Ғылым тарихы және философиясы


биоэтика – биомедициналық ғылым және іс жүзіндегі денсаулық сақтаудың этикалық-құқықтық мәселелерін зерттейтін білім саласы. бифуркация



бет174/185
Дата27.10.2022
өлшемі1,17 Mb.
#45758
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   185
Байланысты:
Ғылым тарихы және философия (1)

биоэтика – биомедициналық ғылым және іс жүзіндегі денсаулық сақтаудың этикалық-құқықтық мәселелерін зерттейтін білім саласы.
бифуркация – жүйенің эволюциялық режимі орнықтылығының бұзылуы; бір нәрсенің қақ жарылуы, бөлінуі, тармақталуы.
буровщина – ТМД және кейбір еуропалық елдерде таралған жал- пы атау. Ол басқаша ойлаумен және діни плюрализммен этикалық релявитивизм және бойларын шаттық билеген сенімге төзбеушілік тұрғысында кең көлемді күрес жүргізетіндермен біріккен (үлестес) ғалымдарға таңылады. Көбінесе ол сынға алынған нысананы білмеуден шығады, ал надандық қашанда озбырлықты тудырады.
Верификация – дәлелдеу, растау: теориялық (ғылыми) тұжырым- дардан салдарлар шығару болып табылатын, эмпириялық шындықпен тікелей салыстырылатын тексеру амалдары. Егер барлық осындай салдарлар шындыққа сай болса (яғни шынайы болып шықса), онда тұжырым верификацияланған (расталған) деп танылады.
генезис – шығу, пайда болу тегі; дамып жатқан құбылыстың құрылу немесе қалыптасу үдерісі.
гомеостазис – өздігінен реттелетін күрделі жүйелерге тән және рұқсат етілетін шектерде сақтау үшін елеулі маңызы бар өлшемдер жүйесін қолдаудан тұратын серпінді тепе-теңдік тұрпаты.
ғылым – 1) әлем туралы объективтік, жүйелі ұйымдастырылған және негізді білімдерді құрауға бағытталған танымдық қызметтің ерек- ше түрі; 2) ғылыми танымдық қызметтің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін әлеуметтік институт.
ғылым психологиясы ғылым философиясымен, когнитология- мен және ғылымтанумен шекаралас сипаты бар жаңа психлогиялық пәндердің бірі. Оның зерттеу нысанасы жеке ғалымдардың да, ғылыми ұйымдардың да ғылыми қызметін психологиялық әдістермен зерттеу (тестілер, статистикалық, өмірбаяндық және әлеуметтік әдістер) болып табылады.
ғылыми білім деңгейлері – пәні, әдістері, қызметтері бойын- ша ғылыми білімнің әрқилы сапалы, жеке бір ғылыми пән аясында біртұтас жүйеген біріккен түрлері. Кез келген дамыған нақты-ғылыми пәнде ондай үш: эмпириялық, теориялық және метатеориялық деңгейді ажыратуға болады. Олардың бірлігі кез келген ғылыми пән үшін оның
салыстырмалы дербестігін, орнықтылығын және өз негізінде дамуға деген қабілетін қамтамасыз етеді.
ғылымтану – ғылымның жұмыс істеуін, дамуын, ғылыми білімнің құрылымын және серпінін, ғылыми қызметін, ғылымның қоғамның басқа әлеуметтік институттары мен материалдық, рухани салаларымен өзара қарым-қатынастарын зерттейтін пән.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   185




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет