Ғылым тарихы және философиясы



бет155/185
Дата27.10.2022
өлшемі1,17 Mb.
#45758
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   185
Байланысты:
Ғылым тарихы және философия (1)

г.минковский А.Эйнштейннің кеңістік пен уақытқа қатысты идея- сын ары қарай дамытты. Салыстырмалылық теориясына сәйкес, әлем бейнесінде кеңістік пен уақыт бір-бірімен үзілместей байланысқан. Де- мек, әлем төрт өлшемді кеңістік-уақытта өмір сүреді.
Салыстырмалылықтың жалпы теориясы бізге Ғаламның орнықты (стационарлық) үлгісін ұсынады. Алайда 1922 жылы а.Фридман Ғаламның орнықты емес үлгісінің де болатын мүмкіндігін көрсетті. Сол идеяның негізінде «кеңейіп жатқан ғалам» тұжырымдамасы пайда болды. Оны тәжірибе жасау жолымен Э.Хаббл дәлелдеп шықты. Алыс галактикалардан шығатын сәулелер ауқымын қарай отырып, ол солардың «инфрақызыл сәулелерінің жылжуын» тапты, ал бұл Ғаламның кеңейетінін дәлелдейді. Сөйтіп, ғарыш кеңістігіндегі га- лактикалар бірте-бірте бір-бірлерінен алшақтайды. Олай болса, галактикалардың қозғалыс жылдамдығын есептеп шығара отырып, әлемнің пайда болған уақытын анықтауға болады. Осыдан келіп
«Үлкен жарылыс» идеясы шығып, нәтижесінде, біздің Әлеміміз пайда болды. Тіпті осы ғажап оқиғаның болған уақытын шамамен есептеп шығаруға қол жетті. Бұл 13,7 млрд жыл бұрын шамасында болған деп айта аламыз.
Жаратылыстанудың осы көрнекті жетістіктері XX ғасырда Әлем туралы бұрынғы көзқарастарды күл-талқан етті. Шындығында, көп ғасырлар бойы ғалымдар, – жаратылыс туралы қасаң діни қағидаларды есептемегенде, – Әлем өзімен-өзі мәңгі өмір сүреді деп санады. Алай- да бұл постулаттың шешілмеген: бүл дүниеде ештеңе де мәңгі өмір сүрмейді, бәрі де – өтпелі дейтін қарама-қайшылығы бартұғын. Соны- мен бірге, егер Әлемді бірбүтін деп алсақ, онда ол мәңгі өмір сүреді.
Олай болса, мәңгілік әлемнің өмір сүру мағынасы неде екеніне,
оның не үшін өмір сүретіндігіне қатысты қасиетті сұрақтар туады.
Енді табиғаттағы заттар мен құбылыстар ғана емес, бірбүтін деп алынған Әлемнің де өз бастауы бар болып шықты, демек, ол уақытта өріс алған тарихи оқиға екен. Егер солай болса, онда әлдебір, адами өлшеммен алғанда, тым алыс болашақта Ғаламның бұл үлгісінің та- рихы да келмеске кетеді. Ол ғылымның XX ғасырдағы теңдесі жоқ жаңалығы болды.
Бұл жерде: «Не жарылды?», «Үлкен жарылыс жиын мен энергияның сақталуы заңына қайшы келмей ме?» деген бірнеше қиын сұрақ туа- ды. Бірінші сұраққа ғалымдар: «Вакуум», – деп жауап берді. Екінші сұраққа да: «Қайшы келмейді», – деген оң жауап қайтарылды. Өйткені толық жиын немесе дәл сондай – «Фридман Ғаламының» энергиясы нөлге тең. Оны былай түсіну керек: Ғаламның толық жиыны (энер- гия) ішкі бөлшектердің кері тартылыс энергиясының күшіне тең. Вакуумның энергиясы да нөлге тең. Олай болса, Ғаламның вакуумнан пайда болуы энергияны сақтау заңына қайшы емес.
Теоретик-физиктердің болжауынша, вакуумдағы алғашқы заттың тығыз болғаны соншалықты, бір куб см-ге шаққанда, ол 10/91 дәрежені, ал оның радиусы сантиметрдің 10/-12 дәрежесін құраған. бұл – миға сыймайтын қысым, сонымен бірге ең кішкентай мөлшер. Ол басқаша, материяның түрілген, сингулярлық күйі деп аталады, өйткені оның көлемі электроннан үлкен болған жоқ. Сөйтіп, бүгінгі күні біз: «Әлем ештеңе еместен (немесе тұлдырдан) жаралған!» – деп айта аламыз. Жарылыстан кейін секундтың жүзден бір бөлігі ішінде температура Кельвин бойынша 100000 млн. градусқа жетті. Он- дай температурада атомдар мен молекулалар өмір сүре алмайды. Әлем жай бөлшектер (электрон, позитрон, нейтрино және т.с.с.) түрінде өмір сүрді, ал олардың тығыздығы, судың тығыздығымен салыстырғанда, 4000 млн. есе артық болды.
Үшінші минуттың соңына қарай, жарылыс температурасының 1 млрд. градусқа дейін сууы шамасы бойынша сутегі мен гелий ядросы пайда болады. Бірнеше жүз мың жыл өткен соң ғана жоғарыда аталған элементтердің атомдары дүниеге келеді де, бір-бірімен қосылып, плазма құрайды. Ғарыштың ары қарай сууы шамасына қарай басқа химиялық элементтердің атомдары пайда бола бастайды.
Материяны біртіндеп күрделендірудің жоғарыдағы сипаттамасының негізінде, Дж.Джонс бойынша, бүкіләлемдік тартылыстың орнықсыз сипаты жатыр. Сол себепті, әлемдік тартылысқа сәйкес, материя
кеңістікте бірдей тығыздыққа жете алмайды. Бастапқы плазма өзінің қоюлану шамасына қарай, жеке-жеке құрамдас бөлшектерге бөліне отырып, әрқайсысының ішінде протожұлдыздар (содан жұлдыз жаса- латын дене, яғни жұлдыздың алдындағы дене), олардың планеталық жүйелері бар болашақ галактикалардың және т.б. негізін құрайды.
Қалай болғанда да, «Бастапқы жарылыстың себебі неде?» деген бір қасиетті сұраққа ғалымдар, ақыры, жауап таба алмай отыр. Ша- масы, оған адамзат ешқашанда оң жауап ала алмас. Идеалистік бағыт ұстанған философтар өз ақылдарымен Құдайдың Ғаламды тұлдырдан жаратқанын түсінген-міс теоретик-физиктерге алғысын білдіреді.
Материалистік бағыттағы философтар вакуумдағы бастапқы геннің орасан зор қысымға шыдамай, жарылғанына сенуге құлықты.
Осы параграфта талқылануға тиіс соңғы мәселе – ол бейберекеттік (хаос) пен тәртіптің өзара байланысын, дамудың күрделенуінің, қалыптасуының жаңа үлгісін көрсету. Бұл кітапта біз айқын – классикалық механиканың термодинамиканың екінші бастауы – энтропияның заңдарына жауап таба алмағанын талқылағанбыз. Әлемге механистік көзқарас тұрғысынан алғанда, бейберекеттік – болмауға тиіс құбылыс, бұл әлем детерминизм ұстанымына негізделген, бұл жерде кез келген кездейсоқтыққа жол жоқ.
Айқын ғылымда ашылған заңдар өздерінің нақтылығымен ерекшеленеді. Егер бізге әлдебір заттың шығу тегі және даму кезеңдері белгілі болса, онда оның келесі ахуалын, жай-күйінің негізгі сәттерін болжау қиын емес. Ол дамудағы бірбағыттылық деп ата- лады. Алайда XX ғасырдың ғылыми жетістіктері ондай көзқарасты теріске шығарады. Қазіргі заманғы ғылымда, керісінше, әлемнің ғылыми бейнесін қалыптастыруда бірте-бірте бағыт-бағдарсыз тәсіл қалыптасады. Бұл жерде табиғат заңдары бір немесе басқа құбылыстың іске асуының мүмкіндігі мен ықтималдығын көрсетеді. Бұл үлгіде кездейсоқтыққа үлкен маңыз беріледі, өйткені бейберекеттіктің ішінде заттар мен денелер өз-өздерін қалыптастырады, яғни соңғының қиратушылық емес, жасампаздық сипатын дәлелдейді. Құрылысы күрделі жүйелерді зерттейтін ғалымдар (математикада – А.Пуанкаре, А.Андронов және басқалары, физикада – И.Пригожин, Г.Хакен) өз нысандарының дерексіз-теориялық үлгісін жасайды. Бүгінгі күні әлемнің бағдарсыз ғылыми бейнесінің санаттық жиынтығы құрылды деп нақты сеніммен айтуға болады.
Бағдарсыз дамудың негізгі санаттары төмендегідей:
а) синергетика – тең салмақты емес ашық жүйелердегі өз-өзін ұйымдастырушылық үдерістерін зерттейтін ғылым;
ә) бифуркация – құрылысы күрделі жүйелерде оның орнықты си- патын жоғалтып, алдында ары қарай жетілудің жаңа мүмкіндіктерінің тұтас жиыны ашылатын сәт. Осы тұрғыда, еркіндік – бұл «танылмаған қажеттік» емес, тұлғаның алдында пайда болған көптеген мүмкіндіктердің «таңдауы»;
б) апат – жүйенің дамуындағы біртіндіктің үзілуі және мүлдем жаңа қасиеттердің пайда болуы;
в) аттрактор – жүйенің «тартымдылығына» орай әр кездері онда пайда болатын «бүліктерді» басып тастау орын алады;
г) флуктуация – жүйе бифуркациясы нүктесінде әлдебір кездейсоқ факторлардың оны дамудың жаңа жолына ауыстыруға шешімді түрде ықпал ету мүмкіндігі. Мысалы, қоғамдық өмірде, ол бифуркация нүктесіне жеткен кезде, әлдебір кездейсоқ оқиға немесе қайсыбір адамның іс-әрекеті үлкен әлеуметтік өзгеріске немесе күйзеліске соқтыруы мүмкін;
д) когеренттік – құрылысы күрделі жүйелердің ары қарай дамуы барысында олардың өзара байланыстылығы, келісушілігі.
Енді жоғарыда аталған және басқа санаттарға сүйене отырып, әлемнің бағдарсыз бейнесінің негізгі белгілерін сипаттауға болады:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   185




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет