Индукция. Индукция танымның негізгі әдістерінің біріне жата- ды, өйткені заттар мен құбылыстардың жекелеген қасиеттерін зерт-
теуден жалпы түсініктерді қалыптастыруға қарай өту орын алады, яғни мұнда бақылаулар мен сынақтардың нәтижелерін жинақтап қорыту туралы сөз болып отыр. Индуктивтік қорытуда эмпириялық заңдар айқындалады. Мысалы, Лавуазье табиғаттың қатты, сұйық және газ тәріздес күйдегі кейбір денелеріне (су, сынап) бақылау жасап, табиғаттың барлық денелері жоғарыда аталған осы үш күйде болаты- ны туралы индуктивтік қорытынды жасаған.
Индуктивтік қорыту толық және толық емес болады. толық ин- дукцияда бір топтағы заттардың бірқатарында табылған ортақ сапа- лар мен қасиеттер осы топтың барлық заттарына ауысады. Мысалы, Жердің, Марстың, Шолпанның қозғалысын зерттеу негізінде И.Кеплер
«әрбір планетаның эллипс (оның бір нүктесінде Күн орналасқан) бойы- мен қозғалатыны» туралы индуктивтік қорытынды жасады. Бұл жерде біз Күн жүйесі планеталарының саны шектеулі болатын жағдайға тап болып отырмыз.
Алайда ғылымда көпшілік жағдайларда бір немесе басқа топтағы денелер санының шексіздікке кететіні кездеседі, олардың барлығын қамту мүмкін емес. Олай болса, берілген топ заттарының мейлінше ықтимал сандарын зерттей отырып, ғалымдар бүкіл топқа жататын қорытынды жасауға мәжбүр. Бұл жерде қорытынды деректерінің ықтималдық сипаты басым. Осындай индуктивтік қорытулар толық емес болып саналады. Осы индуктивтік қорытуды теріске шығаратын әлдебір жаңа факт оны күл-талқан ете алады. Ендеше, «осыдан кейін деген – осының себебі дегенді білдіреді» дейтінге сүйеніп, «асығыс жасалған қорытынды» туралы айтуға болады. Осындай индукция- ларда растау мен терістеудің қарама-қайшылығы байқалады, өйткені жаңа фактілер ешқандай жаңалық әкелмейді, ал индуктивтік қорытуға сәйкес келмейтін бір ғана факт соңғының маңызы мен құнын түсіреді. Сондықтан алынған индукцияның сенімділігі үшін фактілердің мүмкін болатын алуан түрлі ауқымын іске асыру қажет, олар сол топтың заттары үшін үлгі пішін болуға тиіс.
Индукцияның себеп-салдарлы тәуелділікті қорытатын келесі түрін Ф.Бэкон мен Дж.Ст.Миль әзірлеп шығарды. Олардың ойынша, себеп- салдарлы тәуелділіктің барынша мүмкін сандарын зерттей келе, ғалым бірнеше ғылыми болжам ұсынып, кезекпен оларды терістей отырып, нағыз шынайы деген біреуін қалдыруға тиіс.
Индукцияның келесі түрін кері дедукция деп түсінуге болады. Оны Дж.Джевенсон мен В.Уэллс ұсынған. Жекеден жалпыға өрлеу бары- сында белгілі бір фактілердің негізінде бірқатар ғылыми болжамдарды
алға тартуға болады. Келесі кезеңде дедукция жолымен шынайысын ғана қалдырып, қате индукцияларды ысырып тастау мүмкіндігі бар. Егер логикалық-дедуктивтік жолмен біз осы индукцияның негіздеріне қайтып оралсақ, онда оның шынайылығына сене аламыз.