Ғылыми жоба тақырыбы: Қазақ батырлар жырындағЫ Әулие-әнбиелер бейнесі мазмұНЫ: Кіріспе


Әулие-әнбиенің ерекше кереметтерінің бірі



бет4/13
Дата08.11.2022
өлшемі75,49 Kb.
#48431
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Қазақ батырлары жыры әулие әнбие көрінісі

Әулие-әнбиенің ерекше кереметтерінің бірі - перзентсіз ата-анаға ұрпақ сыйлайтын қасиеті екендігі қазақ мифтерінде, ертегілерінде, эпостарында, батырлар жырында тұрақты дәріптеледі. Әсіресе әулиенің шапағатына қатысты пайда болған қасиетті нысандар мифте өте-мөте иланымды суреттеліп, тіпті сол өлкелер ел жадында бұлтартпас деректермен куәландырылып, бүгінгі ұрпақтың да бағзы заманғы ғажайыпты көруіне бағыт-бағдар нұсқалып, соның нәтижесінде даламыздағы нақты бір өңір өткен мен бүгінгі күнді түйістіретін қуатқа ие. Қазіргі таңда да әулиеге мұқтаж жандар тәуәп ете барып, ғұрыптық жора орындайтын нүктеге айналған деуге әбден болады.
Ертегілерде де әулие перзентсіз жандарға ұрпақ сыйлайтын керемет иесі, бірақ бұнда мифтегідей нақтылы бір жағрапиялық өңір дәлме дәл көрсетілмейді, басқаша айтқанда, деректілік негіз әлсіреп, қиял күшейтілетіні байқалады.
Әулиеге табыну ғұрпы қазақ даласында шамандық жора-жосынмен синкретті сипатта үйлескенін бақсы сарынынан да байқауға болады. Мысалы, бақсы өзінің сарынын әулие-әнбиелерге сыйынудан бастаған:
Сайрамдағы сансыз баб,
Отырарда отыз баб,
Ең үлкені - Арыстан баб,
Ең кішісі - Алаша қап,
Сіздерден медет тілеймін.
Қазығұрт ата, әулие,
Арғы жақта Қыңырақ бар,
Бергі жақта Қарақ бар,
Сіздерден медет тілеймін...
Қазақстанда тәуелсіздіктен кейін діни бостандыққа ерік берілді. Сол себептен де ескі дәстүр қайта жаңғырып, әулиеге табыну, қасиетті жерлерге зиярат етіп сыйыну рәсімдері әр түрлі жағдайда қоғамда көрініс тауып отыр. Бұндай шаралар емшілік-саяхаттық, сонымен бірге өлкетанушылық бағытта да әр түрлі қауымдар мен діни ұйымдар тарабынан ұйымдастырылып, рухани қажеттілікке айналды.


1.2. Қазақ батырлары жырының сипаты мен діни ұғымдар

Қазақ ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан күрделі саласының бірі — батырлар жыры. Бұл жырлардың көпшілігі халықтың отанды сүю, басқыншы жаудан ел қорғау, халық үшін ерлік еңбек ету идеясынан туған. Басқыншы жаудың шапқыншылық шабуылдарына қарсы аттанған, одан ел-жұртын қорғап қалған батырларды, олардың ерлік істерін ардақтап халық аңыз-әңгіме, жырына қосқан. Сондай-ақ, халық адал еңбекті, еңбек адамдарының көпшілік үшін жасаған істерін де жырлаған, оған да ерлік сипат берген. Еңбек адамдарының ерлік ісін ел қорғаған батырлардың ісінен кем санамаған. Сондықтан да бұл екеуі халықтың ерлік істі суреттейтін батырлар жырының негізгі әңгімесіне айналған.


Ежелгі түркілер көкке, жерге сыйынған, шайқасқа бастайтын жол көрсетуші көк бөрі болған, отты киелі деп тұтқан, Ұмай анаға табынған. Осы көрініс қазақтың батырлар жырында да байқалады. Демек, «Күлтегін» жыры мен қазақтың эпостық жырлары үндесіп, сабақтасып жатыр. Сол себепті қазақтың эпостық жырларының әдепкі арналары түркі қағанатының кезінен басталады демекпіз.
М.Әуезов: «Түрік рулары мен қағанатының тілсіз таста қалдырған осынау жорықтары қырғыздың сол кезіндегі эпостық аңыздарының тууына ықпал жасаған... Эпостың туу дәуірін айқындап, анықтағанда осындай жәйттерді ескерту қажет», [10, 509] - деп атап көрсетті.
Осы пікірге орай түркі тілдес халықтар эпосының, оның ішінде қазақ эпосының тууына қатысты екені даусыз. Мәселен, Күлтегін мінген Азман ат, Қобыландының Тайбурылы, Алпамыстың Байшұбары бір-біріне ұқсайды. Бұл жырлардағы ортақ сюжет ел қорғаған батыр, оның жорыққа мінген аты болып отырады.
Күлтегін жорыққа мінген Торы ат, Алып Шалшы сияқты сәйгүліктер туралы оқи отырып, қазақ батырлар жырындағы, аяғы келідей «Шұбар» тұлпарды, бір өзі он екі биені емген, шапқанда бір төбенің шаңын бір төбеге қосатын «Тайбурылды» еске түсіреміз. Бұл тұлпарлардың эпикалық жырда түр-түсіне, сыртқы сипатына ерекше мән берілген. Сөзіміз дәлелді болу үшін мысал келтіріп, салыстырып өтейік.

  1. Күлтегін: Ақбоз Азманға мініп

Шабуылға ұмтылды.
Жаудың алты батырын шаншып,
Жекпе-жекте жетіншісін қылыштады [11, 32].
2. Қобыланды:
Тайбурыл атты ойнатып,
Қобыланды шықты даладан,
Ақырда тұрған бурылды
Шығарып ерттеп алады, -
Беліне терлік салады [12, 154].
3. Алпамыс:
Асыл туған Байшұбар,
Құстай ұшып шабады,
Болаттай төрт аяғы,
Шақпақтың отын жағады.
Тура келген қалмақты,
Шұбарға қамшы салады [13, 288].
Сол сияқты ел қорғаған батыр бейнесін, ерлік істерінің ұқсастығы да байқалады. Мысалы, «Күлтегінде»:
Түнде ұйықтамадым,
Күндіз отырмадым.
«Қобыландыда»:
Түн ұйқысын бөлгендей,
Қай шаһарға барасың, - десе
«Алпамыста»:
Күннен күнге түн қатып,
Бір Аллаға үн қатып.
Келтірілген үзінділердегі өз халқының тәуелсіздігі үшін, мәңгілік ел болып қалуына ұмтылған, түн ұйқысын төрт бөлген ерлердің батырлық қимылын көреміз.
Қазақ халқының түп тамыры қазақтың ру-тайпаларымен тығыз байланысты, сондықтан халқымыздың ежелгі тарихына көбірек көңіл бөліп, оны ғылыми тұрғыда зерделеуде әулие-әнбиелер мен батырлар жырындағы ұқсас сарындарды зерттеудің уақыты келген секілді.
Батырлар жыры бір ғасырдың ғана жемісі емес. Ол халықтың ертедегі тұрмыс-тіршілігіне, тарихына, қоғамдық өміріне байланысты туып, солармен бірге жасасқан. Сондықтан да батырлар жыры өзінің қалыптасып даму процесінде талай қоғамдық және таптық тілектерге сәйкес көптеген өзгерістерге ұшыраған, әрбір тарихи кезеңнің, қоғамдық және таптық ой-сананың, көзқарастардың алуан әсерін бойына жинай берген. Әрбір қоғамдық құрылыс, әрбір тап батырлар жырын өз тілегіне, өз мүддесіне сай етіп өзгертіп те отырған, олар батырлар жыры арқылы өздерінің қоғамдық және таптық идеясын таратуға тырысқан.
Фольклормен бірлікте қарастырылатын «Батырлар жырын» ғалымдар белгілі бір дәрежеде топтастыру қажеттігін ғылыми тұрғыда дәлелдеп, топтастыра бастады.
Фольклорда тұтастану құбылысы бар екенін Шоқан Уәлиханов та аңғарған. Қырғыздардың «Манасы» туралы қысқаша сипаттама берген тұста ол тарихи тұтастану мен бір адамға байланысты топтау (яғни фольклорлық циклге түсу) әдістерін меңзейді. Ш.Уәлиханов: «Манас – энциклопедия, халықтың бүкіл ертегілерінің, әңгімелерінің, аңыздарының, географиялық, діни, ойлау жүйесі мен білімінің, имандылық түсініктерінің бір уақытқа телінген, бір адамның, Манас батырдың төңірегінде топталған біртұтас жиынтығы», - [15, 87] деп ойын қорытады.
Міне, тұтастану құбылысы – фольклордың заңдылығы екенін осыдан байқауымызға болады. Жалпы зерттеушілер мен жинаушылар интуиция арқылы байқаған бұл заңдылықты біздің дәуірімізде де ғалымдар назарынан тыс қалмаған. Осы тұрғыда, әсіресе академик В.Жирмунскийдің еңбегін ерекше атаған жөн. Академик Шығыс пен Батыс халықтарының эпосын (кейде аңыз бен ертегілерін де) мейлінше кең салыстырмалы түрде зерттеген. Соның арқасында жалпы эпос жанрында сюжеттік, ғұмырнамалық және батыр (әмірші) төңірегінде шежірелік (генеологиялық) тұтастану бар екенін анықтап, оларды типологиялық тұрғыда сипаттап, бұл құбылыстың қоғам мен фольклордың даму деңгейіне қарай әр кезеңде әр қилы көрінетінін дәлелдеген.
В.В.Жирмунский фольклордағы тұтастануды арнайы проблема ретінде қарастырып, оның төрт түрін белгілейді.
Атап айтсақ, біріншісі – сюжеттік тұтастану.
Екіншісі – ғұмырнамалық (биографиялық) тұтастану.
Бұл жерде тыңдаушылардың батырға, оның өмірбаянына деген ынтықтығы негіз болған. Бұл тәсіл бойынша эпос батырдың туғаннан өлгенге дейінгі ғұмырын баяндайды. Өмірінің әр кезеңін әр түрлі әңгімейді. Мысалы, ғажайып жағдайда тууы мен ерлік көрсеткен тұстарын кең түрде көтермелеп суреттейді.
Тұтастанудың үшінші түрі – шежірелік (генеологиялық) сипаты болады.
Жырдың бұл түрі ерекше. Шарт бойынша эпос батырдың өзін ғана емес, оның ұрпақтарын да жырлайды. Эпоста сондай-ақ, батырдың ата-бабалары да жырналады. Бұл көп жағдайда тыңдаушылардың қалауы бойынша жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет