неокантиандық Германияда пайда болып, философияны Кантқа қарай бағыттау үрдісі спорадистік (гр. – sporadikos – шашыраңқы, ішінара) сипатта болғанмен, XIX ғасырдың бірінші жартысында-ақ оқтын-оқтын өзін көрсетіп қалып отырды, ал Еуропаға кең таралуы 1870 және 1920 жылдар аралығында орын алды.
Бірақ шоғырланған түрінде бұл теория О.Либманның «Кант және эпигондар» (1865) деп аталатын еңбегінде баяндалды. Оның қайырмасы: «артқа, кантқа қарай!»деген ой болды. Ол бүкіл қозғалыстың өзіндік ұранына айналды.
Неокантиандықтың пайда болуының тарихи себебі философия мен жаратылыстану ғылымдарының арасындағы үйлеспеушіліктен, ұлғайып бара жатқан алшақтықтан көрінді.
Неокантиандықтың танымал екі: Марбург және Баден (неокан- тиандықтар жұмыс істеген қалалардың атымен аталған) мектебі бол- ды. Олар: «Философияда алға қарай бір қадам жасағысы келетін кез келген адам Кант философиясын оқып білуді өзінің ең бірінші міндеті деп санауға тиіс», – деп пайымдады (П.Ноторп). Сондықтан екі мек- тепке де ортақ болғаны – И.Канттың философиясы бұрынғыдай өзекті деген ұстаным. Соған сүйене отырып, таным теориясының, философия мен қоғамдық тәжірибенің қазіргі замандағы мәселелерін шешуге бо- лады. Олар кантиандықтың «таным нысанның тәжірибеге сай көрінісі немесе сипаты емес, ол – осы ұғымның кең мағынасында таным мен ғылым нысанасын құрастыру болып табылады» дейтін негізгі идея- сын бұлжымастай сақтайды.
Марбург мектебінің өкілдері кантиандықтың негізгі кемшілігін психологизмнің артықшылығынан, ғылыми таным бірлігін негіздеуден көрді. Сондықтан олар танылатын субъектінің құрылымын ғылымның өзінің логикалық құрылымымен ауыстыруға тырысты. Сөйтіп, олар таным теориясын оның сезімдік танымға байланысынан тыс, таза білім логикасына айналдырды.
Марбург мектебінің кең танылған классигі герман коген (1842- 1918) Канттың соңынан: «Философияның аса маңызды қызметі – ол ғылым әдістемесі. Философия «таза», яғни ғылыми танымның априорлық (тәжірибенің алдындағы) элементтерін зерттеуге тиіс.
«Тәжірибенің жалпы теориясының»: логика, этика, эстетика деген үш құрамдас бөлшегі бар», – деп жариялады.
Баден мектебінің өкілдері адамның қоршаған әлемді танып білуіндегі құндылықтардың зор маңызын көрсетті. Құндылықтар мүлдем өзгеше әлем – таным үдерісіне, әсіресе гуманитарлық ғылым- дарға жанама әсер ететін трансценденттік әлем құрайды.