Ғылым тарихы мен философиясы дəрістер курсы


Теориялық зерттеу əдістері



бет9/81
Дата14.10.2023
өлшемі422,72 Kb.
#114841
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   81

Теориялық зерттеу əдістері:


Ойлау эксперименті - бұл зерртеу əдістің негізінде материалдауға келмейтін образдардың комбинациясы жатыр.
Идеалдау (мұрат тұту) - бұл зерттеу əдістің негізінде объекттің нақты болу қажеттіліктерін шығару туралы елестердің ойлау құрылысы жатыр.
Формалдау - бұл зерттеу əдістің негізінде пəндік аймақ туралы жалпы таңбалы модельді құрастыру, соның құрылысы мен заңдылықтарын таңбалық операциялар арқылы айқындау жатыр.
Аксиоматикалық əдіс - ғылыми теорияны құру тəсілі, сондай оның негізінде ақиқат түрінде дəлелсіз қабылдалынатын ережелер (аксиома немесе постулаттар) жатыр, солардан кейін формалды-логикалық дəлелдеу арқылы келесі ережелерді шығару.
Гипотетикалық-дедуктивтік əдіс - ғылыми теорияны құрастыру тəсілі, оның негізінде бір-бірімен байланысты болжау жүйелерді құру, келесіде солардан дедукциялық жаюдан тəжірибенің нəтижелерімен салыстырылған бекітілімдерді шығару жатыр.
Математикалық гипотеза - бұл əдістің негізінде нақты математикалық құрылыстан математикалық формализм арқылы зерттелген құбылыс аймағынан зерттелмегенге экстраполяция жасау жатыр.
Абстракциялаудан нақтылыққа жету - бұл зерттеу əдісі бойынша,
нақты зерттелетін объектің негізгі қайшылығын қайталайтын бастаушы абстракцияны табу, соның теориялық шешімінің процесінде эмпириялық материалды ассимиляцияландыратын нақты қайшылықтардан шығуының мүмкіндігін ескеріп, зерттелетін объект туралы нақты-жалпы анықтама құрастырады.
Тарихшылдық пен логикалықтың бірлестігі - бұл əдістің негізінде объектілердің тарихи эволюциясын зерттеуі мен бір бағытқа салатын тарихи талдау арқылы логикалық тұрғыдан дəлелделген анықтама жүйесін біртұтас зерттеу ұстанымы жатыр.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар





  1. Ғылым мен білімнің айырмашылығы неде?

  2. Ғылыми білімнің өзгешелігі?

  3. Ғылымның ерекшеліктері?

  4. Философия тарихында жəне ғылым философиясында ғылымның классификациялары?

  5. Экстернализм дегеніміз не?

  6. Интернализм дегеніміз не?

  7. Сциентистік жəне антисциентистік бағыттардың өзгешелігі мен айырмашылықтары?

  8. Танымның философиялық методологиясының мазмұны нені қамтиды?

  9. Гносеология, методология жəне эпистемологияның қатынасын көрсетіңіз.

  10. Ғылыми танымның өзгешелігі.

  11. Ғылыми танымның типологиясы мен əдістер классификациясының қатынасын көрсетіңіз.

  12. Жалпылогикалық əдістерді көрсетіңіз.

  13. Эмпириялық танымның əдістеріне не жатады?

  14. Теориялық танымның əдістеріне не жатады?

  15. Эмпириялық пен теориялық танымның айырмашылығы неде?

  16. Метатеориялық таным дегеніміз не?

  17. Метатеориялық əдістерге не жатады?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет