Ғылым тарихы және философиясы


инновация – жаңадан құру, жаңарту немесе жаңалық енгізу дегенді білдіреді. инструментализм



бет177/185
Дата27.10.2022
өлшемі1,17 Mb.
#45758
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   185
Байланысты:
Ғылым тарихы және философия (1)

инновация жаңадан құру, жаңарту немесе жаңалық енгізу дегенді білдіреді.
инструментализм – соған сәйкес көпшілік теориялық түсініктердің, оның ішінде тұтастай ғылыми теориялардың да эмпириялық мазмұны болмайтын және осы мағынасында объективтік әлемнің сипаттамасы бола алмайтын философиялық-әдістемелік тұжырымдама. Сол себепті оларға объективтік шындық немесе жалғандық сипаттамасын қолдану тіпті мүмкін емес. Теориялық білімнің мақсаты мен құндылығы басқада – эмпириялық білімді қалыптастырудың және, бәрінен бұрын, оның логикалық реттілігін құрудың жақсы құралы болуда жатыр.
интерминизм – соған сәйкес себепті байланыстардың болуы не- месе себепті түсіндірменің танымдық құндылығы ғылымда теріске шығарылатын философиялық-ғылыми тұжырымдама. Индетерминизм Табиғаттың ғажап тұтастығы мен дамуын түсіндіру үшін, Табиғаттың өздігінен жетілуін терістейтін, Құдайға жүгінетін діни болуы да, Табиғаттың өздігінен жетілуі идеясынан келіп шығатын табиғи да бо- луы мүмкін.
интернализм – тарих жазудағы және ғылым дамуының теория- сындағы бағыт; соған сәйкес ғылым дамуының басты қозғаушы күшін оған имманентті тұрғыда тән ішкі мақсаттар, құралдар және заңдылықтар құрайды; ғылыми білім өздігінен дамитын жүйе ретінде қаралмауы керек, мазмұны оның болмысының әлеуметтік-мәдени шарттарына, әлеуметтің дамығандығының дәрежесіне, оның әртүрлі қосымша жүйелерінің (экономика, техника, саясат, философия және т.б.) сипатына байланысты емес.
интерсубъективтілік – кең мағынасында өзара әрекеттесетін субъектілер тәжірибесінің ортақтығы және оның нәтижелерінің ортақ маңыздылығы. Интерсубъектілер деп, әдетте, құрылым субъектілеріне тән, өзара түсінушілік және ортақ маңыздылық мүмкіндігін қамтамасыз ететін ортақтық аталады.
когнитивистика – жақында адамның ойлау қабілетін зерттейтін пәндер тобына арналып жасалған атау. Термин ғылымдар бірлестігіне жатады; бұл – бұрын салыстырылмаған: когнитивтік психология, гносеология, лингвистика, компьютерлік ғылымдар, жасанды интел- лект теориясы, математика, нейропсихология сияқты ғылымдардың тәсілдерін қамтитын жалпы термин.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   185




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет