Ғылыми жоба тақырыбы: Ұлы Жібек Жолында орналасқан мәдени және тарихи ескерткіштер



бет6/6
Дата10.04.2022
өлшемі2,32 Mb.
#30497
1   2   3   4   5   6
Таңғажайып таңбалытас. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда бірқатар тарихи жәдігерлеріміздің сыры ашылып, ата-бабаларымыздың өткен өміріне қызығушылықпен қарайтын болдық. Даламыз қандай кең болса, ондағы жәдігерлеріміз де жеткілікті. Және олардың жер жағдайына бойланысты өз атаулары бар. Жамбыл ауданының батысындағы шөлейтті және жартылай шөлейтті аймаққа жататын Қарабастау елді мекенінің жазықпен шектескен таңбалы шатқалындағы талайды тамсандырған тастағы қашалған, бедерленген суреттер мен жазулар қазіргі кезде туризм көзіне айналып, халқымыздың бай мұрасы ретінде алыс-жақыннан келгендердің назарына ұсынылып, отырған тархи ескерткішіміз Таңбалытас.

Барысхан, Төрткөл қалашығындағы қазба жұмыстары жоғары деңгейде жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстар Ә.Х.Марғұлан атындағы археологиялық институты мамандарының қатысуымен және «Ежелгі Тараз ескерткіштері» қорық мұражай мекемесі қызметкерлерінің бақылауымен іске асырылуда. Одан өзге Құлан қаласынан Қарлұқ дәуіріне жататын «Қарлұқ сарайы» нысаны табылып, ол жердегі зерттеу жұмыстары одан әрі жалғасып жатыр. Қазба жұмыстары жүргізілген жер көтерме бастырмамен жабылған. «Ақыртас» сарай кешені маңындағы «Хан сарайы» нысаны да еңселендірілді. Үстіміздегі жылғы қазан айына дейін жоспарланған бұл жұмыстар қазір қызу жүргізіліп жатыр. Осы жылы болашақ зерттеу-экспозициялық орталықтың ірге тасы қаланып, біршама көтерілді.

Аталған ескерткіштерден басқа Жамбыл облысында басқа да тарихи ескерткіштер мол. Тараздың орта ғасыр тарихында өзіндік орны бар тарихи қала болғандығы мақтануға тұрарлық. Қазақстан территориясының қай аймағын алып қарасаңыз да тарихи сырға толы ескерткіштердің куәгері боласыз.
ҚОРЫТЫНДЫ

Біз зерттеу жұмысымыздың барысында Ұлы жібек Жолында орналасқан тарихи ескерткіштеріміз бен мәдени мұраларымыздың тарихы мен зерттелу барысына көз жеткіздік.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі жылдардағы әлі толық ашылмаған өткен тарихымыз азды көпті түгенделіп, олжамызға марқайып, айналаға асқан құмарлықпен қарайтын болдық. Осыдан болар, талай ғасыр ашық аспандағы қараусыз қалған тау мен үңгір қабырғаларындағы бедерленіп, қашалып жазылған суреттер мен белгілерге деген қызығушылық арқылы ата-бабаларымыздың өткен өмірі мен тіршілігінен хабардар болдық. Даламыз қандай кең болса, ондағы құнды жәдігерлер де жеткілікті.

Алайда, еліміз территориясындағы сан мыңдаған тарихи, мәдени мұраларымызды зерттеу барысында әр түрлі аймақтардағы жәдігерлердің әлі күнге дейін кейбір сырлары ашылмағандары қаншама? Біз зерттеу жұмысымыздың барысында бірқатар тарихи мұраларымыздың тарихына қанық болдық. Сондай-ақ, зерттеу нысанымызға айналған тарихи жәдігерлерімізді тарихи және мәдени мұра деп бөліп қарастырдық.

Тарих өткен мен бүгінгінің арасындағы алтын көпір деп тегін айтылмаса керек. Сонау өткен замандардан бүгінгі күнге дейін жеткен тарихи жәдігерлеріміз бен мәдени мұраларымыз ежелгі адамдардың табиғатпен арақатынасы, тұрмысынан, өмір тіршілігінен хабар беретін баға жетпес құндылықтарымыз екендігін тағы да дәлелдей түстік.

Біз осы ғылыми жұмысымыз арқылы қазақ даласындағы барлық тарихи сырлары ашылмаған мәдени мұраларымызды толығымен аштық деуден аулақпыз. Дегенмен, еліміздің сан ғасырлық тарихынан сыр шертетін тарихи, мәдени мұраларымыздың тарихымен таныстыру, өзіміздің азаматтық борышымыз деп есептедік.



Қолданылған әдебиеттер

1.Жанайдаров О. Ежелгі Қазақстан. Алматы: Аруна, 2008



2.Жұмаханов Т., Жұматаев Б., Шоңбай Т. Қазақ хандығы. Алматы: Аруна, 2004

3.Жанайдаров О. Ежелгі Қазақстан. Алматы: Аруна, 2007

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет