Диахрондық талдау – зерттелетін нысананың (нысанның) даму үдерісін бір-бірін ауыстыратын бірқатар кезеңдерге бөлшектеуден және кейіннен оларды белгілі бір белгілері бойынша салыстырудан тұратын таным әдісі.
Дискурс – ауызша сөйлесуден, ауызша тілдік ойыннан, сондай- ақ түйсікпен ойлаудан айырмашылығы – кез келген жазбаша мәтінді (тілдік білімді) білдіретін лингвистика және тіл білімі түсінігі. Нақ осы дискурс, қазіргі заманның бірқатар философтарының (структуралистердің, постструктуралистердің, постмодернистердің) пікірі бойынша, жалпы, философияның, оның ішінде ғылым философиясының (ғылыми дискурс) тікелей және басты нысанасы бо- лып табылады.
евгеника – ізгілікті (шығу тегі бойынша), асыл тұқымды. Адамның генетикалық табиғатын жақсарту туралы ғылым немесе адамның тұқымқуалаушылық саулығын жақсартуды мақсат еткен әлеуметтік қозғалыс.
жаңалық енгізу үдерісі – іргелі ғылымды, қолданбалы зерттеулерді, жобаларды, маркетингті, өнімнің жаңа түрін саралап өндіруді қамтитын жүйелілік немесе жаңа технология құру және қолданудағы, сондай-ақ бұйым жасаудағы соған ұқсас жүйелілік.
идеогенез – ғалым тұлғасының маңызды өлшем-белгілерінің бірі; ол ғалымның оған дейін туған және айтылған ғылыми идеяларды игеріп және бойына сіңіріп, кейіннен дамытатын, оларға жаңаша үн мен түсінік беретін ерекше қасиеттерін сипаттайды. «Идеогенез» са- наты ғылымда мүлдем жаңа, оның алдындағы баламаларсыз идеялар болмайтын жағдайды баса көрсетеді.
идеографиялық әдіс – бұл гуманитарлық білімдердің (неокантиан- дықтар, негізінен, тарихты айтады) әдісі; оның міндеті – жеке-дара құбылыстардағы маңызды қасиеттерді сипаттау (сондықтан ол «да- ралау әдісі» деп те аталады). Маңыздыны сипаттау «құндылықтарға жатқызу» жолымен іске асырылады.
имманентті – әлдебір заттың, құбылыстың табиғатынан шығатын, соған тән ішкі қасиет.
индуктивизм – ғылым философиясындағы ғылыми танымда индукцияның рөлін асыра көрсетуге негізделген эмпириялық парадиг- ма нұсқаларының бірі.