Қазақстанда хор өнерінің даму кезеңдері мен Қазақстанда хор өнерінің дамуына үлес қосқан дирижерлар мен хор жетекшілері жайлы, хор өнерінің қазіргі заманауи кезіндегі даму процесі және оның болашаққа ықпалын зерттеу және талдау.
Хор музыкасын дамытудағы Қазақстан композиторларының еңбектері туралы;
Қазақстанда хор өнерінің дамуына үлес қосқан дирижерлар мен хор жетекшілерінің тәжірибелеріндегі озық үлгілерін зерттеу.
Зерттеу болжамы: Қазақстанда хор өнерінің даму жолдары мен хор өнерінің дамуына үлес қосқан дирижерлар мен хор жетекшілерінің тәжірибелеріндегі озық үлгілерін зерттей отырып, іс-тәжірибеде қолдану.
Зерттеу болжамы: Қазақстанда хор өнерінің даму жолдары мен хор өнерінің дамуына үлес қосқан дирижерлар мен хор жетекшілерінің тәжірибелеріндегі озық үлгілерін зерттей отырып, іс-тәжірибеде қолдану.
Зерттеу әдістері: Зерттеу тақырыбы бойынша жазылған ой-пікірлерге, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік ғылыми әдебиеттерге теориялық талдау жасау, бастысы -қазақ хор өнерінің даму тарихын зерттеу, анықтау, талдау;
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
Шығармашылық — бүкіл тіршілік көзі. Бұған бүкіл халықтық, жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді. Осыларды ескере отыра хор өнерінің даму тарихы мен қазақ хор өнерінің дамуына үлес қосқан дирижерлар мен хор жетекшілердің еңбектері мен тәжірибелеріндегі озық үлгілерді ашып көрсету ғылыми жұмыстың басты жаңалығына жатқызылады.