Ғылым тарихы және философиясы



бет5/185
Дата27.10.2022
өлшемі1,17 Mb.
#45758
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   185

Ғылым және дін


Осыдан аз уақыт қана бұрындары біз дін мен ғылым «мәндері және әлеуметтік рөлдері бойынша бір-біріне қарама-қайшы», бұлар қоғамдық сананың бір-бірімен мүлдем үйлеспейтін екі бөлек формала- ры деп сеніп келдік. Олар – антиподтар, яғни көзқарастары, талғамдары, қасиеттері бір-біріне кереғар. Дін – ғылымның жауы. Ғылыми білімдер діни сенім-нанымдармен үйлеспейді т.с.с. Алайда сол кезде: көптеген ұлы ғалымдар дінге сенушілер болды және қазірде сенушілер болып отыр, сонда олар ғылым мен дінді қалайша қатар алып жүре алды де- ген сұрақтар туды.


Қарама-қайшылықтар туралы ойлана келе, адамның санасына ену мүмкін болатындай, бір немесе басқа ғалымның пікір-сенімдерінде діни көзқарас басым ба, әлде ғылыми түсінік басым ба дегенді
«салмақтай» отырып, бұндай «тығырыққа тірелген» жағдайдан шығудың амалдары қарастырылды. Көп жағдайларда адамның өзі де оның бойында ненің басым екені туралы сұраққа жауап бере алмайды емес пе.
Орыс философы Н.А.Бердяев (1874-1948), мысалы, шығармашылық белсенділіктің шыңына тек қана трансценденттік, яғни «адамнан жоғары тұрған нәрсеге» көтеріле отырып, тәжірибе мүмкіндігінің шегінен шығу арқылы жетуге болады деп санайды. Ал адамнан жоғары тұратын – тек Құдай ғана!
Философияның мақсатын тығырықтан шығатын жолды іздеуден көретін немесе оның өзі әзілмен айтқандай, «шыбынға тордан
шығатын жолды көрсетуден» көре білген австриялық философ Л.Витгенштейн (1889-1951): «Егер біз Мәсіх туралы ештеңе естімесек, біздің сезімдеріміз қандай болар еді?» – деп сұрақ қояды.
Ал британдық ғалым, әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты, бірқатар философиялық еңбектердің авторы Б.Рассел (1872- 1970): «...Әлдебір құдайға, – тіпті ол буалдырланып немесе сұйылып кеткен болса да, – сенуге болатын негіз көріп тұрған жоқпын. Ескі метафизикалық дәлелдерді мен ысырып қоямын...» – деп жазған (Рас- сел Б. Внесла ли религия полезный вклад в цивилизацию? «Почему я не христианин?» кітабында. – М., 1987. 120-бет).
Демек, сұрақ мүлдем басқа тұрғыдан қойылып, басқаша шешілуге тиіс: француз ағартушылары мен марксшілдер пайымдаған және қазіргі заманғы атеистер ұғынатын мағынада алсақ, ғылым мен діннің бір-бірін жоққа шығармауы мүмкін ғой? Әлде олардың әрқайсысының өз «қызмет саласы» бар ма, дәл сол ғана жалпыадамзаттық өрлеудің себепшісі шығар?
Әрине, шіркеу мен ғылымның арасында дін атын жамылып, Ақиқатқа үстемдік ету құқын иеленуге әрекеттенген қақтығыстардың аз болмағаны тарихтан аян.
Өздерінің даму сатысына қарай жан-жаққа тармақталған және мықты құрылымға айналған, тіпті «ғаламдық» шіркеулер дәрежесіне дейін көтерілген діни ұйымдар басқаша ойлайтындарды, күмәнданушыларды, наразы адамдарды қуғын-сүргінге ұшыратқанын да жоққа шығаруға болмас. Шіркеу «тазалығын» қызғыштай қорғаушылар ондай кезде түрмеге жауып, жер айдау, күпірлерді жа- залау, шіркеу беделіне нұқсан келтіретін немесе келтіруі мүмкін адам- дарды жаппай қудалау сияқты биліктің жер бетіндегі толықтай зайыр- лы шараларын қолданды. Оған қоса, діннен безгендерді жазалаудың және толқып жүргендерді қорқытудың тікелей діни шаралары жеке- леген адамдарға да, бағынбайтын қалалар мен провинцияларға, тіпті тұтас мемлекеттерге де елден аластау, лағынеттеп діннен қуу және салттарды орындауға тыйым салу түрінде қолданылды.
Гётенің кейіпкері Фауст та өзінің шәкірті Вагнерге:

  • Білу дейсің! Тағдыры не білудің, Жан аямай адал өмір сүрудің?

Танығанын, білгенін, Көкірегіне түйгенін
Ақтарғандар бұқарадан жасырмай, Қалды ма екен дарға бірі асылмай? Дем алайық, тынық, кәне, досым, сен,
Әңгімені доғарайық осымен, – деген-ді (Гёте. 10 томдық шығ. жинағы. 2-том. Қазақ тіліне аударған – Құрманов Медеубай. – Алматы,
«Жазушы» баспасы, 1969 ж.).
Діннің бәрінен бұрын жаңа білімдерге, әсіресе қоғамды жаңарту үшін әртүрлі қозғалыстар тудырған білімдерге белсенді қарсылық көрсетіп келгенін жоққа шығаруға болмас, өйткені кез келген жаңашылдық ортодоксальдық1 теологияның (дін ілімінің) беделін түсіріп, зиян келтірді және әлі де зияндық жасап келе жатыр, ал білім тек қоршаған әлемге ғана емес, сонымен қатар көптеген діни қасаң қағидаларға да сыни көзқарасын дамыта түседі.
Иә, осының бәрі болған!
Бірақ дін барлық жаңа нәрселерді тұншықтырушы ғана болып қойған жоқ қой. Ол, орыс философы Владимир Соловьевтің (1853-1900) сөзімен айтқанда, адамзатты «бүлікші материалдық бейберекеттіктің (хаос2) ту-талақай еткенінен» қорғап қалуға әрекет етті. Ол әлемге жа- ратылыстану ғылымдары саласындағы діни-философиялық ізденістері мен жаңалықтары адам даналығының асыл қазынасына енген ұлы ой- шылдарды берді.
Алайда «дін мен ғылым» мәселесі қашанда орын алады. Ал ол мәселе әсіресе XVIII-XIX ғасырларда ғылым діни қасаң қағидалардың шынайылығын тексеруге әрекет етіп көргендей кезде пайда болды. Осының барлығы ғылымның теологиямен ашық күреске шығуына ұласты. Бірақ XVIII ғасырдың соңында-ақ ұлы неміс философы Им- мануил Кант (1724-1804) «Ақыл-ой аясындағы ғана дін» деп аталатын еңбегінде ғылым деректері арқылы дін оқуының негізгі қағидаларын растауға да, жоққа шығаруға да болмайтынын, өйткені олардың адамның неге бола және не үшін өмір сүретіні туралы мәселелерді қамтитынын жазған-ды. Кейінірек, XIX ғасырдың аяғында соған жақын келетін ойды Л.Н.Толстой да айтқан. Оның ойынша, бұл ғылымдардың діни білімдермен еш ортақтығы жоқ.
Теологиямен күресте ғылым ақырында дербестікке қол жеткізді, діни сенім мен ғылыми таным салаларының межеленуі орын алды. Теология болмыс мәнінің мәңгілік мәселелерін және адам өмірінің мақсаттарын, яғни философия саласындағы тәжірибеге ғана негізделген (эмпириялық) білімдер шектерінен тыс рухани мәселелерді өзіне қалдырды да, ал әлемнің қалай құрылғанын зерттеуді бүтіндей ғылымға берді.

1 Ортодоксальдық – алған бағыттан, ұстанған қағидадан танбайтын деген мағынада.

  1. Хаос – грек мифологиясында дүние жаратылыстан бұрын бұлдыр тұман, түпсіз тұңғиық болған деген ұғым.

Ал бүгінгі таңда ғылыми және діни білімдердің бір-бірімен қиыс- пайтыны, олардың әртүрлі салаларға жататыны және, негізінен, дербес бағыттағы мәселелерді шешетіні туралы айтқанымыз дұрыс болар.
Бұл, әлбетте, енді қақтығыстар жоқ дегенді білдірмесе керек. Дүние, оның пайда болуы (әлемнің діни және ғылыми көрінісі) ту- ралы көзқарастар өне бойы сәйкес келе бермейді, ғылымның барлық жетістіктерін (мысалы, адамды клондау, сәбиді жасанды жолмен ұрықтандырып дүниеге әкелу және т.б.) шіркеу «алақайлап» қабылдай бермейді, бірақ бұның бәрі енді пікірталастар аясынан аспайды.
Оның үстіне, бүгінгі күні ірі ғалымдар ғылымға еңбектерін арнай- ды, діни журналдар мен теле-радио бағдарламаларында арнайы ма- териалдар беріледі, діни қауымдастық өз уағыздарында ғылымның жетістіктеріне сілтеме жасайды. Сіз еш жерде ғылымға қарсы айтылған жаман сөз оқымайсыз және естімейсіз. Керісінше, оның жетістіктері дін ілімінің қазіргі заманғы түсіндірілуінде барынша кең пайдаланы- лады.
Теологияда (дін ілімінде) және сонымен жапсарлас діни философия- да әртүрлі бағыттар мен мектептердің бірлесе қызмет ететіні және бір- бірімен бәсекелесіп те қалатыны бар. Кей жағдайда діни дүниетаным қарсыластарымен ғана емес, басқадай конфессиялар аясында әрекет ететін бәсекелестермен немесе культ (табыну, құлдық ұру) және діни тәжірибеге қатысты кейбір сұрақтар бойынша басқадай көзқарастарды ұстанатындармен аяусыз, бітіспес күрес жүріп жатады.
Бірақ еркін ойлаушылық пен материализммен күрестің басқа конфессиялардың идеологиялық ұстанымдарын сынаумен қатар жүріп отыратыны – барлық діни бағыттарға тән нәрсе.
Кез келген дін қашанда діни күйзелістер мен сезімдерге ғана емес, өмірлік ұстаным мен құндылық бағдарларға да қосымша күш беріп, дүниетанымдық жаңа тіреу болуға, ең маңызды сұрақтарға жауап бе- руге тырысып келді және әлі де солай.
Уақыт пен дәуір өзгереді, діни наным түрлері де өзгереді. Тамаша орыс ғалымы, тағдыр тәлкегімен американдық әлеуметтанушы болған Питирим Сорокин (1889-1968) айтқандай, «біз «алғашқы адамның» діни нанымының мағынасыз сандырақ екеніне таңданамыз». Болашақ ұрпақтар көп жағдайда біздің наным-сеніміміздің қолапайсыздығына таңданатын болады. Білімдер толысып жатқанмен, наным-сенім ауысып-көшетін құбылыстар саласы шексіз болғандықтан, оларды түп-тамырымен жоятын шексіз уақыт қажет» (Дін және қоғам бойын- ша дәйексөз. – М.: 1996. – 265-бет).
Сол қалпында өзгеріссіз қалатын басты нәрселер – діни күйзелістер, сезімдер, құндылық бағдарлары. Өткен замандардың көптеген ойшыл- дары ойлағандай, ғылым жетістіктері оларды бұза алмайды, керісінше, көп жағдайда нығайта түседі, өйткені жаңа дүниетанымдық «күш қосу» діни түсіндірмелер арқылы беріледі. Теологияның дүниенің қазіргі заманғы бейнесін дұрыс түсінуге себепші болатынына шүбәлану – айқын нәрсеге көз жұму деген болып шығады. Мысалы, қазіргі дін ілімі: әлемде болып жатқан оқиғаларға және мемлекетке қарым- қатынас туралы, соғыс қаупі мен халықаралық терроризмді болдыр- мау жолдары жайында, адамның мінез-құлқы немесе әрекетіндегі еңбек пен білімнің маңызы жөнінде, әртүрлі ұлттар арасындағы өзара қарым-қатынас және басқа да көпқырлы мәселелер бойынша өмірдің өзі жаңаша қойған сұрақтарына немқұрайдылықпен қарай ала ма? Сөз жоқ, олай етпейді!
Ғылым да, өз кезегінде, дәл осы мәселелердің шешімін қарастырады.
Бірақ оларды өзінше, өз әдістерімен шешеді.
Сол себепті ғылым да, дін де адамзат өркениетінің әлемдік мұхитына өзінің тіршілік нәрі – суын беретін үлкен екі өзен сияқты көрінеді.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   185




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет