Екіншіден, қазіргі заманның көптеген авторлары Маркстің ілімін барлық социалистік ойдың дамуы үдерісінен тыс қараудың жаман дәстүрімен жүретіні сын көтермейді. Мысалы, онда демократия мәселесі маңызды орын алған. Бірақ еуропалық тарихтың әр кезеңінде ол бір немесе басқа елдің нақты жағдайларына, өмір сүрген уақытына, ұлттық және мемлекеттік дәстүрлеріне байланысты мейлінше нақты қабылданатын. Маркс пен Энгельстің демократияға қатынасы да соған сәйкес қалыптасқан. Үшіншіден, Маркстің де, Энгельстің де ешқашан библиялық апос- толдар рөліне ынтықпағанын есте ұстаған жөн. Оның үстіне, олардың өздері әлеуметтік теорияға соған ұқсас көзқарас болғанын қаламаған. 1881 жылы, яғни қайтыс боларынан екі жыл бұрын, Маркс Фердинанд Ньювенгейске жолдаған хатында: «Болашақ революция әрекеттерінің бағдарламасына алдын ала теориялау, сөзсіз фантастикалық тұрғыда масаттану – біздің назарымызды бүгінгі күнгі күрестен басқа жаққа ау- даруғанаболыпшығады»,–депжазды.Алсоданкейінонжылөткенде, Энгельс француздардың «Фигаро» газетіне берген сұхбатында: «Біз тұрақты, үздіксіз даму жағындамыз... және біздің адамзатқа қандай да бір түпкілікті заңдарды телитін ниетіміз жоқ. Болашақ қоғамды ұйымдастырудың егжей-тегжейіне қатысты алдын ала дайын пікірлер дейсіз бе? Сіз біздің тарапымыздан тіпті ешбір ишара да таппайсыз», –деген-ді. Ал, ақыр соңында, бүгінгі күні марксизммен күрескісі келетіндерге арнағандай: «Біз үшін түбегейлі шешімдер мен мәңгі шындықтарды талап ету – кез келген мағынасын үзілді-кесілді жоғалтқан; біз білімдеріміздің қажеттілігі бойынша шектеулі және оларға қол жеткізудің жағдайларына байланысты екенін ешқашанда ұмытпай- мыз», – дегендіайтқан. «Марксизмді түсіндірушілер Марксті өзгертіп жіберді» және ал- дында Аристотель мен оның шәкірттерін құтқарғандай, «оны марк- систерден құтқаруға тура келді» деп санайтындармен келіспеуге бол- майды. Алғашқылардың бірі болып бұл туралы ашық жариялаған Карл Поппер еді. Маркстің өзі де қайтыс боларынан аз уақыт бұрын