Ғылым тарихы мен философиясы дəрістер курсы


Ғылым методологиясындағы анархизм



бет79/81
Дата14.10.2023
өлшемі422,72 Kb.
#114841
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   81
Ғылым методологиясындағы анархизм - бұл ереже бойынша, əр ғалым ешқандай қайшылық пен сынға қарамай өз теориясын шығарып ұсынуы қажет. Фейерабендтің концепциясында анархизмге теорияның пролиферация принципін теориялардың өлшемсіздігі туралы тезиспен қосылуы əкеледі. Фейерабендтің пікірінше, ғалымның қызметі ешқандай рационалды нормаларға бағынбайды, сол себепте, ғылымның дамуы иррационалды, яғни, ғылым идеологияның бір түрі болып аңызбен діннен ешқандай айырмашылығы жоқ. Сөйтіп, қоғамды «ғылым диктатынан» босату қажет, ғылымды мемлекеттен айыру жəне ғылымға, аңызға, дінге қоғамдық өмірде бірдей құқықтар беру.
Стивен Тулминнің концепциясына келесі ұғымдар қатысты: рационалдылық пен түсінудің стандарттары, түсіну матрицасы, концептуалды популяциялар.


Рационалдылық пен түсінудің стандарттары - «ғылыми теорияның негізіндегі рационалдылық пен түсіну стандарттар» ретінде қызмет ететін жəне тарихи қалыптасу теория сияқты дамитын эпистемологияның негізгі ұғымы болып жарияланады.
Тулминнің пікірінше, ғалым қабылданған стандарттарға сəйкес оқиғалар мен құбылыстарды анық деп есептейді. Ғылыми білімнің рационалдылығы, Тулмин айтуынша, қабылданған түсіну стандарттарға сəйкес келу. Рационалдылықтың стандарттары ғылыми теорияның өзгеруімен ауысады - үзілмейтін концептуалды жаңалықтарды іріктеу процесі.


Түсіну матрицасы - бұл ұғым арқылы эпистемологияны түсіну мен рационалдылықтың стандарттарының қызметі мен тарихи қалыптасу теориясы деп санайды. Тулмин пікірінше, қабылданған стандарттарға сəйкес жағдайлар мен құбылыстарды ғалым анық деп санайды.


Концептуалды популяциялар - С. Тулминнің тұжырымдамасында теориялардың мазмұнды пікірлерін логикалық жүйе сияқты емес, анықтамалардың өзгеше популяциясы ретінде қарастыратын ұғым. Тулминнің пікірінше, ғылымның эволюциясының негізгі қасиеттері Дарвиннің биологиялық эволюцияның кестесіне ұқсас. Концептуалды популяциялардың мазмұны (биологиялық түрлердің ұқсастықтары) өзгеріске ықпал, яғни, оның нəтижесінде ғылыми іс-əрекеттің əдістері мен мақсаттары өзгереді; концептуалды жаңалықтардың шығуы сынау іріктеумен теңестікке келтіріледі (биологиялық мутация мен селекцияның ұқсастықтары). Бұл екі ұштасты үрдіс тек нақты жағдайда өзгеріске əкеледі (өмір үшін күрестегі құлдырау мен жоғалу ұқсастықтары); интеллектуалды ортаның қажеттіліктеріне адаптация жасаған концептуалды нұсқаулар сақталады.


Индоктринация - қандай да бір доктринаны ғылымның коммуникативтілігінің салдарының бірі ретінде енгізу, тарату жəне «көндіре
отырып ендіру».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет