Ғылым тарихы және философиясы


Сонымен, бұл жат ету тұжырымдамасының мәні неде болды?



бет86/185
Дата27.10.2022
өлшемі1,17 Mb.
#45758
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   185
Байланысты:
Ғылым тарихы және философия (1)

Сонымен, бұл жат ету тұжырымдамасының мәні неде болды?
Бәрінен бұрын Маркс шеттетілген еңбектің мәнін, яғни еріксіз еңбектің ешқандай пенделік те, моральдық та қанағаттанушылық бермейтінін көрсетті, өйткені ол – өзің үшін емес, қожайының үшін еңбектену. Ондай еңбектің нәтижелері оны істеген адамға тиесілі емес, ол жетістіктер оған жат. Жұмысшы үшін еңбек – тек өмір сүру құралы, бірақ өмірдің өзі емес.
Жұмысшының жұмыс істеймін немесе істемеймін дейтін таңдауы жоқ. Ол өмір сүру үшін жұмыс істеуге тиіс. Бірақ бұл еңбекке қажеттіліктен келетін қанағаттану емес, ол – басқа мұқтаждықтарды қанағаттандыратын құрал ғана. Сондықтан адам өзінің өмірде іске асырғысы келетін мақсаттарын еңбектен емес, одан тыс нәрселерден іздейді. Көбінесе бұл хайуандық мұқтаждықтар: тамақ, су ішу, тұрғынжайды безендіру немесе өзін әдемілеу. Өйткені еңбек адамды биікке көтеру қызметінен оны кемсітіп қорлау қызметіне ауысады.
Шеттетілген, жат болған еңбек адамды механизмге айналдырады. Ондай еңбекпен айналысатын адам еркін және жауапкершілікті бола алмайды. Ол – өндірістің құлы, оның «бұрандасы». Ондай адамдар бір-бірімен қандай қарым-қатынас орната алады? Олардың арасындағы қарым-қатынас – ол еркін адамдардың қатынасы емес, керісінше, жат, бір-біріне жау механизмдердің қатынасы.
Марксше, еңбекті жат ету – барлық әлеуметтік өмірді түсінудің кілті болып табылатын жеке меншіктің өмір сүруіне тікелей байла- нысты. Ал біз көп уақыт бойы істердің жағдайының өзгеруін Маркс жеке меншіктің жойылуымен байланыстырады деп ойлап келдік. Бірақ ол тіпті де олай емес. Бұрмаланбаған, шыншыл да шынайы Маркс: «Байлық та – кедейшілік сияқты кемістік», – деп санайды және болмыстың қақ ортасында болуға кеңес береді.
Жалпы алғанда, Маркс пен Энгельстің тұжырымдамасы өте қарапайым және ұсыныстары да өзінен-өзі түсінікті. Ол адамгершілік рухында және коммунистік ынтамен құрылған. Өзекті идеясы – терең танып білу негізінде әлемді шығармашылықпен өзгерту, адамгершілікке негізделген, яғни тұлғаның өз-өзін шығармашылықпен дамытуы үшін, жан-жақты жетілген адамдардың өздері басқаратын қоғам құру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   185




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет