Ғылыми – зерттеу жұмысы жоба тақырыбы: «Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен жұмыс» Дайындаған Үшағаш негізгі орта мектебінің


II.Толық емес отбасындағы баланың психологиялық жағдайы



бет5/9
Дата26.06.2022
өлшемі45,09 Kb.
#37307
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ылыми – зерттеу ж мысы жоба та ырыбы «Ата-анасыны ам орлы ын

II.Толық емес отбасындағы баланың психологиялық жағдайы
2.1Толық емес отбасындағы ана мен баланың қарым-қатынасы

Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырайкөрініп,қалыптасады.Отанға деген ыстық сезім-жақындарына,туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.Н.Ә.Назарбаев


Отбасы адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы.Адам өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасында өтіп жатады.Бала өміріндегі алғашқы күнінен бастап,ата-ана өздерінің негізгі борыштарын тәрбие жұмыстарын атқаруға кіріседі.Ата-анада өздері жанұяға кірген кезде бір-біріне шексіз сүйіспеншілікпен,махаббаттық сезімдері табысқан кезде қалыптасады.Әке мен ананың арасындағы сыйластық,өзара түсінушілік,олардың бір-бірін ұғынысуы,сыйласуы,қандай мәселелер болсын,материалдық,әлеуметтік,қоғамдық және экононмикалық мәселелерді шешуде пайымды шешімдер тауып жатса,бұл отбасының берекесі мен берері де мол болатыны мәлім.
Отбасының ұйытқысы,берекесі,мейір-шапағаты көзі ол-әйел.Әйелдің бұл рөлі отағасының жамағатына,бала-шағаның анаға деген сүйіспеншілігімен,қамқорлығымен,ана жанын қас-қабағынан,жанарынан танығыштықпен нығая,биіктей береді.Әрине,әйел де өзінің аналық борышын ұмытпағанда,әсіресе ерімен қабағы жарасып,тату-сүйіспеншілікте тұрғанда мәртебесі арта түспек.
Әйелдің еріне қарым-қатынасы балалардың әкеге көзқарасының сипатын анықтайтыны берік есте болуы тиіс.Мұның өзі бір жағынан,үй ішіндегі әдептің бастау көзі екені анық.Демек,балалар үшін әке беделі аналарының сөзі,іс-қимылы,қас-қабағы арқылы қалыптасады.Мысалы ерлі-зайыптылар балаларының көзінше бір-біріне қатты,балағат сөздер айтыспақ түгілі,дауыс көтеріп,керісуге тиісті емес.Олай еткенде,өз беделдерін жоғалтудың,бала-шағаның жүрегін шошытып,зәресін ұшырудың үстіне,олардың жанына кейін өздері үй болғанда,алдарынан шығатын жаман әдет ұрығын егеді.
Тәрбиенің алғашқы бастамасы отбасынан басталады.Ата-ананың баламен жасайтын қарым-қатынасы үлкен тәрбиелік мәнге ие.Әсіресе отбасындағы ата мен ананың қарым-қатынасы үлкен тәрбиелік мәнге ие.Мәдениетті отбасындағы ерлі-зайыпты кісілердің бір-біріне айтқан игі ниеті,кішіпейілділігі,отбасы қажеттілігінен туындаған мәселелерді ақылдаса отырып шешуі бала мінезіне жағымды әсер етеді.
Әрбір ата-ана өз баласының мінез ерекшеліктерін тәрбиелеумен бірге басқа кісілердің балаларындағы жарамсыз қылықтарды сезе қалған жағдайда,оларға да өз баласындац көңіл аударып жәрдем бергендері жөн.
Балалардың мінез ерекшеліктерін қалыптастыруда отбасындағы еңбек тәрбиесі айрықшы орын алады.Еңбектің барлық түрі баланы қызықтыра бермейді.Сол үшін балаға тапсыратын жұмыстар олар ойлайтын ойындардың мазмүнына қарайлас болғаны абзал.Отбасындағы еңбек тәрбиесін баланың сәби кезінен-ақ бастау керек.Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын процесін еңбекке тәрбиелеумен ұштастыра отырып жүргізген дұрыс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет