Байланысты: ылыми – зерттеу ж мысы жоба та ырыбы «Ата-анасыны ам орлы ын
1.1 Отбасы мәселесінің психологиялық негіздері Отбасы – адамның эмоциясы, уайымы, көзқарасы мен қатынасымен байланысты емес ол – ерекше феномен. Отбасы фонеменінің бір жолы оның құрылымын тарихи уақыт талабына сай өзгеруін және бір отбасының өмірлік циклінің логикалық түсіндірілуі. С.И. Голод (1998) пікірінше отбасы феноменінде құрылымдық өріс ерлі – зайыптылар және ата – ана мен бала қатынасы деп қарастырады. Отбасы – неке негізінде немесе қан жағынан туыстас шағын топ, олар өзара көмек көрсету, жауапкершілік алу және тұрмыстық жалпылықта байланысады. (Эййдмиллер, Э.Г.Юстицкий В.В 1990). Отбасы балаға ықпал етеді, оны қоғамдық өмірге жетелейді. Отбасының тәрбие институты ретінде маңызы онда бала өмірінің маңызды бөліктерін өткізеді. Және де тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету ұзақтығы жағынан басқа тәрбие институттарына бой бермейді деп көрсетті Шужебева А.И өз зерттеу жұмысында.( 2, 21)
Терең тұлға аралық қатынастарды реттеу механизмдеріне арналған жұмыстарды талдауда шетелдік ғалым Э. Фромм және ресейлік ғалым М.И. Лисина ол өзіміздің қазақстандық ірі ғалымдардың бірі С.М.Жақыповтардың қойылған мәселені толығымен шешуге мүмкіндік берді.Бірінші,отбасы жағдайында бірлескен іс –әрекетті орындау барысында жеткіншектердің құндылықты – мағыналық құрылымдардың қалыптасу жағдайларын нақытылауға мүмкіндік берілді.
Екіншіден, жеткіншектердің тұлғалық дамуында аутқулардың пайда болуының отбасы ішіндегі алғышарттарын анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеудің медологиялық бағытына қарай жеткіншектерге отбасы ішілік құндылықтарды беру процесі, отбасы мүшелері арасындағы бірлескен әрекет пен эмоциялық өзара байланыстардың үйлесімділік механизмдерін қолдануға негізделген. (4,10)
Отбасы бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келеді. Сондықтан ол адам үшін ең үлкен мәнге ие орта.
Отбасы белгілі дәстүрдің , жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғаш рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларды игереді. Сондықтан отбасылқ өмір жеке адамның азамат болып өсуінің негізі.
Отбасы – оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Ол бала тәрбиесі жөнінде мектеппен тығыз байланысты болуды өте жақсы түсінеді. Өйткені бала тәрбиесінің отбасында, мектепте нәтижелі болуы осындай ынтымақтастыққа негізделеді.
Отбасы тәрбиесі бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата – аналардың борышы. Оған балалардың мекемелері жөніндегі халықтың қажеттілігінтолық қанағаттандыру, балалардың еңбек, спорт лагерлерінің, жас натуралист станцияларының, ғылыми – техникалық және көркемдік шығармашылық үйірмелерінің жүйесін кеңейту; ананы, балалық шақты қорғауға ерекше көңіл бөлу; отбасы мүшелерінің демалуы үшін санаторийлердің, демалыс үйлерінің жүйесін кеңейту; аналар жағдайын еске алып, әйелдердің халық шаруашылығына қатысуын үйлестіру.
Отбасында басты мәселелердің бірі – баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру. Бұған баланың күн ырғағы, міндеттері, қойылатын талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу іс –әрекеті бос уақытын ұйымдастыру жатады.
Отбасы барлық уақыттада, өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешеуде үлкен мүмкіндіктерге ие болған. Қазіргі заманғы отбасының өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбие мәселелерін шешудегі ерекшелігі ата – ананың білім және жалпы мәдени деңгейінің жоғары болуы.
Балалардың отбасындағы тәрбиесі оның белгілі бір тұрақты әлеуметтік институт ретінде анықталады. Ол отбасы мүшелері арасында өзара қптынастардың қалыптасуымен дамуына септігінтигізетін адамдардың жақындығы, туыстық қатынастар, өзара үйлесімдік, тұрмыстық өмір. Отбасы тәрбиесінің арақашықтығы да осы қатынастарда, оның тәрбиесінің ешқандай да түрі алмастыра алмайды.
Отбасы – болашақ адамзаттың әлеуметтену жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтынбастапқы адым. Ол бала моральдық қалпы туралы алғашқы түсінік береді оны еңбекке баулып, өз – өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастырады. Ата – ананың іс – әрекеті мен мінез – құлқы, өмір сүру салты арқылы балаға дүниетанымдық, адамгершілік, әлеуметтік – саяси құндылықтар беріледі.
Отбасы тәрбиесінің қоғамдық және мемлекеттік тәрбиеге қарағанда артықшылығы басым. Алайда, қазіргі қоғамдық өмірде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық және демографиялық өзгерістер отбасын белгілі бір қиыншылықтар туғызады.
Ата – аналардың білім деңгейіне байланысты да отбасында ерекшеліктер орын алады. Мысалы: ата – аналардың білім жоғары болған сайын олардың балалары мектепте жақсы оқиды. Қазіргі ата – аналар жұмысбасты болғандықтан бала тәрбиесі көбінесе білім төмен ата мен әжелерге жүктеледі.
Қоғамда жүріп жатқан тұрғындардың материалдық жағдайға байланысты жіктелуі отбасы тәрбиесіне материалдық жағдайы әртүрлі ата – аналардың қарым – қатынасына әсер етеді. Отбасында балаларға отбасылық бюджеттің 25 – 50% жұмсалады. Материалдық кіріс мол отбасыларда педагогикалық көзсоқырлық, тойынғандық жағдайға алып барады. Тойынғандық дегеніміз - өмірге, өмірдегі материалдық және рухани құндылықтарға деген жеккөрінішті, келекетті қатынас.
Жастайынан осындай ортада өскен балалардың арасында торығушылар, қаңғыбастар «қызықты» әсерді іздеушілер өсіп шығады.
Қазіргі кезде отбасының «уақталу» процесі жүруде. Ол дегеніміз – жас ата – аналардан тұратын әжесіз, атасыз отбасылар. Бұл отбасының беріктігін нығайтып дербес ұжымды қалыптастырады. Қиындықтар достық пен ынтымақтастықты нығайтып, қуаныш пен қайғыны бөлісуге тәрбиелейді. Дегенмен, жас отбасында алғашқы кезде тұрмыстың түзелмеуі, бала тәрбиесі сияқты қиындықтар кездескенімен, өларды шешу қоғамның құзырында.
Отбасы мүшелерінің келуі, туылған бала санының азаюы да отбасы дамуының ерекшелігін құрайды. Қалалық отбасында бір – екі бала ғана тәрбиеленеді. Бала туудың азаюының себептері сан алуан және өте күрделі; олар ата – аналардың жұмысбастылығын; мектепке дейінгі мекемелермен қамтамасыз етілмеуі; бала тәрбиесіне шығынның көп жұмсалмауы; әйел ананың шамадан тыс жұмысбастылығы; отбасының қолайсыз тұрғын үйі; тұрмыстық жағдайы; ата – аналардың «өзі үшін өмір сүруге» ұмытылған тоғышарлық ұмтылысы және т.б. Бала туудың азаюы – шағын отбасындағы тәрбие әдістерін жасау деген және педагогикалық проблеманы алуға тосады.
Қазіргі отбасында ажырасу санының едәуір артуымен сипатталады. Ажырасудың 90% тұрмыс қолайсыздығы мен дайындықсыздығының салдары. Дегенмен барлық ажырасуларға жағымсыз баға беруге болмайды, өйткені кей жағдайда ажырасу баланың психикасына теріс әсер ететін ұрыс – жанжал , отбасылық кикілжіңді алдын алады.
Бір балалы отбасы көпшілікпен араласу, ұжымдық қызмет тәжірибесін игеру жағынан баланы қиын жағдайға қалдырады. Мұндай отбасыларда аға, әпке сияқты тәлімгер іні, қарындас сияқты қамқорлығына алатын бауырдың болмауы ұжымдық туыстық қатынастар аясын мүлдем тарылта түседі. Осындай жағдайда баланың қызығушылығы мен қажеттілігін қамтамасыз етуде ата - аналардың ата – аналардың педагогикалық нормаларды сақтамауынан бастуыш сынып кезінен оның бойында тоғышарлық, ұжымды жатырқаушылық қасиеттердің қалыптасқандығын аңғарамыз.