Ғылыми жоба Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынов –қоғам қайраткері


Ахмет Байтұрсынұлының тағылымы ( Бірінші тарау бойынша түйін)



бет3/7
Дата02.12.2023
өлшемі91,03 Kb.
#132276
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Нурия, Меруерт

2.1.4. Ахмет Байтұрсынұлының тағылымы ( Бірінші тарау бойынша түйін)

  • Ұлт мүддесі үшін бар өмірін арнаған Ахмет Байтұрсынұлы қоғам қайраткері болып қазақ халқына үлгі болды. Оның өмірлік ұстанымы – халқының болашағын жақсарту үшін үлкен жоспарлар құру және оны жүзеге асыру мақсат етілді. «Ахан ашқан қазақ мектебі, Ахан түрлеген ана тілі, Ахан
  • салған әдебиеттегі емшілдік ұраны- "Қырық мысал», «Маса», «Қазақ» газеті, жалпы қазақ баласына жасаған еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы бүгінгі уақыттың болашағы үшін жасалған. Бірінші тарау бойынша қорытындыласам, біріншісі: Ахмет Байтұрсынұлының өміріндегі ең маңызды істер қатарына үш ірі маңызды істерді айту керек:
  • 1.Әлихан Бөкейханов пен Міржақып Дулатовпен бірге өз заманы мен бүкіл қазақ халқы үшін тұтас ұлттық білім айнасына айналған «Қазақ» газетін басып шығару;
  • 2.Араб графикасын қолдану арқылы «Төте жазу» 3. «Алаш орда» үкіметінің қызметіне қатысуы
  • Қазақ халқының өмірінде терең із қалдырған осы оқиғалар Ахмет Байтұрсынұлын өз елінің көрнекті ұлы етті, оның тәуелсіздігі туралы арманын жүзеге асырды. Екіншіден: Ахмет Байтұрсынов өз халқының дамуына қызығушылық танытқан қоғам қайраткері болды. Оның қоғамдық өмірге ат салусуындағы әрекеті өте дәйекті және мұқият болды.
  • Үшіншіден: Ахмет Байтұрсыновтың тағылымын жастар бойына адамгершілікті, отансүйгіштікті қалыптастыруда пайдалану, шешу жолы деп есептеймін. Оның «Адамдық диқаншысы» өлеңін талдау арқылы Ахмет Байтұрсыновтың қоғам қайраткерлігін таныта отырып, оқушылардың патриоттық сезімдеріне әсер етуге болады.
  • Адамдық диқаншысы қырға шықтым, Көлі жоқ, көгалы жоқ құрға шықтым. Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім, Көңілін көгертуге құл халықтың
  • -деген өлең жолдары бойынша оқушыларға: - Бұл кім? –деп сұрақ қоя отырып, «Адамның диқаншысы ұғымының мәнін анықтаймыз. -Қоғам қайраткері, қазақ халқының XX ғасырдың басындағы азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі. -Бұл адам қандай мақсатты көздеп отыр? - Қазақ халқының өмірін, сана сезімін ояту, алға жетелеу. -Қалай мақсатын орындатуды ойлайды? - Насихат жүргізу, өлеңдері арқылы мақсатын орындаттыру үшін қандай амалдар жасайды? -Қазақ халқының әлеуметтік өмірі мен мәдениетіне аянбай қызмет етеді, адамдық диқаншысы болуы арқылы. -Ахмет Байтұрсынов өзінің мақсатын орындады ма? - Орындады, қазір Қазақстан елі тәуелсіздік алған ел, Ахмет Байтұрсынов ұлтымыздың ұлы ұстазы атанды, қазақ халқының ірі қоғам қайраткері. Міне, осындай жолдармен Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдерін талдау арқылы Ахмет Байтұрсыновты танытамыз. Төртіншіден: -Қазіргі таңда жастар бойына ұлттық-танымдық тәлім-тәрбие беруде Ахмет Байтұрсыновтың шығармаларының маңызы ерекше.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет