Байланысты: ылыми – зерттеу ж мысы жоба та ырыбы «Ата-анасыны ам орлы ын
Қорытынды Отбасы-салыстырмалы түрде тәрбиенің тұнық институты,ата-аналардың тәрбиелік күш қуаты мен мүмкіндігінің әр түрлі деңгейде болатынын ескеру қажет.Сондықтан ата-аналармен жұмыста мектеп түрлі амалдар мен әдістерді саралап қолдану керек.
Жанұя-өмірдегі туысқандық қарым-қатынастық ортақ белгісі.Үйелмен-ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан адам баласының әлеуметтік ортасы.Отбасы-некеге немесе қандас туысқандыққа негізделген қоғамдық шағын топ,адам тұрмысын ұйымдастырудың бастапқы формасы.Осы төрт анықтамадан түйіндейтініміз-адамның өз өмірінің негізгі үдерістерін бастан кешіретін кіші әлеуметтік топ-отбасы болып табылады.Отбасындағы әрбір адам өмірінің онымен тығыз байланыстылығы сонша,ол әрбір отбасы мүшесінің дамуына шешуші әсер етеді.Отбасы еркек пен әйелдің табиғи физиологиялық және басқа қажеттерін рухани,этикалық,эстетикалық,т.б қажеттерін өтеп,ұрпақ өсіру арқылы қоғамды қалпына келтіре дамытушы әлеуметтік топ.Қазіргі кезде отбасының типтері мыналар:патриархалды туыс топ,патриархалды отбасы және жеке отбасы.Жеке отбасы-бүгінгі таңда дүниеде ең кең тараған отбасының түрі.Бұл отбасы әлеуметтік топ қана емес,сондай-ақ заң жүзінде бекітілген топ.Қазіргі заманғы отбасы-ерлі-зайыпты екі адамның арасындағы некеге құрылғын негізгі әлеуметтік топ,отбасыға сонымен бірге ұрпақтары (ұл-қыздары) кіреді.Отбасы нақты қоғамда өмір сүреді,сондықтан отбасының жалпы сипатымен қатар өзі өмір сүретін қоғамдық қатынастардың мазмұнына сәйкес ерекше белгілері де болатыны түсінікті.Философиялық тұрғыда «отбасы»-қоғамның ажырамас құрамды,өмірде зор мәні бар кішігірім ұйым.Оның мүшелері бір-бірімен тұрмыстық,морольдық жауапкершілік,өзара жәрдем көрсету қарым-қатынаста болып,әлеуметтік құрылыс ретінде қоғамның экономикалық базисінің дамуына байланысты өзгертіп,жекелей дербестікте болады.
Жоғарыда аталғандардың барлығын жүйелей келіп,балалардың толық емес отбасылық жағдайға бейімделудің психологиялық мәселелерін қарастырдым.Бұл мәселені талдау кезінде біз баланың тек бейімделу мәселесін ғана емес,сонымен қатар оның отбасындағы болған толық емес отбасылық жағдайға бейімделуі кезінде көрсететін реакцияларын,соның салдарынан болатын бала тұлғасындағы мінез-құлықтық,эмоционалды-психологиялық және әлеуметтік ортаға бейімделуіндегі өзгерістерді ашып қарастырдым.
Ата-анасы ажырасқан балалардың көбі бақытты жұп құруға қатты тырысады және өз ата-анасының қателіктерін қайталамауға,әуелі балаларына қатысты ата-анасының жіберген қателіктерін өз балаларына қайталамауға үлкен талпыныстар жасайды.
Жоғарыда айтылғандай,ата-аналардың ажырасуы баланың өз жеке отбасыларына әсері жоғары болады.Сонымен қатар,ажырасудан отбасындағы балалар өз қатарластарына қарағанда ертерек үйленіп,өзіне жетіспеген эмоционалды жылулықты өзі қалыптастыруға,өз сәйкестілігін табуға тырысады.Алайда мұндай ерте некелесулер көп жағдайда ажырасуға алып келеді.
Ата-ананың ажырасуы баланың құндылық бағыттарының қалыптасуына да әсерін тигізеді.Зерттеулер нәтижесінде 18-19 жастағы ата-анасы ажырасқан студент жастардың өмірлік қүұндылықтар иерархиясы-эмоцианалды жақындылық,шынайы махаббат,бақытты отбасылық өмір және т.б деген өмірлік құндылықтарды құраса,ал толық емес отбасындағы студенттер жоғарыдағылармен қоса өз мүмкіндіктерін,қабілеттіліктерін максималды түрде пайдалана білу,яғни өзін-өзі жетілдіру,дамыту құндылықтарын да маңызды деп санауды жөн көрген.(4,45-60)
Сонымен қатар,көптеген зерттеулердің нәтижесі бойынша ажырасу фактісі емес ажырасудан кейінгі қалыптасқан қарым-қатынастың сипаты маңызды деп санайды.Отбасындағы ажырасу жағдайының баланың эмоционалды-тұлғалық сферасына әсерін көптеген ғалымдар зерттей келіп,ажырасқаннан кейінгі екінші жылдың аяғында бала мінез-құлқы ажыраспаған,бірақ үнемі жиі конфликтіде болатын ата-аналардың балаларымен салыстырғанда агрессивтілігі әлдеқайда төмен екендігі анықталған.
Адам тағдыры көбінесе оның бейімделу деңгейімен анықталған.Бұл дегеніміз-өмірде болатын әртүрлі жағдайларға бейімделу,туа пайда болған және өмір сүру барысында қалыптасқан қабілеттердің болуы.Зерттеушілердің айтулары бойынша бейімделу деңгейі тәрбиелеу,оқыту,өмір бейнесі мен жағдайының әсерінен жоғарылап немесе төмендейтіндігін көрсеткен.