Ғылыми жоба Жоба жетекшісі: Айыпхан Мерей Үлес қосқандар: Сатыбалды Ұлжан


Соғыс жылдары Қазақстанның халық шаруашылығы(Байзах Арайлым)



бет5/8
Дата10.04.2023
өлшемі302,42 Kb.
#81121
1   2   3   4   5   6   7   8
Соғыс жылдары Қазақстанның халық шаруашылығы(Байзах Арайлым)
Соғыс жылдары Қазақстанның халық шаруашылығы майдан арсеналдарының бірі ретінде соғыс қажетіне қызмет етті, мұнда 356 млн. пұт нан дайындалған. Сонымен қатар Қазақстан мал шаруашылығы өнімдерін негізгі тасымалдаушылардың бірі болды. Республиканың жеңіл өнеркəсібі Қызыл Əскердің жүздеген дивизияларын əскери киім-кешекпен, қару-жарақ қажетті заттармен қамтамасыз етті. Қазақстандық зерттеушілердің еңбектерінде əскери экономиканың дамуы мен жағдайының мəселелері, Қазақстан Компартиясының ұйымдастыруының негізгі бағыттары, соның ішінде ауыл шаруашылығындағы жүргізілген шаралар да кешенді қарастырылады. Жұмыстар деректік жəне мұрағаттық деректерге негізделді. 1941-1945 соғыс жылдары арасында республика еңбекшілерінен майдан қажетіне қомақты сома – төрт миллиард 700 мың сом ақша жиналған, соғыс жылдарында шығарылған үш миллиард 184 миллион 395000 сомның заемдарын еріксіз сатып алып, Қорғаныс қорын молайтқан. Бұл – халықтың табан ет, маңдай терімен өнген 8 миллиард сом деген қомақты қаржы. Ол заманда аз қаржы емес. Бұл жерде “еріксіз” сөзін босқа қолданып отырған жоқпын. Сол кездегі осндай келеңсіздіктерді көзімен көргендер бүгін де бар. Мысалы, мен танк колонналары мен авиация эскадрилияларын жасау қорына ұжымдағы бастауыш комсомол ұйымының хатшысы ретінде ақша жинаушының бірі болдым. Заемдарды сатып аларлық қаржы таппағандарға еңбеккүн есебінен ұстауға ведомстволарға қолдарын қойғызған есеп қызметкерінің куәгері ретінде қатыстым. Бұл бір ғана ауылдағы жағдай емес, республика көлемінде қолданылған ақша өндірудің бірден-бір тәсілі болған әрекет. Міне, осындай тәсілмен жиналған ақша, жылы киім, азық-түліктерді майдандағы жауынгерлердің жаңа жылы мен Қызыл әскердің туған күніне , 1 мамыр, Қазан төңкерісі секілді мерекелеріне вагон-вагон сыйлықтар жіберуді дағдылы іске айналдырды. Бұл жөнінде деректер мұрағат құжаттарында жеткілікті. Соның бір дерегі ретінде соғыс жылдары майдандағы жауынгерлерге 3 миллион дана жылы киім, 1600 вагон сыйлық жіберілгендігін айтсам да жеткілікті болар. Соғыс жылдарында Қорғаныс қорына, майдангерлерге жіберілетін жоғарыда айтылғандай сыйлықтар, жылы киімдер, азық-түліктер, майдангерлердің отбасына, Қазақстанға көшірілген халықтарға көрсетілетін жәрдемдер есебі адам жаңылдыратын есепсіз көп салықтардан тыс жиналды. Ол да оңайлықпен жиналған жоқ. Ұраншылдықпен, күшпен жүзеге асырылды. Көзі тірі куәлердің айтуынша, мысалы, 1941-1945 соғыс жылдарында әр отбасы үйінде тышқақ лағы жоқ болса да 50 келі ет, 3 келі сарымай, тауығы жоқ болса да 30 жұмыртқа тауып беруге міндетті болды. Олар табылмаған күнде орнын ақшамен өтеуге тиіссің. Ол кезде ақша табу қасқалдақтың қанын табумен бірдей еді. Тапқан азық-түлігіңді, мүлкіңді салық үшін сата қоятын жақын жерде базар да жоқ. Салықтан құтылмаса ол жерде тұруға қақысы жоқтығына көзі жеткендер өтетін нәрселерін арқалап, 100-200 шақырым жердегі базарға жаяу шұбыратын. Не қалт-құлт етіп отырған еңбекші отбасы бала-шағасының аузынан жырып астығын, асқатығын беріп құтылады.Ауылшаруашылығында еңбек еткен әйелдер құл орнында жүрді Шаруаның тозағы мұнымен де бітпейді. Олардың әрқайсысы екі пұт тұқымды арамшөп дәндерінен, күрішті күрмегінен тазартып беруге міндетті.Ол да бір өзінше ауыр жұмыс. Қойма меңгерушісі таза тұқымнан айыған арам шөп дәндері мен күрмегін өлшеп, кемін мойнына жазады.Кейін еңбекақыңнан ұстап қалады. Міне, осындай сан-сапалық жұмыстың арасында жүріп әйелдер майдандағы жауынгерлерге көйлек, орамал, кеудеше, тон тігіп, шұлық тоқып беру тапсырмасын сөзсіз орындауы керек.Ол үшін дайын жүн таппағандар ескі көрпелерін сөгіп, оны түтіп, иіріп, белгіленген күні комиссияға тапсырады. Ол орындалмаса майданға қарсылық жасаған жан болып шыға келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет