Қазақтың ұлттық хорларының бәрі де халықтық әндер негізінде туып, дамыды. Қазақтың халық әндерін өңдеу, көп дауысты хорга лайықтау тәжірибесі бірте-бірте жетіле түсті. Сол өңдеулердің нәтижесінен барып қазақтың қос дауысты және көп дауысты капеллалық хорлары келіп шықты.
Қазіргі таңда капелланың репертуарында хорға арналып өңделіп түсірілген халық әндері мен күйлері бар, сондай-ақ шығармалардың ірі түрлері сюита, поэма, кантата және ораториялар енген. Орыс және шет ел классиктерінің тамаша шығармалары, сонымен қатар, Қазақстан композиторлары -М.Төлебаев, Б. Байқадамов, Е. Рахмадиев, Ғ.Жұбанова, М. Сағатов, С. Мұхамеджанов, Қ.Қожамияров, М.Маңғытаев, Ж.Тұрсынбаевтардың шығармалары да репертуарда берік орын алған. Осындай шығармашылық-көркемдік әлеуеті биік капелла ұжымын Қазақстанда ғана емес, шет елге де өнер сапарымен шығуға жол ашты.
Бүгінгі жағдайда, жоғарыда аталып кеткен хор дирижерларына қарап Қазақстанның түпкір- түпкірінде хор ұжымдары кәсіби және көркемөнерпаздар дәрежесінде дамуда.
Барлық республикамыздағы музыкалық білім беретін орта және жоғарғы білім орталықтарында дирижер дайындау мамандығы қарастырылған. Бұл, Қазақстан хор өнерінің және дирижерлау мамандығының кең етек жайғандығын білдіреді.
Алдағы уақытта композиторларымыздың қайта құру талаптарына сай жазылған оймен сезід ерекше әсерлендіретін көркем туындыларын қазақ мемлекеттік хор капелласы халық арасында насихаттай береді.
Хор – классикалық өнердiң биiк шыңы. Мұны бiз бағалай бiлуiмiз қажет.