Ғылым тарихы және философиясы


Осы, бір қарағанда, мүлдем кереғар үрдістердің негізінде біздің сана- мызда



бет93/185
Дата27.10.2022
өлшемі1,17 Mb.
#45758
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   185
Байланысты:
Ғылым тарихы және философия (1)

Осы, бір қарағанда, мүлдем кереғар үрдістердің негізінде біздің сана- мызда қалыптасып қалған: «Маркстің теориясында келешек қоғамның егжей-тегжейлі зерттеліп әзірленген тұтас тұжырымдамасы бар» болғаны туралы мифке құрылған көзқарас жатқанын дәлелдеуге бола- ды. Ол кезде үш маңызды нәрсе, әйтеуір, «ұмытылып қалады».
Біріншіден, социализмнің бізде болған тұжырымдамасының негізгі бөлігін құрған тіпті де марксизмнің негізін салушылар емес, демек, Маркс те, Энгельс те оның түбегейлі жасалуы үшін жауапкершілік көтермейді.
Марксистік теорияның мазмұнына деген осындай қасаң қағидалы көзқарас себептерінің ішінен марксизмнің пайда болуы мен дамуының тарихи түйінінің жеткілікті дәрежеде есепке алынбағанын атап көрсетуге болады. Кейбір жұмыстардың авторлары Маркс пен Энгельстің әртүрлі тарихи кезеңдерге жататын еңбектерінен алып, ондағы ойлардың қандай жағдайларда туғанын, кімдерге бағытталғанын, кейіннен әлдебір авторлардың қандай түзетулер жасағанын ескерместен, жапа-тармағай дәйексөздер қолданып жата- ды. Бүгінгі таңда біздің өте-мөте қазіргі заманғы шындықтарымыз бен көзқарастарымыз XIX ғасырдың нақты шындықтарымен астасып (кескінделіп) жатады, дегенмен ғылымда бұл тәсіл қашанда тыйым салынған болып саналады.
Маркс пен Энгельсті, мысалы, Пруссия реакциясында немесе бона- партизмге қарсы күресте демократиялық еркіндіктердің жалпыадамдық
маңызын жете бағаламады және қоғамдық өзгерістердің озбырлық жолдарын ұсынды деп кінәлау мүлдем дұрыс емес. Әйтпесе осылай- ша оларды XIX ғасырдың ортасындағы ғаламдық экологиялық және ол уақытта әлі бола қоймаған басқа да мәселелерді жете бағаламады деп күстаналауға болушы еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   185




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет