Ғылыми жоба Жоба жетекшісі: Айыпхан Мерей Үлес қосқандар: Сатыбалды Ұлжан


Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тұтқындар мəселесі (Аманжол Инура)



бет6/8
Дата10.04.2023
өлшемі302,42 Kb.
#81121
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ғылыми жоба123

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тұтқындар мəселесі (Аманжол Инура)
Соғыстың алғашқы кезеңінде 14 атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылып, майданға жіберілді. Қазақстандық 36 жеке атқыштар бригадасы 30-дан астам ұлттан құрылды. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қырғызстаннан шақырылған жігіттерден 316-атқыштар дивизиясы құрылып, оның командирі генерал М. В. Панфилов болды. Армия қатарына 1196164 (1196300) қазақстандық қосылып, әрбір бесінші адам майданға аттанды. Соғыстың сипаты — Германия тарапынан бұл соғыс агрессиялық, жаулап алушы, әділетсіз соғыс болды, ал Кеңес Одағы тарапынан әділетті өз жерін қорғаған, азаттық Отан соғысы болды.Соғыстың басталуына байланысты ел экономикасын соғыс жағдайына бейімдеу басталды. Қазақстан экономиканы соғысқа бейімдеп қайта құру әскери бағытқа көшірілді. Бейбіт мақсаттарға жұмсалатын қаржы мейлінше қысқартылды. Көптеген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығара бастады.

Соғыс кезіндегі медицина хәлі (Қали Назерке)
Ұлы Отан Соғыс жылдары барлық посткеңестің елдер ғана емес дүниежүзілік тарихтағы ең қиын кезең. Биыл Ұлы Жеңіске 70 жыл. Бұл жеңіске кеңес жауынгерлерінің асқан ерлігі арқасында жетті. Бірақ бұл жеңіс Кеңес Одағы халықтары үшін оңай болған жоқ. Отан үшін отқа түсіп, жанын пида еткен жандар қаншама. Кеңес әскері қатарында қызмет еткен медициналық қызметкерлер ерлігі үлкен. Медицина қызметкерлері соғыс кезінде қаншама жауынгерлерді аман алып қалды. Соғыс жылдарында медицина қызметкерлері үшін арнайы әскери атақтар берліді. Ұлы Отан Соғысы майданында 200 мың дәрігер, 1,5 миллионға жуық орта буын медицина қызметкерлері қатысты. Олардың ішінде жеңіс туын желбіретуде қазақстандық мамандардың да үлкен үлесі бар. Соғыс Кеңес Одағы үшін қиын кезең болғанымен, дәл осы жылдары әскери қабілеті, қару шығару өнеркәсібі арта түсті. Сонымен қатар дәл осы жылдары кеңес заманының мықты медицинасының негіздері қаланды. Соғыс жылдарында КазССР Наркомздравын өте білікті мамандар басқарды. Олар тез арада Қазақстан денсаулық сақтау саласын соғыс уақытына ыңғайлап, қойылған міндеттерді адал орындай білді. Олардың бастамасымен шұғыл түрде денсаулық сақтаудың барлық бағыттары жетілді. Ал соғыстан кейінгі уақытта олар өздерін сауатты басқарушы ретінде көрсетіп, Қазақстан медицинасының дамуында қажырлы еңбектенді. Ұлы Отан Соғысы кезіндегі Қазақстан медицинасы жайында М. А. Жакупованың “Тыловые эвакогоспитали Казахстана и республик Средней Азии САВО в годы Великой Отечественной войныатты кітабында толық зерттеліп, зерделеніп жазылған. Қазақ мемлекеттік медициналық институтында қайта ашылған санитарлық-гигиенелалық факультетте және Алматы фельдшерлік-акушерлік мектепте тез арада санитарлық дәрігерлер, фельдшерлер және лаборанттарды дайындады. Нәтижесінде эпидемиолог-дәрігерлер саны 1941 жылы 33 болса, 1945 жылы 101-ге жетті. Ал санитарлық-дәрігерлер 70-тен 90-ға өсіп, мемлекеттік санитарлық инспекция дәрігерлер саны 258-ге жетті.Сұрапыл соғыс жылдарында да ана мен бала денсаулығына ерекше көңіл бөлінді. Бұл салада еңбек еткен дәрігер Ақлима Бисенқызы Бисенова еді. Ол еңбек жолын аудандық бас дәрігерден бастап, Республикалық фельдшерлік-акушерлік мектеп директоры қызметін атқарып, Халық денсаулық сақтау комисары және КазССР денсаулық сақтау министрі орынбасары қызметіне дейін жетті. «27 октября 1942 г. Совнарком СССР принял Постановление “О мероприятиях по улучшению работы органов здравоохранения и детских учреждений по медицинскому обслуживанию детей и усилению питания нуждающихся детей”. Проявляли особую заботу о сохранении здоровья детей, была выделена штатная единица заместителя Наркомздрава КазССР по материнству и младенчеству. Эту должность с октября 1943 г. занимала кандидат медицинских наук А.Б. Бисенова. Под ее руководством была проведена большая работа по устранению у прибывших детей психологических травм, полученных во время бомбежек, сохранению каждой детской жизни. Она возглавляла и проводила патриотическое движение по установлению и патронажу детей-малюток, оставшихся без родителей. За годы войны только по линии здравоохранения было отдано на усыновление больше одной тысячи детей до 3-летнего возраста» -деп жазылған ресми деректерде. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде республикада ана мен бала денсаулығын қорғау мекемелерінің жүйесі қалыптасты. Әйелдер және балалар консультациясы 1940 жылы 203 болса, 1945 жылы 300-ге жетті. Балабақша саны 461-ден 540-қа жетті. Республикада соғысқа дейін он шақты перзентхана болса, 1943 жылдың соңына қарай перзентхана саны 161-ге жетті. Кейінгі жылдары Ақлима Бисенова ана мен бала денсаулығын жақсартуда үлкен жұмыс атқарды. 1959 жылдан ол Ана мен бала денсаулығын қорғау ғылыми институты директоры қызметін атқарды. Ал 1977-1980 жылдар аралығында Педиатрия ғылыми зерттеу институты директоры болып, республикада әйел мен балалар денсаулығын қорғауға және жас ғалым кадрларды дайындауға көңіл бөлді.Сұм соғыс қаншама адамның өмірін алып кетті. Алайда қаншама жауынгерді дәрігерлер, медбикелер аман алып қалды. Соғыс жылдарындағы ақхалаттылардың еңбегі жайлы жүзде




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет