Тақырыптың өзектілігі. Бүгінде Ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалармен жұмыс соның ішінде«толық емес отбасы» деген сөз күнделікті елең еткізбейтін сөз тіркесіне айналды. Қазіргі қоғамда ер балалардың тәрбиесіне көңіл бөлініп жатқан жоқ. Неке қияр орталықтарының мәліметтеріне жүгінсек, жаға ұстатын мәліметтерге тап болады екенбіз. Некеге отырғандардың 65 пайызына жуығы көп ұзамай ажырасып кетеді екен. Мектеп оқушыларының арасында 70 пайызға жуық бала әкесіз тәрбиеленіп отырған толық емес отбасыларының ұл – қыздары.
Күн көріс қамымен әке бір жақта, ана бір жақта – балалары бөлек өзінше өмір сүріп жатқандардың да куәсі болып жүреміз. Бала тәрбиесінен алыс тірлігі беймәлім әкенің бала тәрбиесіндене қандай ықпал болады? Әке неғұрлым баланың қасында жүрсе, соғұрлым бала әке тәрбиесін көріп өседі. Осында мәселені алға қоя отырып, зерттеу жұмысымның тақырыбын «Толық емес отбасындағы баланың психологиялық жағдай» деп алдым.
Зерттеу мақсаты: Ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалармен жұмыс және отбасында тұлғааралық қарым – қатынасты қабылдаудың психологиялық аспектілерін теориялық жағынан негіздеп және қарым – қатынаста орын алатын қақтығыс жағдайлардың теріс әсерлерін төмендету жолдарын анықтау, сонымен қатар толық емес отбасындағы балалардың психологиясын зерттеу.
Зерттеу обьектісі:Ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалармен жұмыс және толық емес отбасындағы бала психологиясы.
Зерттеу пәні: отбасында тұлға аралық қарым – қатынасты қабылдаудың психологиялық аспектілерінің ерекшеліктерін зерттеу.
Зерттеу міндеттері: 1.Толық емес отбасы туралы, толық емес отбасында қарым –қатынасты қабылдаудың психологиялық ерекшеліктері туралы ғылыми – теориялық әдебиеттерге талдау.
2. Толық емес отбасындағы балалар психологиясын қарым – қатынас ерекшеліктерін зерттеу әдістемелерін жинақтау.
Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспе, екі бөлім, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.