Ахмет Байтұрсыновтың өзі, балаларды бүгінгі күнде құр сөз, «таусылмайтын» ақыл-кеңеспен тәрбиелегеннен гөрі және бастың өнегесіне, ғибраттылыққа, қоғамда орын алып жатқан әр қилы құбылыстарға сын көзбен қарап, өзіндік баға бере білуге баулу арқылы тәрбиелеу керек деген ойы қазіргі таңда да өз құқын жойған жоқ. Бесіншіден: «Жорты жаққан қалғанша мен сенікі» деп, қазақ халқы үшін аянбай еңбек еткен Ахмет Байтұрсыновтың ұлтқа жасаған қызметі – әр қазақ баласына, біздерге мәңгі үлгі –өнеге. Өз заманында:
... Тән көмілер, көмілмес еткен ісім, Ойлайтындай мен емес бір күнгісін. Жұрт ұқпаса, ұқпасын, жабықпаймын, Ел бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін– деген Ахмет Байтұрсынов сөзі бүгінгі күнмен үндес. [8]
«Ақ болсын, қоңыр болсын, қызыл болсын кім қазаққа қызмет етсе, мен сол жақтамын» деп айтқан. Ахмет Байтұрсынов сөзі [9] біздердің білімді болуымызға, рухымыздың биік болуына үндеп тұрғандай деп, «Ахмет Байтұрсынов –қоғам қайраткері» тақырыбындағы жобамның бірінші тарауының қорытынды тұжырымын жаздым.