Бүгінгі күні марксизм туралы кімде-кім не жазса да, не айтса да, ол – ерікті немесе еріксіз, ашық немесе жасырын түрде бір ғана:
«Өзін социалистік деп жариялаған біздің қоғамымыздың мүлдем біз қалағандай болып шықпағанына Маркс кінәлі ме?» – деген сұраққа жауап беруге тырысады.
Алғашқы жауап төмендегідей сипатта: Маркс те, Энгельс те, Ле- нин де бұрынғы КСРО мен социалистік бағыт ұстаған басқа да елдер- де орын алған өзгерістерге кінәлі емес. Аталған өзгерістер – Сталин мен оның ізбасарларының марксизмді саналы түрде және қасақана пиғылмен бұзып көрсеткенінің нәтижесі.
Осы дәстүр арнасында маркстік теорияның негізгі құндылықтарын кейбір ғалымдар мен публицистер ескі, қасаң қағида түрінде көрсетіп келген. Марксизмді бұзып көрсеткені үшін сталинизмді әділетті жазғыра отырып, бұл көзқарасты жақтаушылар сонымен бірге Маркс пен Энгельстің мұрасына, оның теориялық-әдістемелік пікірлеріне қандай да бір сыни көзқарастың болуы мүмкіндігін шын мәнінде жоққа шығарады және сол арқылы олардың шығармашылық мұрасындағы кейбір қарама-қайшы ойлардың тұралап қалуына себеп болады.
Екінші жауап – осы уақытқа қарай басымдық алып келе жатқан балама үрдіс: марксизмге бастапқыдан-ақ дұрыс емес немесе уақыт
өте келе дұрыс болмаған қағидалар негіз болғанына, ал оларды іске асыру үшін жасалған әрекеттердің кейіннен социализмнің әртүрлі өзгерістеріне әкеліп соқтырғанына сендіреді.
Марксизмнің осы тектес «тұжырымдамалық» кемшіліктеріне көбінесе: Маркс пен Энгельстің нарықтық шаруашылықты, капита- лизмнің өздігінен даму қабілетін жете бағаламағандығы; олардың таптық көзқарасты даралағаны; жалпыадамдық құндылықтарды, де- мократияны, гуманизмді, қоғам дамуының эволюциялық жолдарын жеткіліксіз бағалағандығы және, тиісінше, күрестің революциялық, әсіресе озбырлық әдістерін асыра бағалағандығы жатқызылады.
Кейбір авторлар олардың қоғамға деген көзқарастарының бос қиялдығын сөгеді және олардың ойынша, Ленин ғана алғаш рет әскери коммунизмнен жаңа экономикалық саясатқа (ЖЭС) өту барысында нарықтық шаруашылыққа, қоғамдық өмірдің демократиялық формала- рына нигилистік, яғни дәлелсіз жоққа шығаратын көзқараспен қарауға мәжбүр болған.
Достарыңызбен бөлісу: |