Ғылыми жоба тақырыбы: Ұлы Жібек Жолында орналасқан мәдени және тарихи ескерткіштер


Қарахан мазары-ХІ ғасырда салынған сәулетті күмбез, бірақ ескіріп, тозуына байланысты 1906 жылы қайта салынған



бет5/6
Дата10.04.2022
өлшемі2,32 Mb.
#30497
1   2   3   4   5   6
Қарахан мазары-ХІ ғасырда салынған сәулетті күмбез, бірақ ескіріп, тозуына байланысты 1906 жылы қайта салынған. Жаңадан салынған кезде оның ертедегі сәулеттік, декоротивтік көркемдігінің қалдықтары жойылған, сонымен бірге алғашқы жобасы да бұзылған. Қазір бұл күмбезді, жобасы төртбұрыш болып келген құрылыс. Қарахан әулие кісі болған, себебі ол туралы талай аңыз -әңгімелер баршылық

Айша-бибі кесенесінің маңына орналасқан Бабаджа хатун кесенесі тікше пішінді, тік бұрышты күмбезді құрылыстар қатарына жатады. Бұл кесене-орта ғасыр сәулет өнерінің кезеңдік дамуын сипаттайтын құрылыс. Бабаджа хатун ескерткіші сырт пішінінің жинағы, әрі қарапайым, оймыш өрнектерінің үйлесімді, қыш қалауының сапалы болуымен ерекшеленеді. Күмбез тұғыры аршамен құрсауланып, тақталардан суағарлар жасалуы сол кездегі құрылыс өнерінің өте жоғары дәрежеде болғанын көрсетеді. Сырт күмбездің биіктігі 86 см қырлы призманың үстіне орналастырылған. Ол Қазақстандағы 10-11 ғ. сақталған сәулет өнері ескерткіші.



Келесі ескерткіш Шомансұр (Дәуітбек) кесенесі. Бұл да портальды-күмбезді құрылыс. Күйген қыштан қаланған есіктері ою өрнектеліп, әшекейленген.

Тектұрмас- орта ғасырдан қалған сәулет өөнері ескерткіші. Тараз қаласының шығыс жағында Талас өзенінің оң жағалауында төбе үстінде орналасқан. Шамамен 14 ғ салынған, авторы мен салушысы белгісіз. Кесене толық қирап қалған, ол толық 19 ғ 80 жылдары түсірілген фот осурет арқылы ғана белгілі. Күйдірілген кірпіштен салынған, күмбезі болған іргесі төрт бұрышты болып келеді. Кіретін арқа тәрізді қақпасы батысқа Тараз қаласына қарай қараған. Жергілікті тұрғындар кесене Тектұрмас деген атпен белгілі болған әулие сұлтан Махмұтхан жерленген орны деп есептейді. Тектұрмас кесенесін 19 ғ аяқ кезінде В.А. Каллуар, 1939-50 ж. Г.И.Пацевич зерттеген. 2002 ж Тектұрмас кесенесін кәсіпкер Амангелді Момышев өз қаржысымен қайта тұрғызған. Әулие Қарахан тұсында әскербасы, жасауылбасы болып қызмет атқарған. Ол өз қызметін атқаруға шыққанда, қара жолдың үстіндегі жолаушы, керуен біткен түгел тексеруден өтеді екен. Көңіліне жақпаған жүргіншілерді өз бетінше жазалап, оларға өз бетінше шара қолданыпты. Жолаушы жұртты да, тұрғылықты елді де үнемі тексеріп, халыққа да тыныштық бермей, өзі де тыным алмай жүретіндіктен, көпшілік оны тектұрмас деп атап кеткен дейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет