Ұлт мүддесі үшін бар өмірін арнаған Ахмет Байтұрсынұлы қоғам қайраткері болып қазақ халқына үлгі болды. Оның өмірлік ұстанымы – халқының болашағын жақсарту үшін үлкен жоспарлар құру және оны жүзеге асыру мақсат етілді. «Ахан ашқан қазақ мектебі, Ахан түрлеген ана тілі, Ахан салған әдебиеттегі емшілдік ұраны- "Қырық мысал», «Маса», «Қазақ» газеті, жалпы қазақ баласына жасаған еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы бүгінгі уақыттың болашағы үшін жасалған. Ахмет Байтұрсынов туралы әр түрлі жастағы адамдар мен мамандық иелерінен сұрағанда олардың жауаптары ұлт ұстазы, – қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновты білетіндіктерін көрсетті.
Қорытынды
Қоғам қайраткерінің асыл мұралары келешек ұрпаққа үлгі-өнеге.
Оқушылар арасында жүргізілген сауалнама оқушылардың ұлт көсемі Ахмет Байтұрсыновтың өмір жолы, шығармаларымен таныс екендіктерін көрсетті.
«Ел бүгіншіл, менікі -ертеңгі үшін» - деген Ахмет Байтұрсынов сөзі бүгінгі күнмен үндес.
Ахмет Байтұрсынов өзінің тұлғасы мен мұрасын жас ұрпақты білімді, рухани дүниеміздің биік болуына үлгі-өнеге болады
Ахмет Байтұрсынов өз халқының, өзі айтқандай «адамдық диқаншысы» бола білген ұлы тұлға.
Ахмет Байтұрсыновтың қоғам қайраткері санатында жасаған барлық еңбегі, тартқан қорлық, көрген азабы, болашаққа сенген үшін қалтқысыз қызмет етуге арналған.
Ахмет Байтұрсынов жайында зерттеу жұмыстары өте көп. Ұлт көсемінің еңбегін орыс, шетел ғалымдары да танып. Ерекше пікір білдірген.
Қиын кезеңде халық санасын оятуға күш-жігерін аямаған Ахмет Байтұрсынов есімін ұрпақтары ұмытпайды
Ахмет Байтұрсынұлының аса ірі қоғам қайраткері, мемлекет қайраткері, саясаткер ретіндегі қызметі туралы аз жазылған
Ахмет Байтұрсынұлының сан қырлы қасиеттерінің бірі - оның қоғамдық – саяси және мемлекеттік қызметі болып табылады.