Ғылыми жұмыстың мақсаты: Қазақстан территориясындағы мәдени және тарихи ескерткіштердің тарихымен танысу. Ғылыми жұмыстың мақсатына жету үшін мынадай міндеттерді шешу көзделді:
-Мәдени және тарихи ескерткіштердің айырмашылығын көрсету;
-Ескерткіштердің зерттелу бағыттарын көрсету.
Зерттеудің әдістері: ғылыми ізденушілік, талдау, жинақтау.
Зерттеудің көздері: тарихи әдебиеттер, ақпараттық материалдар, мерзімдік басылым материалдары және т.б.
Жұмыстың құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
негізгі бөлім
Қазақстан территориясындағы мәдени және тарихи ескерткіштер. Тарихи - мәдени мұраны сақтау – стратегиялық маңызы бар мәселе. Ұлттық дәстүр, әдеби және мәдени құндылықтар, тарихи тәжірибе ұрпақтан ұрпаққа ауысып отыратын қазына. Сондықтан да еліміздің ұлттық тарихи, мәдени мұрасын зерделеуде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуына бастамашы болды.
«Мәдени мұра» бағдарламасы – тәуелсіз ел тарихында ерекше орын алатын жаңа әлеуметтік жоба. Тарихи бағдарлама ел рухының көтеріліп, ұлт жадының жаңғыруына септігін тигізетін сарабдал құбылыстардың біріне айналғаны ақиқат. Ел президентінің: «Қазір елдің жағдайы жақсарды, енді ұлы мұраларымызға қайырылып қарауымыз керек, бүкіл әлемдік рухани байлықты мемлекеттік тілімізде сөйлетуіміз керек, ол үшін орнықты бағдарлама керек, қаржы қарастыру керек. Бұл біздің болашақ алдындағы парызымыз. Тарихи парызымыз» - деген сөздері баршамызға күш-жігер қосады.
Еліміздің ұлан байтақ териториясының қойнауы тарихи, мәдени мұралар болады. Соның ішінде отыз мыңнан астам тарихи – мәдени ескерткіштің бес мыңы – ғылыми іздестіру жұмысына мұқтаж және бүгінгі күні терең зерттеп талдауды қажет етеді. Соның негізінде еліміздегі бай тарихи мұраларымызды, зерттеп, зерделеу келешек ұрпаққа дәріптеу мақсатында «Мәдени мұра» бағдарламасы жүзеге асырылды. Тарихи–мәдени мұра–бұрынғы замандардан жеткен нағыз энциклопедия, ол адамның танымы мен санасына әсер етуші құпия қырларын, сырларын жекелеп аша беретін қасиетке толы. «Мәдени мұра» бағдарламасы негізінде жеріміздің әр түрлі аймағында орналасқан тарихи, мәдени ескерткіштер мен көне қалалардың зерттелуі қолға алынды. Зерттеу нысандарына қарай екі бағытта бөліп қарастыруға болады. Біріншісі, көне қалалар тарихының зерттелуі, екіншісі, тарихи ескерткіштердің зерттелуі.
Достарыңызбен бөлісу: |