Ғылым тарихы және философиясы



бет158/185
Дата27.10.2022
өлшемі1,17 Mb.
#45758
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   185
Құрылымдық химияның негізгі мәселесі алдын ала белгіленген қасиеттері бар материалдарды өндіру болып табылады. Ғажап торлардан тұратын кристалдар түзілімі, өзгеше берік, отқа төзімді, су өткізбейтін материалдар өндірісі – қазіргі заманғы химияның кейінге қалдыруға болмайтын өзекті мәселелерінің бірі. Алайда бұл – өте қиын міндет. Ол үшін кез келген сыртқы әсерден, оның ішінде кристалдар өндіру барысында орын алуы мүмкін жердің әлемдік тартылысынан азат болу керек, сондықтан ғалымдар ол тәжірибелерді ғарыш кемелерінде жүргізетін болды. Философиялық көзқарас тұрғысынан алғанда, әрбір зат басқалармен есепсіз көп жіппен байланысатындықтан, әбден мүлтіксіз жетілген құрылымдар түзуге жету, сірә, мүмкін болмас.
Алдын ала белгіленген кемшіліктері бар, электротехника немесе оптика үшін аса қажет материалдар алуға келсек, ондай қиын мәселені химиктер шешіп жатыр.
Егер химиялық үдерістер туралы айтсақ, онда химиктердің көрнекті жетістігі – термоядролық үдерістерді басқару мүмкіндігі болды. Бүгінгі таңда әлемде бейбіт мақсатта энергия беретін жүздеген АЭС бар, ал Франция және Жапония сияқты елдер өздерінің энергетикалық қажеттіліктерінің қомақты бөлігін атомдық электр станциялары есебінен қанағаттандырып отыр.
Құрылымы күрделі жүйелерді субстраттық түсіну тұрғысынан алғанда, міндет – ары қарай даму үшін, жүйенің қандай химиялық элементтер мен қосылыстарды «таңдауы» болып табылады. «Ұлы Мәртебелі Табиғат» өзінің дамуы барысында миллиардтаған жыл- дар ішінде соның аясында болып жататын, санына есеп жетпейтін химиялық әрекеттердің ішінен ары қарай күрделенуге, дамуға пай- далы болатындарын ғана «таңдап», басқа қосылыстарды «лақтырып» отырды. Әлде бұл біздің таңданысымыз бен сүйінішімізді тудырмай
ма? Осының нәтижесінде Ғаламның биік гүлі – өмірдің пайда болуына жол ашылды емес пе!
Ғалымдар атап көрсеткендей, ашылған 110 элементтің көпшілігі тірі организмдердің ішіне түскенде, олардың өмір сүруін қамтамасыз етеді. Дегенмен тірі организмнің негізін құрайтын алты ғана элементті ажы- ратып атауға болады. Олар «органондар» деп аталады. Егер сұрақты нақтылайтын болсақ, онда оларға: оттегі, сутегі, көмірсулар, азот, фосфор және күкірт жатқызылады. Олардың ағзадағы үлес салмағы 97,4% құрайды. Натрий, кальций, калий, магний, алюминий, темір, кремний, хлор, мыс, мырыш, кобальт, никель де тірі ағзада аз мөлшерде болады. Олардың жалпы үлесі – 1,6%. Зерттелген 80 миллионға жуық химиялық қосылыстардың ішінен органикалық болып табылаты- ны – 96%. Қалған 90 элементтің ішінен табиғат бар-жоғы 300 мың органикалық емес қосылыс жасап шығарды.
Органондардың арасынан жер бетінде аса кең таралғаны – оттегі мен сутегі, қалған төрт негізгі органон 0,24%-ды ғана құрайды. Бүкіл Ғаламда екі элемент – сутегі мен гелий басымдыққа ие, қал- ған химиялық элементтер солардың қосылыстарынан жасалады. Миллиондаған органикалық қосылыстың ішінен өмір сүруге қаты- сатыны – бірнеше жүзі ғана, жүздеген аминқышқылдан – 20-сы және бар-жоғы 4 нуклеоид тұқым қуалаушылық мағлұматтардың орасан үлкен көлемін сақтайтын және белок түзуге қатысатын ДНК (дезокси- рибинуклеин қышқылы) және РНК (рибонуклеин қышқылы) молеку- лаларын құрайды.
Жер бетіндегі өмірдің миллиондаған әртүрлі формаларының осы органондардың азғантай санынан тұратыны, әрине, бізді таңдандырады. Ғалымдар көрсеткендей, Табиғаттың химиялық деңгейдегі өмірдің пайда болуы үшін жасалатын «дайындық жұмысы» соңғының шығуына байланысты бір орында тұрып қалды. Бұл жерде:
«Мавр өз ісін атқарды!» – деген нақыл сөзді айтқан орынды болар. Мы- салы, гемоглобинді құрайтын аминқышқылдар омыртқалы жануарлар мен адамдарда бірдей. Әртүрлі өсімдіктердің ферменттері де бірдей.
Бүгінгі күні ғалымдар жыл сайын жүздеген жаңа, кейде Таби- ғаттың миллиардтаған жылдарғы дамуы барысында жинақтаған тәжірибесіне қарсы келетін, демек, экологиялық ахуалға қиратушылық әсері зор жасанды материалдар шығарып жатқан кезде, «табиғаттан үйрену», табиғи қосылыстармен үйлесе өмір сүретін жасанды матери- алдар құру аса маңызды болмақ.
Құрылысы күрделі жүйелердің жұмыс істеуі мәселесіне келсек, онда төмендегі қорытындыларға келуге болады:

  1. Химияның өркендеуі катализатор, яғни химиялық реакцияның жылдамдығын өзгертетін заттектер жүйелерінің өздігінен дамуы арқылы жүзеге асырылады. Олай болса, катализаторларды өздігінен жетілуге қабілетті заттектерге жатқызуға болады.

  2. Химиялық реакциялардың есепсіз көп санының ішінен та- рихи сақталғандары – жоғары белсенділік танытқандары болды, қалғандары өшті.

  3. Катализатор жүйелерінің өздігінен қалыптасуы, күрделенуі және дамуы – химиялық реакциядан алынатын энергияны пайдалану негізінде іске асады.

Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, химия ғылымының химиялық деңгейде өмірдің пайда болуының алдында материяның өздігінен қалыптасуын және күрделенуін көрсете отырып, әлемнің бағдарсыз бейнесін түсінуге өз үлесін қосқанын айта аламыз.
Бүгінгі таңда адамзат химия ғылымына үлкен үміт артады. Энергетикалық дағдарысқа байланысты сутегін өнеркәсіптік деңгейде өндіру мақсатында судың фотолизін жүзеге асыру міндеті тұр. Сутегі – экологиялық таза отын, ал оның табиғи қорлары іс жүзінде шектеусіз екенін айта аламыз. Егер адамзат бұл міндетті іске асыра алса, онда қазіргі заманғы өркениеттің қандай биіктерге көтерілетінін елестетудің өзі қиын. Көмірқышқыл газдардан барлық мүмкін болатын органикалық материалдарды өндіру – химияның басты міндеттерінің бірі болып табылады. Ал, ақыр соңында, химиктердің маңызды мәселесі қоршаған ортаны тазарту мақсатында өндіріс қалдықтарын өңдеу болмақ.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   185




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет