Ғылым тарихы және философиясы


антроптық қағида. биосаладан ноосалаға көшу мәселелері



бет162/185
Дата27.10.2022
өлшемі1,17 Mb.
#45758
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   185
Байланысты:
Ғылым тарихы және философия (1)

антроптық қағида. биосаладан ноосалаға көшу мәселелері


Өзгеше күрделі құбылыс ретінде өмірдің қоршаған ортаға тигізетін ықпал-әсері көп. Соның нәтижесінде жердің беті өзгерді және біздің планетамыз ғарышта өте әдемі, көгілдір денеге айналды. Жер бетіндегі өмір жансыз материямен өзара әрекетке түсіп, өне бойы өзгерісте және дамуда болатын тұтас жүйені құрды.


Тарихи тұрғыда өмірдің өзгеруі тірі тіршіліктің формалары арасын- да айырмашылықтардың артуына, олардың өзара байланыстарының күрделенуіне келтіреді. Қоршаған ортаға бейімделе, онымен заттек- тер, энергия және ақпараттар алмаса отырып, өмір биогеоценоздар (экожүйелер) туғызады. Мысалы, Оңтүстік Қазақстанның экожүйесінің Солтүстік Қазақстан экожүйесінен айтарлықтай айырмашылығы бар. Биогеоценоздар өсімдіктермен қоректенетін жануарлардан бас-
тап, тамақтың қорытылуына қатысатын микроорганизмдерге дейін, биосаланың кіші үлгілері болып табылады.
Біріге отырып, әртүрлі биогеоценоздар биосала – жер бетіндегі
өмірдің супержүйесін құрайды.
Көрнекті орыс ойшылы А.И.Вернадский биосала түсінігіне жаңаша жарық берді. Егер оның алдындағы ғалымдар биосалаға өмірдің бір-бірлерімен байланысты барлық формаларын жатқызса, ал А.И.Вернадский, одан өзге, биосалаға миллиардтаған жылдар өмір сүруі барысында өмірдің жер бетінде тұрақтап қалған қалдықтарын жатқызды.
Мысалы, мұнай деген не? Ол – миллиардтаған жылдар өмір сүру барысында теңіздер мен мұхиттардың түбінде жинақталған планктондардың қалдықтары. Таскөмір деген не? Бұл – ерте заман- дарда болған, дін аман сақталған бұрынғы ормандардың қалдықтары. Жердің беті өсімдік әлеміне қажетті табиғи заттарға, – олардың өздері алдында болған өмірдің қалдықтары емес пе, – толы. Кез келген орга- низм қоршаған ортадан өзіне қажетті химиялық элементтерді алады, өзі өлгеннен кейін кері қайтарады.
Қазіргі заманғы жаратылыстану коэволюция (бірлесе өзгеру, даму) ұғымын тудырды. коэволюцияның көмегімен әртүрлі организм- дер бір-бірлерімен өзара әрекеттесе отырып, өмірдің жүйелі бірбүтін ретінде дамуына себеп болады. Бұл ұғымның осы заманғы адамзат үшін әдістемелік мағынасын асыра бағалау мүмкін емес. Егер біз өзіміздің ары қарай дамуымызда өмірдің әртүрлі формаларын тұтынуға ғана бағыт алсақ, онда оны құртып тынуымыз әбден мүмкін, ал оның орнына біз бірлесе даму мақсатында жыл сайын экожүйеге көбірек көңіл бөлуге, оның хал-ахуалының жақсаруын қамқорлыққа алуға тиіспіз. Сол жағдайда ғана біз Табиғатпен үйлесімділікке жетеміз және ноосалаға – ақыл-парасатпен игерілетін салаға жол ашылады.
Сөйтіп, өзінің миллиардтаған жылдар бойы дамуы барысында өмір


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   185




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет