Байланысты: ылыми – зерттеу ж мысы жоба та ырыбы «Ата-анасыны ам орлы ын
"Үшағаш негізгі орта мектебі"КММ
ҒЫЛЫМИ – ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ Жоба тақырыбы: «Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен жұмыс» Дайындаған Үшағаш негізгі орта мектебінің әлеуметтік педагогы Тапауов Муратбек Толеугалиулы Орал, 2020 ж.
Мазмұны Кіріспе.....................................................................................................................3
I.Отбасы психологиясындағы тұлғаралық қарым – қатынастың теориялық мәселелері.
1.1 Отбасы мәселесінің психологиялық негіздері...............................................5
1.2 Ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалармен жұмыс.Толық емес отбасы жағдайының баланың эмоционалды – тұлғалық сферасының әсері...................................................................................................8
ІІ. Ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалармен жұмыс.Толық емес отбасындағы баланың психологиялық жағдайы.
2.1 Ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалармен жұмыс.Толық емес отбасындағы ана мен баланың қарым –қатынасы....................9
2.2 Ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалармен жұмыс.Толық емес отбасындағы әке мен баланың қарым – қатынасы..................10
2.3 Ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалармен жұмыс .Жүргізілген зерттеу жұмыстары....................................................................12
III.Қорытынды........................................................................................................17
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.............................................................................19
Кіріспе Отбасындағы баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы. Осы ортада баланың өмірдің мақсаты, оның құндылықтары, не біліп, өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мағұлматтар меңгеріледі және онда басқалармен қарым –қатынас орнатуға дағдыланады. Сөйтіп, өзінің «кім» және «қандай» екенін басқалардың «кім» және «қандай» екенінтәжірибеде сынап байқап көреді. Балалар отбасында әртүрлі жағдаяттар мен төтенше ахуалдарда өзін ұстаудың нормаларын, мінез – құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді. Отбасы психологиясын зерттеушілер А.Г.Харчев, А.Н.Антонов, З.И. Файнбург, Д.Горборинко оның функцияларын ата – ананың үгіт – насихаты, түсіндіруі, олардың үлгі – өнегесі, үйдегі ахуал, отбасының психологиялық тынысы арқылы балалардың әдеті, мінез – құлқы, жақсы – жаманды бағалау уәзіндері (критерий) қалыптасуымен бірге қандай қылықтары үшін сөгіс алып, не үшін жазаланатынын, әділдік пен адалдық ұғымдарын меңгереді деген тұжырымдар жасады.
Қазақстан Республикасының Конституциясында «балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата – ананың табиғи құқығы әрі парызы» деп, отбасының міндеті нақты көрсетілген.
Қазіргі заманда отбасының құрылымы өзгеріп, оның мүшелер саны азайып, бала саны да кеми түсті. Қоғамдағы әлеуметтік, мәдени экономикалық жаңғырулар, әртүрлі сипаттағы әлемдік деңгейдегі ақпарат алмасу, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым – қатынас сипатына да өз әсерін тигізіп отыр. Қазіргі аналардың көпшілігі жұмыс жасайтын болғандықтан бала уақытының көбін пассивті тәрбиешілермен өткізеді. Бала тәрбиесі қалалық отбасына тән болып отырған келесі ерекшеліктерімен шартталған: балалардың көбісі күннен күнге ұлғайып отырған айырылысулардың нәтижесінде әкесіз немесе анасыз өседі: теледидар, жеке бөлме т.с.с өркениетті жетістіктері балалар мен олардың ата –аналарының арасында қарым – қатынас процесін қиындатады.
Отбасы ұғымына анықтама беру, оның атқаратын қызметтерін нақтылау отбасындағы қарым – қатынас мәселелерін талдау көптеген зерттеулерде орын алған. Отбасы қызметінің ортақ топтамасы немесе жіктемесі жетік түрде толық жасалмаған. Г.М.Свердлов және В.Л.Ресенцев (1985) отбасының маңызды қызметтерін ұрпақ жалғастыру, тәрбиелеу, шаруашылық және өзара көмек көрсету түрлеріне жатқызған.
Отбасылық қатынастар бойынша құрылған отбасы анықтамаларының ішінде А.Г.Харчевтің ұсынған анықтамасы бойынша – «отбасы – бұл жұбайлар арасындағы ата – аналар мен балалар арасындағы қарым қатынастардың жүйесі, оның мүшелері бір – бірімен некелік және туыстық қатынаспен айналысады, ортақ тұрмыс пен өзара адамгершіліктің жауапкершілікпен, қоғамның қажеттіліктеріне шартталынған әлеуметтік тәуелділікпен сипатталады» (1, 63). «Отбасы денелік өмір ағза өмірінің арасында байланыстырушы звено» деп берген А.Б.Харчевтың отбасы ұғымына анықтамасы жалпылама түрде болып табылады.