарды) іс жүзінде тексеру шарттарының жиынтығы. Ондай айтылған ойлардың көпшілігі шын мәнінде шексіз болғандықтан, мағынасы толық емес, ішінара ғана айқындалуы мүмкін, ал нысан туралы біздің біліміміз қашанда аяқталмаған және терістелген, болжамға құрылған болып келеді. Бұл күнделікті білімге және жаратылыстану білімдеріне ғана емес, сонымен қатар жалпыға бірдейлігі қарсы мысалдармен терістелуі мүмкін математикалық және логикалық ой-пікірлерге де қатысты бо- лып табылады.
Пирс ұсынған мағына теориясы «прагматикалық» (қажетті мүд- делерді көздейтін) деген ат иеленді. «Прагматизм» деген терминнің өзін де Пирс алғаш рет жоғарыда аталған мақаласында қолданды.
Жалпы, бұл ғалымның қаншалықты жан-жақты болғанын оның ғылыми мүдделері мен соның нәтижелері дәлелдейді. Ол ғылымдағы бірнеше бағыттың негізін қалаушы: математикалық логиканы, семио- тиканы (белгілер туралы ілім) құрушылардың бірі болды; геодезия, та- рих философиясы, психология, әдістеме және ғылым тарихы бойынша іргелі зерттеулер, алгебра мен стандартты емес талдаудағы маңызды нәтижелер мен идеялар соған тиесілі. Философияда ол «фанероско- пияны» (гр. – phaneron – құбылыс, көрініс): болмыс пен танымның
«Бастапқылық» (Firstness), «Екіншілік» (Secondness), «Үшіншілік» (Thirdness) санаттарында берілген үш негізгі деңгейі туралы ілімді әзірледі; ойлау-пайымдау тілін қалыпқа келтірудің математикалық әдістерін пайдаланатын логикалық ғылымның қалыптасуына айтар- лықтай ықпал етті.
Пирстің өзі прагматикалық ұстанымға логикалық семантика мен ғылыми әдіс мәселелеріне қатысты ғана басымдық берді, ал ол кезде шындық ұғымын түсіндіруде прагматизм уәждері оның философия- сында реалистік және неокантиандық идеялармен астасып жатады.
Сол себепті көпшілік адамдар көбінесе прагматизмнің филосо- фиялық тұжырымдамасын Пирстің ізбасары, американдық философ
және психолог уильям Джеймс (Джемс) (1842-1910) дамытқан деп са- найды. Ол 1907 жылы «Прагматизм» деген кітабын жарыққа шығарды.
«Қабылдануы мүмкін шындық ретінде, – деп жазады ол, – прагматизм бізді барынша жақсы басқаратынды, өмірдің кез келген бөлігіне бәрінен жақсы бейімделгенді және тәжірибенің бар жиынтығына қосылып ке- туге бәрінен жақсы мүмкіндік беретінді ғана мойындайды».
Оның ойынша, прагматизм – ол адамдар өздерінің күнбе-күнгі тәжірибесінде басшылыққа алатын ойлаудың ескі тәсілінің жаңа ата- уы ғана. Прагматизмнің жеңісі, Джеймс пайымдағандай, «қалыпты ойларға» барынша көп әсер етуге байланысты болады. Прагматизм ғылым мен метафизиканы жақындастыруға қабілетті, сол себепті қазіргі заманда ол «философиялық дауларды реттеу» әдісі ретінде әрекет етуге тиіс. Бұл ілім емес, – дәлме-дәл әдіс және оның бейтарап, догмаға қарсы сипаты бар.
Прагматизмнің инструменталистік жорамалының негізін салушы болып американдық ғалым Джон Дьюи (1859-1952) саналады. Оның: психологияны, эпистемологияны, этиканы, логиканы, эстетиканы, әлеуметтік философияны, білім беруді қамтитын отыз кітабы бар.
Джеймстен айырмашылығы – Дьюи көп дәрежеде гегельдік тарихилық философияның ықпалын сезіп, оның трансцендентализмін Дарвиннің натурализмімен және дұрыс мағынаның эмпиризмімен түзетуге болады деп санады.
Өз философиясын Дьюи көбінесе инструментализм деп атап, ой желісін құруға маңызы бар түсініктерді, ғылыми заңдарды, қисынды амалдарды қиын мәселелерді зерттеу және шешу құралы деп қарады. Ал қолайлы немесе «прагматикалық» дегенді ойлау тәсілдерінің және барлық рефлекстік түсініктердің мағынасын анықтау және тексеру үшін салдарлары бар солардың арақатынасы деп түсіну керек. Дьюидің ойынша, біздердің бәріміз әлемді игеруде ғылым нәтижелеріне се- нуге және оның әдістерін философияда қолдануға ұмтылуға тиіспіз. Ғылыми білім «таза» математикаға немесе физикаға қарағанда, инженерлік істе, медицинада, әлеуметтік және моральдық салаларға қосылған әлеуметтік пәндерде айқын көрінеді.
Джон Дьюи АҚШ-та «№ 1-ші философ» деген ат иеленген, оның идеялары қоғамдық санаға терең тамыр жайып және философиялық натурализмге, сараптамалық философияға, феминизмге, постмодер- низмге және басқа ағымдарға да зор ықпал етті.
Сонымен, егер осы бағыттың барлық өкілдерінің негізгі идеяларын жалпылай қорытындыласақ, онда жиынтығында олардың барлығының
болмыстың алғашқы бастауларын танудың, түйсікпен келетін білімнің, туа біткен идеялар мен бұрынғы гносеологиялық тұжырымдамалардың басқа да қағидаларының мүмкіндігін теріске шығарғанын айта аламыз. Таным адамдардың жиынтық тәжірибесінен келіп шығады және адамның алдында өне бойы пайда болып отыратын өмірлік маңызы бар мәселелердің шешімін табуға себепкер болады. Адамға іс жүзінде нәтижелер беретін, пайда келтіретін білімдер шынайы болып та- былады. Адамдардың өмірлік тәжірибесі жинақталғанда, бір неме- се басқа нысан туралы түсініктер үнемі өзгеріп отырады. Аяқталған білім жоқ: ол қашанда салыстырмалы және жорамалды, келешекте теріске шығарылуы да мүмкін. Сол себепті бір немесе басқа зат ту- ралы түсінік адамзаттың өмір сүруінің осы нақты-тарихи кезеңінде тәжірибеге негізделген білімнің бар жиынтығына сүйене отырып, онымен өзара іс-әрекеттер нәтижесінен келіп шығатын салдар құра алады. Нақтылықтың бір немесе басқа қырларын танып білуге деген біздің дәл осы іс жүзіндегі мүдделілігіміз шындықты құрайды. Егер өмір тәжірибесінен, танымнан алған білімдеріміз бізге пайда әкелсе, белгілі бір оң нәтижелерге жеткізсе, ақыр соңында, табысымызды қамтамасыз етсе, онда оларды шынайы деп айтуға әбден болады. Осы мағынасында философияның және тұтастай алғанда бар ғылымның міндеті – адамдардың өмір сүру жағдайларын, бұл өмірдегі болмысын
жақсарту.
Адамның әртүрлі заттарды танып білуі – ол белгілі бір өмірлік маңызы бар мәселелерді шешу барысында қиындық көрген кезде орын алады. Адамның оларды ұтымды шешу құралдарын, жолдарын іздеуі осыдан басталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   185




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет