Ғылыми жоба тақырыбы: Ұлы Жібек Жолында орналасқан мәдени және тарихи ескерткіштер


Кесте №1 Жібек жолында орналасқан көне қалалар



бет4/6
Дата10.04.2022
өлшемі2,32 Mb.
#30497
1   2   3   4   5   6
Кесте №1 Жібек жолында орналасқан көне қалалар


Көне қалалар



Сарайшық қаласы

Көк-Мардан қаласы

Қарамерген қаласы


Шірік-Рабад қаласы

Талхир қалашығы

Сайрам қаласы


Тараз қаласы

Олардың қатарында Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан орта ғасырлық тарихи қалаларды жатқызуымызға болады. Солардың бірі, тарихы бай, тағылымы мол, сан ғасырлар тоғысынан аман өтіп бүгінгі дәуірімізге аман жеткен Тараз қаласы – ежелден халқымыздың рухани – мәдени орталықтарының бірі дейтін үлкен мәртебеден төмендеп көрмеген киелі мекен.
Сурет №2 Ежелгі Тараз қаласы

Ежелгі қаланың «алтын белдеуінде» жатқан ұлттық мұраларымыз бабаларымыздың ерлік пен өрлікке толы ғұмырнамасының, олардың өткен өмірі, кешкен ғұмырының тірі шежіресі. Сол бай мұраны аман сақтап, аялап, келер ұрпаққа аманат ету бәрімізге ортақ парыз.

Мәдениеттің байлығы, адамға ғана тән ақыл-ойдың әлеуеті ұрпақтан-ұрпаққа жалғасу мен мәдени мұраға айналмақ. Бұларды түзу қандай қиын болса, сақталуы, мұра ретінде қолданысқа енуі одан да қиын.Тарихты жасайтын – адамдар, ал адамдарды өзгертетін құдірет – тарих деген қағида бар. Ұлы жібек Жолы бойында орналасқан тарихи, мәдени ескерткіштерді былайша топтастырдық.

Бірінші- Арыстанбаб кесенесі. ХІІ ғасырда өмір сүрген белгілі діни мистик Арыстанбаб құрметіне тұрғызылған. Алғашқы жөндеу жұмыстары ХІV-ХV ғасырларда жүргізілген. Содан бері алғашқы салынған ою өрнектер сақталынған. 1971 жылы кесене алғашқы үлгісіне негізделіп қайта қалпына келтірілген.





Екінші- Әулиеата өңірінде орналасқан, міне, осындай асыл қазыналардың бірі – Ақыртас сарай кешені. Ол Тараз қаласынан 40 шақырымдай жерде жатыр. Ұлан даланы мекендеген ұлы бабаларымыз әлемдік өркениет өрімдерінен нәр алған, өз дәуірінің ер тұлға перзенттері бола білгеннің бір бұлтартпас дәлелі осы. Алып жәдігердің өн бойынан адамзат ақыл ойының, білім мен шеберлігінің сан-салалы жетістіктерін байқауға болады. Шамамен ХІХ ғасырдың орта тұсынан бастап ғылыми әлемге белгілі болған «Ақыртас» сарай кешенін әр кезеңде Знаменский, Лерх, Бартольд, Бернштам, Каллаур, Бәсенов секілді ғалымдар мен өлкетанушылар зерттеп, зерделеген. Алайда, құпия сырға толы, құдіретті қуатқа ие осынау ұлы мұраның қандай мақсатқа арналған құрылым екендігі және оны кімдердің, қай кезеңде іргетасын қалағандығы туралы күні бүгінге дейін белгілі бір тұжырым жоқ. Сонымен қатар, осы тарихи орында үстіміздегі жылы мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді. Беріктігі бетон қуатымен пара-пар, жерасты су көзінен 180-200 метр биіктікте жатқан тау жынысын қақ жарып, аса ірі көлемдегі тас бөлшектерден қаланған Ақыртас тұғыр-тасының биіктігі, жер бедерінен ыңғайланғанда, шамамен 3,5-5 метр биіктікті құрайды. Тұғыр тастың үстіндегі қаланымдардың енінің өзі 2 метрден асады. Және қабырға қаланымдарына пайдаланылған қызыл құм тастар аса нәзік шеберлікпен қашалған. Қашанды тастардың бізге жеткен нұсқалары, сол ерте дәуірлерде өмір сүрген шеберлердің үздік өнерін, төзімі мен сабырын және сәулеткерлік өресін айқындап тұр. Ақыртасқа тек келу керек, «далалықтар» атанған алыптардың ақыл - парасатының биік өресін бағымдау керек.

Үшінші - Х-ХІІ ғасырда салынған Айша-бибі кесенесі біздің заманымызға, негізінен, бұзылған күйінде жетті. Кесененің тек батыс қабырғасының біраз бөлігі мен сонымен жапсарлас екі қабырғаның аздаған қалдықтары сақталған. Күн мен жаңбырдан, желден кесененің одан әрі зақымдануын болдырмас үшін кезінде әйнекпен қоршалып, төбесі жабылды. Ежелгі шеберлердің мұрасын қайта тірілту, оны екінші рет ашу, шынайы қалпына келтіру – үлкен білім мен талпынысты және қолға алынған істің орасан маңыздылығын түсінуді талап ететін аса игілікті еңбек. Сондықтан да Айша-бибі кесенесінің шынайы бейнесін келесі ұрпаққа жеткізу ғалымдардың арасында ұзақ жылдарға созылған пікірталас тудырды. Біреулері ескерткішті сол қалпында сақтап қалу керек десе, басқалары ескерткішті қайта қалпына дұрыстап келтіру керектігін айтты.

Тарихи ескерткіштердің суреттеріне, саяхатшы – ғалымдардың еңбектеріне көңіл бөлу қажеттілігі жөнінде сөз болды. Соңында белгілі сәулетші, қалпына келтіруші Ә.Итеновтың жобасы мақұлданды. Осы жоба бойынша қайта қалпына келтіру жұмыстарын «Казреставрация» ұжымының шеберлері жүргізді. Кесене қайта қалпына келтіру үшін, сақталып қалған кірпіштері зерттеліп, қайта орнына қойылды. Басқа кірпіштері мен терракотты қыш тақталары Түркістанда арнайы кірпіш зауытында дайындалып жеткізілді. Өйткені, кесененің салыну тарихы жайлы жазба дерек жоқ. Ескерткіш күмбезінің қандай пішінде болғаны белгісіз. Ғұлама шығыстанушылар мен атақты сәулетшілердің ізденістерінде оның пішіні болжам түрінде ғана айтылады. Ғалымдар мен мамандар Қазақстан мен Өзбекстандағы ескерткіштерді, осы екі елдегі сәулет өнерінің туындыларын терең зерттей келе Айша-бибі кесенесінің күмбезі конус тәрізді болған деген ортақ пікірге келді. Осы ұйғарым бойынша қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, кесененің күмбезі орнатылды.

Еліміздің мақтанышы, сәулет өнерінің інжу маржаны, Орта Азияда теңдесі жоқ сәулет өнерінің ескерткіші, міне, осылайша қайта қалпына келтірілді. Ол өзінің алғашқы ғажап бейнесіне толық енді десек те болғандай.

Төртінші - Әулиеата – Қараханға тұрғызылған кесене (ХІ-ХІІ ғ.ғ. сәулет ескерткіш) мен Бабаджа Хатун кесенесі де қайта қалпына келтірілді. Енді, міне, «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында күмбір күмбезді ескерткіштеріміз де еңселерін қайта тіктеуде.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет