Ғылыми жоба тақырыбы:Қазақстандағы хор өнерінің даму жолдары


Қазақ композиторларының шығармаларындағы хор жанрының қалыптасуы



бет5/10
Дата03.05.2023
өлшемі114,23 Kb.
#89564
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
жобаа

1.2.Қазақ композиторларының шығармаларындағы хор жанрының қалыптасуы

Хор жанрын дамыту мақсатында Қазақстан композиторларының алдында тұрған міндет сол алғашқы онжылдықта орыс хор мәдениетінің озық үлгілерінен техникалық құралдар үйреніп халық әуендерге көңіл бөлу болды. Бұл ретте орыс музыканттарының И. В. Коцык, Д. И. Ковалев, Б. Г. Ерзаковичтің еңбектері орасан зор болды.

Қазақтың халық әндері хор мен капеллаға - фортепиананың сүйемелдеуімен қайта жазылды.

Петропавлдағы педтехникумда көпдауысты қазақ хорының тұңғыш жетекшісі И. В. Коцык болды. Бұл хор қазақ әндерін жариялаушы ретінде ең алғаш 1928 жылы Мәскеуде Қазақстан өнерінің 10 күндік өнерлерін көрсетті.

И. Коцыктың дирижерлауымен халық әндері «Ағажай», «Сырымбет», «Елім - ай» әндері орындалды.

Семей, Верный, Қызылорда қалаларының театрларында хор мәдениетінің өрендеуін қойылып жатқан спектаклдерде байқауға болады. Олар спектакль қойылымында халық жанрын топпен айта отырып, хор жанрын дамыта білді.

Қызылорда қаласында алғашқы хор тобын Д. И. Ковалев басқарды, олар халық әндерінің 50 дей шамасындағы әндерді хорға өңдеді. Д. И. Ковалев өңдеген әндер әр түрлі жанрда, жеке дауысқа, көп дауысқа және оның өңдеуіндегі шығармалар орыс хор стиліне жақындау екенін байқатты. Сондықтан Е. Брусиловский өңдеуіндегі «Ақтамақ», «Баянжан» әндері өз тыңдармандарын таба алмады. Стилі жағынан орыс хор жанрына жақын болып қазақтың дәстүрлі нақыштары сақталмады.

«Хорлан», «Ақ тамақ», «Баянжан» әндері Республикалық Радиокомитеті хорына арналып өңделіп жазылды. Хор жетекшісі композитор Б. Г: Ерзакович болды. Б. Г. Ерзаковичтің өңдеуінде «Япурай», «Гаухартас», «Гүлдерай» халық әндері кеңінен танымал болды. Ал «Қамажай» әні фортепиано мен домбыра сүйемелдеуінде орындалды.

1.3.Қазақстан композиторларының шығармашылықтарындағы хор – опера жанрының қалыптасуы

  • Ең алғашқы қазақ драма театры 1925 жылы сол кездегі ҚР астанасы Қызылордада құрылды. Құрамында: С. Қожамқұлов, Қ.Жандарбеков, Е. Өмірзақов, Қ. Қуанышбаев, Ә. Қашаубаев болды. Кейінірек бұл құрамға К. Байсеитова мен Қанабек Байсеитов және Манарбек Ержанов толықты. Бұл құрам кейін қазақ кәсіби театрының негізін қалаған мақтанышына айналды. 1933 жылғы 8 қыркүйекте қазақ райком ВКП (б) секретариаты шешімімен қазақ музыкалық театрының құрылуы туралы шешім қабылдады. Бұл театрда оннан астам композиторлар мен бірнеше ұстаздар жұмыс жасады.
  • Сол кезде студияның көркемдік жетекшісі, хормейстері, дирижері болған жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет