Ғылым тарихы және философиясы



бет23/185
Дата27.10.2022
өлшемі1,17 Mb.
#45758
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   185
Антропоцентризм (грекше antropos – адам, centrum – лат. – орталық). Антикалық философияда егер Әлем – макроғарыш бол- са, онда адам – микроғарыш. Адам қаншалықты жоғары қойылса да, ол макроғарыш шектерінен асып шыға алмайды. Енді адамның орталық, ештеңемен салыстырылмайтын рөлі орнығады, өйткені оны Өзіне ұқсатып Құдай жаратқан, оның міндеті – жаратылған Әлемнің билеушісі болу. Бұл оған ерекше жауапкершілік жүктейді: ол қашанда жанының тазалығын сақтауға тиіс.
Адамның Құдай еркіне бағынуы. Егер ертедегі гректер Таби- ғаттың (фюзистің) мәңгілік заңдарын мойындаса, ал оларға адамдар ғана емес, Құдайлар да бағынуға тиіс болса, енді адамдар тек Құдайдан түскен заңдарға бағынуға тиіс. Құдай Еркіне бағынбаудан асқан күнә жоқ.
Рухани сенімнің пайда болуы. Егер ертедегі гректер сенімді сезімдік таныммен байланыстырса, ол қашанда алдамшы, сол себепті олар ақылмен тануға көп көңіл бөлетін, ал қазір ғылымның рөлін шектеу орын алған, өйткені оның ар жағында Құдай берген ашылуға (аянға) сену тұр. Адамның рухани мәні ғана танылады. Егер ертедегі адамдар адамды тән және жан деп ұқса, ал қазір адам үшінші бір өлшем иеленіп, тән – жан – рухқа айналады.
Сүйіспеншілік – адамға Құдай берген сый. Ертеде тіпті
«платондық сүйіспеншілік» негізінде Эрос – сезімдік, тәндік жыныстық махаббат жатты. Ал енді Эростың орнына агапэ – Құдайдың сыйға тартатын риясыз рухани сүйіспеншілігі пайда болады.
Адамзат тарихының жаңа мағынасы. Ертедегі гректер адам- зат тарихын кезең-кезеңмен оттан пайда болатын, қайтадан туу үшін әлемдік өртте құритын Ғалам тарихымен байланысты деп есептеген.
Тарихтың жаңа философиясы өзінің ақырына – Құдай сотына және Құдай патшалығының орнауына келе жатқан әлемдік тарихтың кері айналмайтындығына сендіреді.
Әлемге деген жаңа көзқарастың қалыптасуына неоплатонизм өкілдері (Плотин, Ямвлих, Прокл) өз үлестерін қосты. Олар ал- дарына әлем идеяларының үлгілері бойынша материядан табиғат денесін «құрастырған», идеялар мен заттар әлемі бір-бірімен грек мифологиясының Құдай-ұстасы Демиургтің көмегімен байланысқан Платон философиясының осал жерлерін бекітуді мақсат етіп қойды. Эманация (emanation – лат. – ағу, кемерінен асу, тасу) ұстанымын енгізе отырып, олар платонизм ұстанымын күшейтіп, бір мезгілде оны христиандықпен жақындастыра алды. Иерархияланған Әлемнің шыңына жеткен «Бірбүтін» өзінің жан-жақты жетілгендігі мен толыққандығына орай, кемерінен аса бастағаны себепті Әлемдік Ақылды (грекше nous – ақыл), ал ол, өз кезегінде, Әлемдік Жанды (грекше psyche – жан) тудырды. Асып-тасып бара жатқан соңғы Ай астындағы Әлемімізде заттарға мағына, құндылық пен әсемдік бере отырып, Өмірді дүниеге әкеледі. Содан кейін христиан шіркеуінің әкелеріне Бірбүтінді енді Әлемді жаратушы Құдай деп ұғыну қиын болған жоқ.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   185




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет