Ғылыми жоба Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынов –қоғам қайраткері


II тарау. «А.Байтұрсынов –қоғам қайраткері» тақырыбында жүргізілген практикалық жұмыс-------------------------------------------- ---------------- 13-14



бет2/7
Дата02.12.2023
өлшемі91,03 Kb.
#132276
1   2   3   4   5   6   7

II тарау. «А.Байтұрсынов –қоғам қайраткері» тақырыбында жүргізілген практикалық жұмыс-------------------------------------------- ---------------- 13-14

  • 2.2.1.Ахмет Байтұрсынов жайлы не білеміз?---------------------------- 14-15
  • 9-10кл оқушылары арасында жүргізілген сауалнама,талдау, қорытындылау ------------------------------------------------------------------- 15-16
  • 2.2.2.А. Байтұрсынов туралы өз замандастырының пікірі, лебізі------17-18
  • 2.2.3.Тәуелсіздік кезеңдегі А.Байтұрсынов туралы зерттеулер--------- 19-20
  • 2.2.4.А. Байтұрсынов жайында қазіргі заман ұрпақ үні------------------ 21-22
  • 2.2.5.Танымына табындырған ірі қоғам қайраткері (II тарау бойынша түйін)-----23-24
  • Қорытынды----------------------------------------------------------------------- 25

  • Пайдаланған әдебиеттер тізімі---------------------------------------------- 26
  • Қосымша
  •  
  • Зерттеу мазмұны

    • Зерттеу жұмысы екі тараудан тұрады.
    • Бірінші тарауда Ахмет Байтұрсыновтың туған ортасы, оқыған жылдары, саяси өмірі жолына түсуі және ағартушылық қызметі мен қазақ халқының әлеуметтік өмірі мен мәдениетінде аянбай еткен ірі қайраткер ретіндегі тұлғасы зерделенді.
    • Екінші тарауда «Ахмет Байтұрсынов – қоғам қайраткері» тұлғасын оқушылардың тануы, олардың көзқарасы, сол кезеңдегі Ахмет Байтұрсыновтың зиялы достарының көзқарасы мен қазіргі таңдағы ұрпақтар үшін ойы туралы жүргізілген талдаулар қарастырылады. Жоба жұмысының қорытындысында тақырып бойынша қорытынды ой, ұлт ұстазының қоғам қайраткері ретіндегі тұлғасы туралы тұжырым жазылынды. Пайдаланған әдебиеттер тізімінде зерттеу жұмысында қолданылған деректер көзі көрсетілінді.
    •  

    Зерттеу өзектілігі

    • Кеңестік тарих ғылымы төңкеріске дейінгі жекелеген ұлттық тұлғалардың өмір жолдары мен азаттық жолындағы күресі мен ұлтына арнаған қоғамдық-саяси қызметтерін зерттеуге тыйым салды, ал зерттеле қалғандары сыңаржақ бағаланып, тарихи шындық тұрғысынан бағалауға мүмкіндік бермеді. Сондықтан да тарихтың бұл беттерін қайта қарастырып, әлі де болса қолданбай келген мұрағат құжаттары арқылы жаңа шынайылық көзқараспен сынай отырып, қазақтың «қырық төресінің» бірі А.Байтұрсыновтың Ресей патша үкіметі,Кеңес үкіметі тұсындағы қайраткерлік өмірі мен қоғамдық-саяи және мемлекеттік қызметтері туралы тарих саласында осы кезеңге дейін толық, арнайы түрде ғылыми тұрғыдан зерттелмеген тұстарын кешенді түрде ашып көрсету тақырыбымыздың өзектілігі болып отыр. А. Байтұрсынов 1905 жылдан бастап өмірінің соңына дейін (1937 ж.) саяси оқиғалардың бел ортасында жүрді, сол үшін 1907 жылдан бастап қуғынға ұшырап, бас бостандығынан айырылып, кейін Қазақ даласынан тысқары жерлерге жер аударылады және оған «саяси сенімсіз» деген айдар тағылып үнемі патша үкіметінің бақылауында жүрді.
    • 1913 жылдан бастап «Қазақ» атты апталық газетін ұйымдастырып, осы газет арқылы саяси үгіт-насихатқа өзі жетекшілік етіп, айналасына қазақ зиялыларын топтастыра білді. Отарлық езгіге қарсы ірі саяси оқиғаның бірі –
    • 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс тұсында қазақ халқын аман-сау сақтап қалудың жолдарын іздеп, патша үкіметі мен халықтың арасында ымырагершілік саясатын ұстанды. Саяси саутты, мол тәжрибе жинақтаған А. Байтұрсынов осы тұста газет арқылы халықтың «һәм құлағы, һәм көзі» және нағыз жанашырына айналды.


    Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4   5   6   7




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет