Ғылым тарихы мен философиясы дəрістер курсы



бет67/81
Дата14.10.2023
өлшемі422,72 Kb.
#114841
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   81
Бақылау - танымның қойылған мақсаты бойынша адамның сезім түйсік органдары арқылы фактуалды бағдарламаны алу. Ғылыми бақылау нақты қойылған мақсатымен, жүйелілігімен, əртүрлі аспаптар мен операционалды құралдарды қолданумен ерекшелінеді. Сол тұрғыда нақтылық пен дəлелділікке сəйкес, объективтілікке жəне нəтижелерді жаңғырта алатын осы бақылау əдісі үстемді рөл алады.


Ғылыми заң - ғылыми білімнің ұйымдастыру түрі, яғни, зерттелетін пəндік аймақтың қасиеті мен ара қатынасы туралы жалпы тұжырым тудыру. Ғылыми заңның логикалық түрі келесі: А x  Bx, оның ішінде,  - жалпылау кванторы («барлығы»), х - нақты өзгергіш, оның мағынасы анықсыз- шекті əлде шексіз класс болып табылады, - импликация белгісі, А, В - кейбір қасиеттері мен қатынасын анықтайтын атаулар. Нақты өзгергішке қарай ғылыми заңдар екіге бөлінеді: эмпириялық заңдар. «Барлық заттарды қыздырғанда олар кеңейтіледі» жəне теориялық (Ғ=mа). А жəне В класстарының арасындағы қатынас бойынша статикалық (А классы В классына толық кіреді) жəне динамикалық (жартылай кіреді) заңдар мүмкін. А жəне В мағынасы бойынша физикалық, химиялық, биологиялық, əлеуметтік т.б. заңдар мүмкін.


Жалпылау - нақтыдан жалпыға ойлау арқылы білім өсіру (көбейту) əдісі. Жалпылау дегеніміз бір анықтаманың шеңберінде көптүрлі заттар мен құбылыстарды бір-біріне теңдеу арқылы жалпы принциптерді шығаруға негізделген ғылыми танымның маңызды бір тəсілі.


Құрал - жасамды немесе табиғи материалды құрылу түрінде зерттелетін объект туралы бағдарламаны алуға арналған танымдық құрал. Бағдарламаны алу ерекшелігіне қарай олар сандық пен сапалыққа бөлінеді; қызмет сипатына қарай - күшейту-құралдары, анализаторлар, өзгертушілер жəне тіркеушілерге бөлінеді.


Теориялық білім - эмпириялық пен метатеориялық аралығындағы ғылыми білімнің бір деңгейі. Сапалық тұрғыдан эмпириялық білімнен өзінің мазмұнымен, пəнімен ерекше. Теориялық білімнің пəніне ойлау арқылы эмпириялық объектілерді идеялизациялау (оймен қамту) арқылы (материалдық нүкте, идеалды газ т.б.) жəне анықтама арқылы еңгізілген (математикалық құралдар) идеалды объектілер жатады. Теориялық білімнің өзгешелігі: логикалық ұйымдастырудан жоғары деңгейге ие, пікірлері əрқашанда дəлелденген, олар дедуктивті-аксиоматикалық əдіс арқылы шешіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет