Ғылым тарихы және философиясы


Патристика. А.Августиннің философиясы



бет24/185
Дата27.10.2022
өлшемі1,17 Mb.
#45758
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   185
Байланысты:
Ғылым тарихы және философия (1)

Патристика. А.Августиннің философиясы




Орта ғасырлардың христиандық философиясын екі кезеңге:
патристикаға және схоластикаға бөлу қалыптасқан.
Алғашқы кезеңде христиан ілімінің негізгі қағидаларының шынайылығын философиялық деңгейде негіздеуге тырысқан «христи- ан шіркеуінің әкелері» (pater – лат. – әке) әрекет еткен. Патристикада Құдай идеясы, бір жағынан, даусыз игілік, әділеттілік, құдіреттілік деп қаралса, екінші жағынан, оны танып білудің мүмкін еместігіне сендіру орын алады, өйткені ол осы болмыстан тыс тұр. Бұл әлем жаратылған, сол себепті ол өзінің Жаратушысынан жоғары бола алмайды. Бойын тәкаппарлық билеген антикалық адам осылай орнына қойылады.
Патристиканың терең тамырлары мистикаға кетеді. Әлемді
«ештеңеден» (лат. – ex nigilo) жарату туралы христиандық идея, Құдайдың үштігі және басқалары үйреншікті сананың түсініктері шектерінен ғана емес, теориялық ойлау шектерінен де шығып кетеді.
Патристиканың жарқын да ірі өкілі, кейіннен католиктер шіркеуі
«Ізгілікті» деп атап кеткен Аврелий Августин (354-430) болды. Оның
негізгі еңбектері: «Тәубаға келу», «Академиктерге қарсы», «Құдай қаласы туралы» және басқалары.
Августиннің философиялық көзқарастары алдымен манихейшіліктің ықпалымен қалыптасты, бірақ одан көңілі қалған ол академиктердің, яғни платондықтардың күмәншілдігіне (скептицизм) бет бұрды. Алай- да Амвросий Медиаланскиймен (340-397) – өзіне ықпалы көп болған Милан епископымен танысқаннан кейін және неоплатондықтардың еңбектерін оқыған соң, Августин 387 жылы біртіндеп христиандыққа келді. Бірақ ол христиандықты қабылдап қана қойған жоқ, сонымен қатар ол ілімді белсенді таратушы және сенім үшін күрескер де болды. Кейіннен оның «дінбұзарлардың тоқпағы» деп аталып кетуі кездейсоқ болмаса керек.
Оның философиясында Сенім мәселесі және оның адам ақылымен үйлесім табуы басты орын алады. Сол себепті ол Тертулианның:
«Сенемін, өйткені бұл ақылға сыймайды», – деген қағидасын теріске шығарып, оны: «түсіну үшін сенемін», – дегенге, содан кейін: «сену үшін түсінемін», – дегенге ауыстырған.
Августиннің ойынша, адам өзінің ой-толғаныстарында күмәндануға жол бере алмайды. «Шынайы дін туралы» деген еңбегінде ол:
«Күмәнданатынын санамен түйсінетін адам оны (өзінің күмәнін) әлдебір шындық деп түсінеді», – деп жазды. Бірақ ол кезде Құдай ғана (одан басқа ешкім де емес!) «біздің нұрлануымыздың Әкесі» бола алатынын естен шығармау керек. Адам Құдай идеяларын енжар қабылдауға ғана қабілетті, ал нағыз шындықтарды танып білу – бұл Құдай еркімен нұрланудың жүзеге асуы.
Августин Құдай болмысының үш дәлелін келтіреді. Біріншісі – бізді қоршаған әлемнің мүлтіксіздігі. Оның алуан түрлілігі мен өзгермелілігіне қарамастан, бұл жерде белгілі бір логика, тәртіп, үйлесім орын алады, өйткені әлем – Жаратушыға сілтеме жасайтын- дай бейберекетсіздік емес.
Екіншісі – «consensus gentium» (лат. – ізгілікті келісім): барлық адамдар алдын ала келіспестен-ақ өзінің жан-жүрегінен Құдайды та- бады.
Үшіншісі – игіліктің Жоғарғы Игілікті, демек, Құдайды көрсете- тін әртүрлі баспалдақтары бар.
Құдайдың үштігін қарастыра келе, Августин Ол жаратқан Әлемнің: бірлік, форма және тәртіп деген үш жағы бар деп санайды. Адам бо- йынан біз де ақыл, таным және сүйіспеншілік табамыз.
Адам мәселесін қарастыра келе, Августин оны философиядағы маңызды мәселе санайды. Ол кезде бәрінен бұрын өзінің ішкі әлемін
барлық қарама-қайшылықтарымен қоса ашып көрсете отырып, ба- рынша нақтылыққа қол жеткізеді. «Мен өзім үшін үлкен мәселеге ай- налдым, – дейді ойшыл. – Өзімнің бойымда бардың барлығын бірдей қамти алмаймын». Адамның ішкі қарама-қайшылығы, оның пікірінше, еріктің қисықтығынан келіп шығады. Адамның ақылы білгенмен, еркі таңдайды, яғни соңғы шешімді қабылдайтын сол екен. Бұл жер- де біз адам жамандықты білмегендіктен істейді деп санайтын Сократ- пен салыстырғанда, ойшылдың түбегейлі жаңашылдығын көреміз. Августин бойынша, адам бұның жаман екенін біледі, бірақ оны соған тартып тұрғандықтан да, сол жамандықты істейді. Бұның себебін ол алғашқы күнәдан, адамның менмендігінен көреді.
Таным мәселелерін А.Августин келесідей жолмен шешеді: таным сезінуден басталады. Адамды қоршаған дүние біздің сезімдерімізге әсер етеді, ал жанымыз оларды белгілі бір тәртіпке келтіреді. Алайда тәннің сезімдік әлемі өне бойы өзгерісте болса, ал ол кезде ой тұрақты болады. Заттарды көру үшін, Күннің жарығы қажет. Соған ұқсас, шындыққа жету үшін, ерекше жарық – Құдай идеясы қажет. Онда үш бастау бар: 1. заттардың бар болуы. 2. Олардың адамға ашықтығы.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   185




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет