Зерттеудің теориялық маңызы: Қазақстанда хор өнерінің даму кезеңдерін оқып-үйрену.
Зерттеудің теориялық маңызы: Қазақстанда хор өнерінің даму кезеңдерін оқып-үйрену.
Зерттеудің практикалық маңызы: Қазақстанда хор өнерінің даму кезеңдері мен Қазақстан композиторларының шығармашылықтарындағы хор – опера жанрының қалыптасуы мен хор өнерінің дамуына үлес қосқан дирижерлар мен хор жетекшілерінің тәжірибелеріндегі озық үлгілерін тарату.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Ғылыми жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және бөлімшелерден, сонымен қатар қорытынды бөлім мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Қазақстандағы хор өнерінің ұзақ жолын үш кезеңге бөлуге болады:
1. XX ғасырдың 30 – 40 жж. – қазақ халық әндерінің хорға арнап өндеуі басым болды.
2. XX ғасырдың 50 – 60 жж. – хор музыкасының жанрлар көлемінің ұлғайу кезеңі: бірегей хор шығармалары пайда болды, хор поэмасы, хор сюита жанрлары белсенді дами бастады.
3. XX ғасырдың 70 – 80 жж. – кантата – ораториялық, хор әндері, хор миниатюралары жанрларының даму кезеңі.
І.ҚАЗАҚСТАНДА ХОР ӨНЕРІНІҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ 1.1Қазіргі заманғы хор өнерінің даму процесінің деңгейі
І.ҚАЗАҚСТАНДА ХОР ӨНЕРІНІҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ 1.1Қазіргі заманғы хор өнерінің даму процесінің деңгейі
1917 жылдағы көтерілістен кейін ғана Қазақстанда хор өнері белсенді қарқынын ала бастайды. Хор өнері халықтың көңілі мен ойлау қабілетіне ықпалын тигізетін құралға айнала бастады. Совет үкіметі хормен ән айту өнерін көтерілістік – массалық әндер арқылы коммунистік ойларды насихаттаушы құрал ретінде қолданды. Әндер көтерілістерде, жиналыстарда, яғни, көп адам жиналатын жерлерде естілетін болған. Ол әндерде көтерілістің батырлары, олардың ерлігі әндетілді.
Көпдауысты хор тек Ұлы Октябрь революциясынан кейін ғана қолға алынды.
1924 – 25 жылдар Петропавл қаласына білім беру бөлімі И. В. Коцыкты Пед. Техникумға және қазақ, орыс хорларының жетекшілігіне шақырып алды. Композитор И. В. Коцыктың арқасында хор көпшілікке танымал болып өз жеке концерттерін ұйымдастырды.
1926 жылы Қызылорда қазақтың мемлекет драмалық театры дүниеге келді. Бұл театрдың ұйымдастырушысы Д. Ковалев болды.
1928 жылы театр Алматыға көшіп келіп сол ұжымнан алғашқы хор құрылды.
1933 жылдан бастап театрда Д. Коцык басқарған музыкалық студия жұмыс жасады.
1932 жылы қазақ радиокомитеті болсын З. Ф. Писаренко жетекшілігімен әйелдер хоры дүниеге келді. Бұл әйелдер хорының көркемдік жетекшісі Б. Г. Ерзакович болды. Ол алғашқы рет 2 дауысты халық әндерін өңдеп хорға арнап жазады.