әлемнің қазіргі заманғы ғылыми бейнесін қалыптастырудағы биология ғылымының үлесі
Алуан түрлі гүлдер құлпыртып тұрған Өмірді Жер бетінде орын алатын ғажайып оқиға деп қарау керек. Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша, Күн жүйесінің басқа планеталарында өмір жоқ. Біздің көгілдір планетамызда ғана есепсіз көп жағдайлардың ішінен өмірдің және оның биік гүлі – адамның пайда болуына келтірген кездейсоқтық жеңіске жеткен. Кезінде Л.Фейербах айтқандай, адам арқылы «Ұлы Мәртебелі Табиғат» өз-өзін танып білуге көтерілген.
Әлбетте, «ақылды адам» біздің бұл әлемде жалғыз емес екенімізді, Ғаламда басқа да өмір болуы мүмкіндігін түсінеді. Басқа жұлдыздардың
планеталар жүйесінде Жерде бар жағдайлар қалыптасса, онда неге өмір пайда болмайды? Алайда осы заманғы ғылым оған байланысты жұмған аузын ашпайды, өйткені басқа жұлдыздар жүйелері бізден тым алыста (ең жақын жұлдыз 4,5 жарық жылдары қашықтығында жатыр) болғандықтан, ондағы өмір туралы қандай да бір мағлұматымыз жоқ.
Өмір құпияларын танып білуге деген ынтық қызығушылық ерте замандарда-ақ пайда болған. Сондай-ақ оған терең қызығу өмірлік қажеттіліктерден (тамақ табу, киім тігу, дәрі-дәрмек жасау, баспана салу және т.б.) туған. Адамзаттың жабайылық пен мәдениетсіздіктен өркениетке көшуі өмірге ғылыми-танымдық қызығушылықты оятты. Ертедегі ғылымның ұлы өкілі Аристотель «Жануарлар әлемі туралы» деген арнайы кітап жазған. Сол уақыттан бастап екі мыңжылдықтан астам уақыт ішінде адамзат өмірдің әртүрлі формалары тура- лы бақылаулар мен фактілердің орасан көп санын жинақтады, ол, ақырында, биология ғылымының пайда болуына жеткізді. Алайда өмірдің мәнін ашу бұл ғылымға оңай соқпады.
Әлбетте, әрбір адам жандыны жансыздан ажырата алады. Бірақ
«Өмір деген не?» деп қойылған сұрақ әлі күнге дейін өз жауабын күтіп келеді. Кезінде Ф.Энгельс өмірге қоршаған ортамен заттектер арқылы алмасатын белок денелерінің өмір сүру тәсілі деген анықтама берген. Кеңес заманында ғалымдар бұл анықтамадан бір мысқал да ауытқымаған. Біз ағаш жаққанда және ауамен тыныс алғанда, екі жағдайда да оттегі өртеліп, көмірқышқыл газ бөлінеді. Осы үдерістердің арасындағы айырмашылық шексіз емес пе?
Қазіргі заманғы биология өмірдің көптеген құпияларын ашты. Оларға талдау жасау арқылы өмірдің мәніне жақындауға болатын сияқты. Енді соларды талдап көрейік.
Тірі организмдердің құрылымы төтенше күрделі және әлдебір қалыптасқан тәртіпке келтірілген. Мысалы, жасушаның өзегінде ақпараттың 10/34 дәрежедегі көлемі сақталған. Бейнелеп айтсақ, әрбір жасуша өзінше бір қуатты компьютер болып табылады. Егер адамның денесі 1 миллиардқа жуық жасушадан тұрса, онда оның бо- йында 1 млрд. «компьютер» бар деп ойлауға болады. Бұл таңғаларлық емеспе?
Тірі организмдер қоршаған ортадан энергия сіңіреді және оны өз-өзін ұстап тұруға және қалыптастыруға пайдаланады. Өмірдің кез келген формасы тікелей немесе жанама түрде Күн энергиясын тұтынады.
Тірі организмдердің сыртқы әсерге сезімталдығы айқын байқалады. Егер сіз тасты орнынан жылжытсаңыз, ол жаңа орнында қалады, ал жыланды басып кетсеңіз, ол сізді шағыпалады.
Жанды организмдер өзгеріп қана қоймайды, олар дамуға да қабілетті.
Барлық тірі организмдер артына ұрпақ қалдырып, сол арқылы өмір сүруін жалғастырады. Бұл – тірі тіршілік иелерінің ең бір таңданарлық қасиеттерініңбірі.
Жаңа өмір тиісті гендік мағлұматалады.
Өмірдің әрбір формасы өзі туған жердегі жағдайларға бейімделеді. Дене құрылысы (құстың қанаты, жыртқыштың тырнақ- тарыменазуларыжәнет.б.)өміржағдайларынасәйкесдамиды.
Осының барлығы да өмір – аса күрделі ұйымдастырылған, қоршаған ортамен заттек, энергия және ақпарат арқылы белсенді ал- масу негізінде өз құрылымын сақтауға және дамытуға, жаңа ұрпаққа генетикалық ақпарат беру негізінде өз тегін ұзартуға қабілетті белок- тар мен нуклеин қышқылдарынан тұратын жүйе болып табылатынын дәлелдейді.
Енді тірі тіршілік иесін қалыптастырудың құрылымдық деңгейін қарастырайық.