Ғылым тарихы және философиясы



бет161/185
Дата27.10.2022
өлшемі1,17 Mb.
#45758
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   185
«популяциялық толқын» (популяцияның құрғақшылықтың, басқа да апаттардың кесірінен күрт азаюы) туралы да жоғарыдағыға ұқсас пікір айтуға болады. Даму үдерісінде олар шешуші рөл атқармағанмен, бәрібір оларға белгілі бір әсері болады.
Оқшау күйге түскен популяция тұқымқуалаушылық дерекпен айырбасқа түспегенмен, алайда өзінің гендер қорын сақтау арқылы ары қарай өмір сүруін жалғастыра алады.
Олай болса, табиғи іріктелу эволюциялық үдерістің басты факто- ры болып табылады. Соның нәтижесінде популяция өмірде сақталады, қоршаған ортаға бейімделеді, жаңа ұрпақтарды дүниеге әкеледі. Бірақ бұл бір мезетте іске асатын үдеріс емес. Табиғи іріктелудің нәтижелері ұрпақтардың елеулі саны өткенде ғана көрінеді.
Сөйтіп, эволюция деп тарихи тұрғыда белгілі бір бағытта организмдердің өзгеруін түсінеміз. Популяцияның қоршаған ортаға бейімделу арқылы өзгеруі микроэволюция деп аталады. Бірақ кез келген эволюция, қайткенде де, өмірдің басқа формаларымен бай- ланысты болғандықтан, оған өз ықпалын тигізбей қоймайды, демек, макроэволюцияға келтіреді.
Қазіргі заманғы биологияның негізгі міндеттерінің бірі – эволю- циялық үдерістерді терең түсіну арқылы оларды болжай білу, керек бағытта белсенді ықпал ету. Бұл міндетті шешуге жас, қарқынды да- мып келе жатқан ғылым – генетика көмектеседі. XX ғасырда биология ғылымы дамуында үшінші сатының пайда болуы сол генетикаға бай- ланысты. Оның негізі себептері төмендегідей:

  • Гендерде кез келген организмнің тұқымқуалаушылық дерегі бар.

  • Гендер барлық уақытта қоршаған ортаның әсерімен өзгерісте болады.

  • Австрия ғалымы Г.Мендельдің тұқымқуалаушылық деректің берілуі механизмдері туралы жаңалық ашуы (соның көмегімен

өсімдіктер мен жануарлардың адамға қажетті бағытта өзгеруі мүмкіндігі туған).
Сонымен, генетика тірі организмдерде болып жататын тұқымқуалаушылық және өзгеру үдерістерін мақсатқа сай меңгеру үшін зерттейді. Генетиканың негізгі ұғымы – ген, ол жасушадағы молекулалық құрылым болып табылады. Химиялық құрамы жағынан ол, негізінен, азот пен фосфордан құралған нуклеиндік қышқылдардан тұрады. Ген жасуша өзегінде орналасқан.
Бүгінгі таңда генетика селекционерлермен бірге алынған жаңа ор- ганизмдерден пайдалысын іріктеп алу, тұқымқуалаушылық деректің берілу механизмдерін жетілдіру мақсатында тиімді будандастыру жол- дарын іздестіріп жатыр.
Азаматтардың денсаулығын сақтау үшін, медицинада генетиканың мүмкіндіктері тұқым қуалайтын аурулармен, қоршаған ортадағы мутагендік жағдаймен күрес жүргізуге бағытталған. Соңғы онжылдықтар ішінде өнеркәсіптің өркендеуі, химиялық жолмен түзілген көптеген жасанды материалдар өндірісі және басқадай фактор- лар қоршаған ортаның адамдардың денсаулығына теріс әсерін тигізіп жатқан мутагендік әлеуетін өршітті. Мысалы, жыл сайын әлемде 75 миллионға жуық нәресте дүниеге келсе, оның 1,5 миллионының гендерінде ауытқушылық байқалады. Бұл факторлардың барлығы генетиканың алдына үлкен міндеттер қояды. Генетиканың дамуы өмір мәнін терең түсінуге, оның жаңа формаларының тууына себеп болмақ.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   185




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет