Ғылым тарихы және философиясы


теориялық ғылымдар практикалық ғылымдар



бет20/185
Дата27.10.2022
өлшемі1,17 Mb.
#45758
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   185

теориялық ғылымдар практикалық ғылымдар





Диалектика

Физика

Этика

Аналитика

Психология

Саясат

Метафизика

Математика

Риторика

Пиитика







Ғылымдардың Аристотель жүргізген жіктемесі ғылым өркендеуінің келесі ғасырлардағы жолын ұзақ уақытқа айқындап берді. Әлем тарихының келесі ғасырларының ғылымға қандай жаңалықтар енгізгенін алдыда қарастыратын боламыз.


Ал қазір, тым болмағанда, тағы үш: Евклид (математик), Архимед және Птолемей атты ұлы тұлғаға қысқаша тоқталып өткеніміз дұрыс шығар.
Евклид (б.з.д. III ғасыр) Сократтың шын берілген ізбасары бол- ды. Оның басты еңбегі «Бастау» 15 кітаптан тұрады. Онда антикалық математиканың, қарапайым геометрияның, сандар теориясының және басқаларының негіздері берілген. Ол антика астрономы, оптик, музыка теоретигі ретінде де танымал.
Жүйеленуі «Бастауларда» іске асырылған геометрия кейіннен
«евклид геометриясы» деген атқа ие болды. Оның пайда болуы бізді қоршаған әлемді көрнекі түрде көзге елестетуімізге (мысалы, тура сызықтар – тартылған жіп деген сияқты) байланысты.
«Бастаулар» – ол ең бір ұзақ ғұмырлы оқулық, сол бойынша бүгінгі күні де, мысалы, планиметрия (геометрияның жалпақ денелерді зерттейтін тарауы) негіздері оқытылады. Планиметрияның ертедегі грек өркениетінің ең басты математикалық жетістігі екенін айтқан жөн.
«Бастауларда» негізгі міндет – оның анықтамасынан бастап, тұтас математикалық универсум (бұл жерде: бүтіндік. – Аудармашы) сипат- талады. Ол үшін Евклид аса маңызды жиырма үш анықтаманы: нүкте, сызық, параллель, тура сызықтар және басқаларын тізіп шығады. Кіріспе тарауын аяқтай келе, Евклид оның геометриясының негізі ретінде қабылдануға тиіс, бірақ дәлелдене алмайтын бес тұжырымды немесе жалпы түсінікті атап көрсетеді. Мысалы, бір нәрсеге тең болғандар өзара да тең болады және т.б.
«Бастаулардың» алғашқы төрт кітабы: нүктелер, тура сызықтар, ау- дандар, сондай-ақ турасызықты және дөңгелек денелер геометриясына арналған.
Бесінші және алтыншы кітабы қатынастар мен пропорцияларға, яғни бір ғасыр бұрын математик Евдокс зерттеген мәселелерге арналған.
Жетінші, сегізінші және тоғызыншы кітаптары арифметика мен сандарға қатысты.
Он бірінші, он екінші және он үшінші кітаптары стереометрияға (кеңістікті денелерді зерттейтін қарапайым геометрия тарауына) арналған.
Тұтастай алып айтар болсақ, Евклидтің «Бастауларда» баяндалған басты идеяларын былайша көрсетуге болады:

  1. Математикаға деген қатаң жүйеленген көзқарас барлық ұсыныстардың бар уәждері мен дәлелдемелерін біркелкі әдістеме көмегімен құруды талап етеді.

  2. Барлық математикалық мөлшерлер (шамалар) геометриялық фигуралар: сызықтар, аудандар немесе қомақты денелер көмегімен көрсетілуге тиіс.

  3. Физикалық құбылыстарды математикалық формулаларды пай- далану арқылы бейнелеуге болады.

  4. Кеңістік бөлінгіштігі бойынша емес, ұзындығы бойынша шексіз созылып жатыр (қараңыз: Великие мыслители Запада. – М.: Крон- пресс. 1998. – 58-62-беттер).

Евклид басқа да кітаптар жазған. Олардың ішіндегі аса танымал болғаны – көру және болашақ (перспектива) мәселесінен арналған
«Оптика» кітабы.
Бірақ антика заманының ең атақты математигі архимед (б.з.д. 287- 212 жылдар шамасы) болып табылады. Бір аңызды айта кетейік: пат- ша Гиерон II құдайларға арнау ретінде алтын тәж жасамақ болады.
Ол үшін патша зергерге біршама алтын береді. Тәж дайын болғанда, патша алтынның бір бөлігін басқа бір арзандау металмен ауыстырып қойған шығар дегендей, зергерге күдік келтіреді. Шебер кәззаптық жасамағанына ант-су ішкен соң, патша бәрін анықтауды Архимедке тапсырады. Бұл мәселеге көп уақыт басын қатырған ол бірде ванна- да жуынып жатып, оған терең бойлаған сайын, судың көбірек асып төгілетінін байқайды. Басына келген шешімге қуанғаны соншалық, ол: «Эврика! Эврика!» («Таптым! Таптым!») – деп айғайлаған бойы далаға жүгіріп шығады. Содан кейін ол тәждің салмағындай алтын кесегін тауып алып, оны су толтырылған ыдысқа батырады да, қанша судың арнасынан асып төгілгенін белгілеп алады. Тәжді де солай тексереді. Бұл жолы су көбірек төгіледі. Сөйтіп, ол тәждің таза алтын- нан жасалмағанын анықтайды, өйткені алтын кесегінің салмағындай болғанмен, оның көлемі үлкендеу еді, демек, құрамында жеңіл металдың қоспасы бар.
Бұл Архимедтің өзі ашқан жаңалықтарының бірі болды: әртүрлі материалдардың өздеріне тән салмақ күштері бар.
«Тұйық бет және цилиндр туралы» деген трактатында Архимед өзіне тән екі әдісті: көбінесе түгесу (тауысу) әдісі деп аталатын үйлесімдік әдісін және фигуралардың аудандары мен көлемдерін табуға мүмкіндік беретін қисынсыздыққа келтіру (reduction ad absurdum) әдісін ұсынды. Бұл мәселеге ол «Шеңбер өлшемі туралы» деген еңбегін де арнаған.
Статика мен гидростатика «Жазықтықтардың тепе-теңдігі туралы»,
«Жүзіп жүретін денелер туралы», «Механикалық теоремалар туралы» еңбектерінде көрініс тапса, «Құм қиыршықтарын санау» трактаты арифметикалық әдістерге арналған.
Архимед еңбектерінің осы қысқа тізбесінің өзі-ақ оның антика әлемінде қандай алып болғанын көрсетеді. Бір таңғаларлығы, оның математикалық еңбектері антика заманында аса танылмады. Әртүрлі механизмдерді ойлап тапқаны – оны үлкен даңққа бөледі. Біздің заманымыздың IX-X ғасырларында оның еңбектері араб тіліне, ал XII ғасырда араб тілінен латын тіліне аударылды.
Антика дәуірінің ең атақты астрономы клавдий птоломей (б.з. 100-175 жылдары шамасы) болды. Ол әлемнің аристотельдік суретінің әлемнің ғылыми суретіне айналуын аяқтап шықты. Өз тұжырымдамасын ол көбінесе «Альмагест» деген арабтандырылған атауымен таныс болған «Мегале синтаксис» («Ұлы құрылыс») деген трактатында баяндаған. Ұзақ бір жарым ғасырға созылған әлемнің бұл суретінің (оны, әрине, Аристотель-Птоломейдің әлемді философиялық-
ғылыми суреттеуі деп атау дұрысырақ болар еді) келесі ғылымдар, философия, дін үшін талассыз болғаны анық.
Қазіргі заманғы американдық ғалым Роберт Р.Ньютонның «Клавдий Птоломейдің қылмыстары» (орыс тілінде 1985 жылы шықты) деген мо- нографиясына соқпай өтуге болмайды. «Синтаксисті» егжей-тегжейлі талдап алып, ол Птоломей негіздеген барлық бақылаулардың жалған екендігі туралы қорытындыға келеді. Өзге астрономдарға телініп жүрген басқа да көптеген бақылаулар өтірік болып шығады. Автордың пікірінше, жазылған кез келген басқа жұмыстарға қарағанда, «Синтак- сис» астрономияға артық зиян келтірген, өйткені қағидаландырылған бұл «теория» геоцентризмді жеңу жолындағы ең бір қуатты тежегіш болды, ол Коперниктің гелиоорталық жүйесін әзірлеуін қиындатты.
Бірақ, бір қызығы, Птоломей «Төрткітап» деген кітап жазып, онда жалған ғылымды (астрологияны) жүйеге келтірген. Сол уақытта оның орасан зор маңызы болды, ал бүгінгі күні де оны көпшілік адамдар қорғауға бейім, ал астрологтарды алсақ, олар – ғалымдар тарапынан қатаң сынға ұшырағанына қарамастан, ең бір танымал тұлғалар.
Сөз жоқ, біздің заманымыз тұрғысынан алғанда, Птоломей мұрасының көпшілігі ақылға қонымсыз көрінеді, бірақ бұл, біздің көзқарасымыз бойынша, оның ғылым үшін істегендерін, әсіресе оның тәжірибелік әдістерін және Қайта өрлеу дәуірі мен кейінгі дәуірлердің тәжірибелік ғылымы үшін үлгі болған деректерді кестелеп ұйымдастыруын ешбір кемсіте алмайды. Ғалымның беделі 14 ғасыр бойы дау тудырған жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   185




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет