Ғылым тарихы және философиясы



бет152/185
Дата27.10.2022
өлшемі1,17 Mb.
#45758
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   185
әлемнің біршама бүтін механистік бейнесі И.Ньютонның күш- жігер салуымен құрылды. Оны ол «Табиғи философияның матема- тикалық бастаулары» деп аталатын еңбегінде негіздеді. Өз зерттеу- лерінде ол «Hypoteses non fingo» («Ғылыми болжамдар ойлап тап- паймын») ұстанымына сүйеніп, сол арқылы Р.Декарттың әдістемелік қағидаларына қарсы шықты. Егер Р.Декарт тудырған әлем бейне- сінің негізінде ғылыми болжамдар жатса, онда И.Ньютонның негіздемелерінде тәжірибелік жолмен негізделген тұжырымдар жатты. Сөйтіп, XVIII ғасырда әлемнің механистік бейнесі толық қалыптасып болды және оны ғылыми қауымдастық таныды.
Сол заманның ғалымдарына әлемнің механистік бейнесі табиғаттың барлық құпияларын ашқандай көрінді. Көзі тірісінде-ақ И.Ньютон өз ұлылығының даңқын көрді. Көпшілік адамдар әлем жүйесін бір рет қана құруға болатынын айтты, ал оны И.Ньютон істеді. Алайда ондай асыра бағалау өз-өзін ақтамады. Табиғаттың кейбір құбылыстарын әлемнің механистік бейнесінің үлгілері негізінде түсіндіру мүмкін болмады. Мысалы: «Кеңістікте жылу қалай таралады?» – деген сұрақ туды. Бұл құбылысты түсіндіру үшін, жылутегі (сутегі, көміртегі деген сияқты. – Аудармашы) ұғымы енгізілді. Жылутегі құсап, түпнегіздер – электрлік үлкен магниттік құбылыстар танылды.
Алайда арылаған сайын ғылымда әлемнің механистік бейнесін қанағат тұтпау байқала бастады, өйткені жаңадан ашылған жаңалықтарды, әсіресе XIX ғасырдың ортасына қарай жылу динамикасының қарқынды дамуына байланысты соның шектерінде түсіндіру қиын болды.
Жаңадан ашылған жаңалықтардың ішінде доктор Р.Майердің энер- гияны сақтау заңы да бар-тын. Осы заңға сүйеніп, А.Эддингтон жұлдыздардың жану себебін ашатын теорияны ұсынды. Ол оны гравитациялық қысымнан көрген. Тек XX ғасырда жұлдыздар қойнауында болып жататын, сол кезде протон гелийге айналатын термоядролық әрекеттерде орын алатын құбылыстың шынайы себебі ашылды.
Сади Карно 1824 жылы термодинамиканың екінші бастауы энтропияның өсуін, Ғаламда ыдырайтынын ашты. Соған сүйене отырып, А.Эддингтон энтропияның ғарышта уақыт ағымының бағытын анықтайтыны туралы идеяны, ал Р.Клаузиус «ғаламның жылулық ажалы» идеясын алға тартты, өйткені ғарыштың бірте- бірте термодинамикалық тепе-теңдігін орнататын суынуы орын алады. Әлемнің осындай пессимистік бейнесі көптеген қарама- қайшылықтарды тудырды.
Кант-Лапластың Күн жүйесінің жаратылуы туралы ғылыми бол- жамы пайда болуымен қатар, соған қатысты діни көзқарастарға сенімсіздік туа бастады. «Егер әлем мәңгі өмір сүрсе, онда осы уақытқа дейін неге термодинамикалық тепе-теңдік орнамаған?», «Егер әлемде энтропия үдерісі, барлығының ыдырауы жүріп жатса, онда неге табиғи өмірде термодинамиканың екінші бастауына қарсы бағытталған күрделендіру, өсу жүріп жатыр?» – деген әбден орынды, әділ сұрақтар туды. Бұл сұрақтар XIX ғасыр ғалымдарының бас ауруына айналды. Олар XX ғасырдың екінші жартысында ғана шешімдерін тапты.
Дж.Максвелль ашқан электр-магниттік үдерістер заңы да дәл солай бірқатар қиын сұрақтарды туғызды. Бәрінен бұрын, қандай түпнегіздің электр-магнит толқындарын тарататыны жайындағы сұрақтың жа- уабы маңызды болды. Ғалымдар Аристотельдің эфир туралы идея- сын жандандыруға мәжбүр болды, бірақ ол үшін эфирдің өзара бір- бірін теріске шығаратын сипаттамасы болуы керек еді: бір жағынан, ол өзгеше қатты болуға тиіс, өйткені толқынның жылдамдығы өте жоғары, екінші жағынан, ол кеңістікте жылжитын орасан үлкен ғарыш нысандарына кедергі келтірмеуге тиіс.
Бұл эфир жайындағы ғылыми болжамның шынайылын тексеруді қажет етті, ал оны А.Майкельсон іске асырды. Ол 1887 жылы Жер- ге бойлай және көлденең жіберілген сәулелердің интерферометрлік салыстырылуын жүргізді және қозғалыссыз эфир теорияларынан шығатын нәтижелердің расталмайтыны туралы қорытынды жасады. Сөйтіп, ұзақ 2000 жылдық өмір сүрген тарихы бар эфир ұғымы кел- меске кетті.
Термодинамика және электр-магнетизм заңдарының ішінен кезінде қара денеден бөлінетін жылудың қысқа толқынды болатыны туралы қорытынды жасалды. Алайда зерттеу нәтижелері олардың керісінше екенін дәлелдеді. Теориялық жетістіктер мен нақты тәжірибелік деректердің арасындағы қарама-қайшылықтар «ультракүлгін апат- тар» деген ат иеленді. Бұл мәселенің шешімі XX ғасырдың алғашқы жылдары табыла бастады. Осының бәрі әлемнің механистік бейнесіне
елеулі, түзетуге келмейтін зиян келтірді. Ол бірте-бірте сарқылып бітті.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   185




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет