талдай келе, Энгельс те, Маркс сияқты, капиталистік қоғамдық қатынастардың соншалықты қатыгез, қарапайым адамдардың өмір сүру жағдайларының аянышты екенін, ал оларды қанаудың адам төзгісіз деңгейін өкінішпен баяндайды. Осының бәрін ол «Англиядағы жұмысшы таптың жағдайы» деген жұмысында нақты фактілер келтіре отырып керемет көрсетіп, сол арқылы өз заманындағы қоғамдық пікірге үлкен ықпал етеді. Ол мұндай жағдай мәңгі болмайтыны- на, оның осы қоғамның қоғамдық қарама-қайшылықтарын жеңу нәтижесінде өзгеруге тиіс екенінесенді. Егер Гегель диалектикалық өзгерістердің себебін қоғамдағы ұлттардың іс-әрекетінен көрсе, Маркс оны әлеуметтік таптардың іс-әрекеттерінен көрді. Өз заманының көпшілік ойшылдары сияқты, ол да адам қоғамының жарқын болашағына сенді және басқаларға қарағанда, осы жарқын болашаққа жеткізетін күш – тек жұмысшы табы ғана болып табылады депсанады. Маркс пен Энгельс пролетариаттың бұл міндетін қалай негіздеді? Бәрінен бұрын, пролетариаттың қоғамға қажетті барлық негізгі материалдық игіліктерді өндіретіні туралы тезис арқылы. Оның үстіне, пролетариат қоғамның ең үлкен әлеуметтік тобын құрайды ғой. Сондай-ақ ол меншіктің ешқандай түрімен байланыспаған, сол себепті әділ қоғамның орнауына мүдделі. Егер мыңжылдықтар бойы адамзаттың өркениетті дамуы аясында шағын шығармашылық әлеуметтік топ – зиялы топ, яғни интеллигенцияның рөлі жетекші деп жорамалданып келсе, енді жұмысшы табын қоғамның жетекші күші деп тану – сол кездегі қоғам үшін тосын және естен тандыратындайболды. Жұмысшы табының жетекшілік рөлін мойындаудан оның диктатурасы идея-сына дейін бір-ақ адым қалған-ды. Бұл тұрғыда Маркстің замандасы – орыс ойшылы, сенімдері бойынша анархист М.А.Бакуниннің көрегендігін мойындаған жөн: ол пролетариат диктатурасының қантөгіс тоталитарлыққа жеткізетінінайтқан. Бірақ бұл қоғамдық қатынастар дамуының белгілі бір кезеңі іспетті социализмнің маңызын еш кемсітпесе керек: оған қазіргі заманғы дамыған қоғамдардағы әлеуметтік бағдарламалардың шешімдері нақты дәлел бола алады. Сөздің кең мағынасында социализм адамдар арасындағы айырмашылықтар сақталған кездегі қоғамның әлеуметтігі болып табылады. коммунизм идеяларына келсек, онда бұл жерде, даужоқ,белгілібіріскеаспайтынқиял–утопизморыналады. Марксизмнің таным теориясы да әлемді диалектикалық- материалистік түсінуге негізделген. Маркске дейінгі материалистер адамның қоршаған дүниені танып білуін оның сезімдік пайымда- уы деп түсіндірді. Қоршаған әлемдегі заттар адамның сезіміне әсер етеді және сол заттарды тек қабылдайды, ал белсенділік сыртқы дүние заттарының өздеріне берілген. Маркс бойынша, кез келген та- ным субъект (адам) пен объектінің (адамның танымдық әрекеттері бағытталған заттар, құбылыстар) өзара іс-әрекеттерін білдіреді. Адам назарынан және іс-әрекетінен тыс жатқан заттар мен құбылыстар тек Табиғаттың шикі материалы болып табылады. Міне, сондықтан адамның ойлауының негізі – Табиғат қана емес, сонымен қатар адамның іс-әрекеті арқылы оны өзгерту қажеттігі. Ал осы өзгерту барысында ойлау дамиды, демек, адамның қоршаған дүниені танып білуі орын алады. Сөйтіп, адамның белсенділігі нәтижесінде ғана табиғат заты танылады және адамдардың қажеттіліктерін өтеу үшін өзгерістерге ұшырайды. Әлемді нақты танып білу – оны адамның игеруі болыптабылады.