Эволюциялық үдерістердің қайталанбастығы. Уақыт векторын кері бұруғаболмайды.
Құрылысы күрделі жүйелер бифуркация нүктесіне жеткенде, кез келген кездейсоқтық, флуктуация оның ары қарай дамуы векто- рын күрт өзгертуімүмкін.
Бифуркация кезінде жүйе құрылымдық және жүйелік өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Бірінші жағдайда жүйе өз құрылымына өзгерістер енгізе отырып, өзінің орнықтылығын сақтап қала алады. Ал екінші жағдайда ескі құрылым толықтай өзгереді де, жүйенің жаңа сапасы пайдаболады.
Болашақты жаңаша түсіну. Жүйенің бифуркация нүктесінде оның ары қарай өзгеруінің виртуалдық (нақты емес) үлгілері пайда болады. Ұсынылатын үлгілердің қайсысы жеңетіні және жүйенің ары қарай дамуы векторын белгілейтіні туралы мәселені көпжағдайда
«Ұлы Мәртебелі Кездейсоқтық» айқындайды. Олай болса, болашақ қазіргі ахуалға да әсерін тигізеді деуімізге болады. Классикалық ғылымда бұл жөнінде сөз де болмаған, – ондай көзқарас оның барлық қағидаларына қайшы келеді.
Бағдарсыз даму тұжырымдамасы алдыңғы ғылымның бірқатар қағидаларын теріске шығарады:
Ғылым аясында шексіз білімге және шындыққа жету мүмкін емес.
Классикалық детерминизм ұстанымының маңызы теріске шығарылады.
Кез келген үдерістер мен құбылыстар әлдебір бастапқы қарадүрсін негіздемелерге келтіруге әрекеттенген кезде, редукцио- низм қағидасытерістеледі.
Дамуда нысанның пайда болуының бастапқы кезеңін, қазір оның не болып табылатынын біле отырып, оның соңын болжауға болатын бірбағдарлық теріскешығарылады.
Адамзат жинақтаған барлық білімдердің апостериорлық, тәжірибелік сипатытерістеледі.
Сонымен, әлемнің синергетикалық бейнесі төмендегідей көрінеді:
Болмыс, әлем барлық уақытта қалыптасу, қозғалу, өзгеру және даму үдерістеріндеболады.
Кез келген жүйе қоршаған ортамен зат, энергия және ақпарат арқылы алмаса отырып, өз-өзін ұйымдастыру арқылы өзінің ары қарай күрделенуіне беталады.
Кездейсоқтықтардың жүйе бифуркациясы аймағындағы маңыздырөлі.
Бүтіндік (фрактальдық) қағидасы, яғни жүйенің қалыптасуында оның элементтері емес, бүтіндігі шешуші рөлатқарады.
Қосымшалық қағидасы: жүйенің ары қарай дамуының бірнеше үлгісі болуыкерек.
Бағыттық емес даму тұжырымдамасы жаратылыстанушылық- ғылыми білімдер аясында пайда болып, әлемнің жаңа бейнесінің қалыптасуында үлкен рөл атқарады. Әсіресе оның әлеуметтік- гуманитарлық үдерістерді танып білудегі рөлі ерекше бағалы, өйткені қоғамдық өмір өз-өздерін қалыптастыратын құрылысы күрделі жүйелердің жоғарғы формасына жатады. Бұл сенім ұялатады, яғни әлемнің жаңа бейнесінің әдістемелік қағидаларына сүйеніп, қазіргі заманның көптеген ғаламдық мәселелерін шешуге болады.