Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №6, 2010



Pdf көрінісі
бет61/67
Дата06.02.2017
өлшемі5,72 Mb.
#3564
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   67

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №6, 2010 

 

Оспанов Е.Ж. Модели и механизмы государственно-частного партнерства

 

 

 

Модель кооперации 



Частно- 

государственная 

Частно- 

государственное 

Частно- 

государственное 

Модель концессии 

Государственная 

Частно- 

государственное 

Частно-

государственное 



Договорная модель  

Частно 


-государственная 

Частное  

Частное  

Модель лизинга 

Частная  

Частно- 


государственное 

Частно- 


государственное 

 

414 


обязательств сторон, принципов распределения  рисков  между  партнерами.   

Особое место  в  механизме  ГЧП  принадлежит  форме собственности на 

активы,    которая  может  быть    представлена  по  возрастанию  автономности 

частного сектора в  следующих  модификациях

-  в  виде  сохранения  государственной  собственности  с  предоставлением 

частному  бизнесу права эксплуатации - DC  (Design, Construkt); DB (Design, 

Build); DBO (Design, Build, Operate); OM (Operate, Maintain);   OMM (Operate, 

Maintain, Manage); BTO (Build, Transfer, Operate);     

-в    виде  предоставления  частному    бизнесу  права  владения    на    срок, 

соответсвующий сроку окупаемости объекта - BOT (Build, Operate, Transfer);  

на  срок,  соответствующий  сроку  соглашения  -  BOOT  (Build,  Own,  Operate, 

Transfer);  на  срок,  соответствующий  сроку  лизингового  соглашения  -  BLT 

(Build,  Lease, Transfer); BLTM (Build,  Lease, Transfer, Maintain); 

-  в  виде    сохранения  права  собственности  за  частным  бизнесом  без 

передачи  его  государству    -  BOOR  (Build,  Own,  Operate,  Remove);  DBFO 

(Design, Build, Finance, Operate); DCMF (Design, Construkt, Manage, Finance); 

DBFOM (Design, Build, Finance, Operate, Manage); BOO (Build, Own, Operate). 

В  Казахстане  сделан  выбор  на    преимущественное      использование  

концессионной    модели  государственно-частного  партнерства,  в  которой 

право  собственности      сохраняется    за  государством    и  не  может  быть  

передано    частному  партнеру,    а  финансирование  и  управление 

характеризуются  сочетанием    государственных  и  частных    форм.    В  этом 

случае  взаимоотношения      участников  соглашений  ГЧП  строятся  на  основе  

механизмов первой модификации: DC, DB, DBO, OM,  OMM, BTO.   

В  целях  формирования  законодательной    базы  для  регулирования   

концессионных отношений и  обеспечения эффективной  реализации  таких 

соглашений    в  2006  году  был  принят    закон  "О  концессиях",    который        в 

соответствии  со  сложившимися  в  мировой  практике  механизмами    

предоставляет  возможность  для  частного  инвестора  инвестировать 

финансовые  и  технологические  ресурсы,  свой  опыт  и  новые  технологии  в 

государственные активы.  

  Экспертиза  концессионных  проектов  на  всех    этапах      их  подготовки 

осуществляется    созданным  в  июле  2008  года  Казахстанским  центром 

государственно-частного  партнерства,  который    наделен  полномочиями    по 

участию  в оценке эффективности их реализации.  

 

ЛИТЕРАТУРА 



 

1.

 



Государство и бизнес: институциональные аспекты. -М.: ИМЭМО РАН, 2006.-С. 40. 

2.

 



Интервью  зам.  председателя  правления  АО  "Казахстанский  центр          ГЧП"  З.Сейдимбек 

агентству "Казахстан Сегодня"  

http://www.kt.kz/index.php?lang=rus&uin=1133169071&chapter=1153469107

.

 



 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №6, 2010 

 

 

Ж.О.ТОХАЕВА 

 

415 


А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің аға оқытушысы 

 

АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНДЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІ 

ДАМЫТУДЫҢ АЙМАҚТЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 

 

В  статье  рассмотрены  теоретические  основы  развития  инновационных  процессов  в 



агропромышленном секторе региона. 

 

This  article  deals  with  some  theoretical  bases  of  development  of  innovational  processes  in  the 

agricultural sector of the region. 

 

Мемлекет  көлемінде  инновациялық  өсу  мүмкіндіктерін  ұлғайту  үшін 

аймақтардың  да,  аумақтардың  да  инновациялық  әлеуетін  оларда  бар  және 

толық көлемде қолданылмайтын ғылыми­техникалық қорларды жандандыру 

арқылы теңестіру елеулі қорлардың бірі болып табылады. 

Шетелдік  тәжірибе  бұл  мәселені  шешудің  индустриалды  елдердің 

көпшілігі  қосымша  экономикалық  қиындықтармен  және  аймақтардың 

дамуының  біркелкі  еместігі  нәтижесінде  әлеуметтік  шиеленісушіліктің 

өсуімен  өткір  соқтығысқан  кезде,  өзектіге  айналғанына  куә  болады.  Алайда 

дүниежүзілік  тәжірибе  көрсеткендей,  тіпті  ең  жақсы  аймақтар  да  әдетте 

инновациялық  әлеуетті  көтеруді  қажет  етеді,  себебі  бұл  онда  орналасқан 

кәсіпорындардың бәсеке қабілеттігін ұстап тұруға немесе көтеруге, қосымша 

жұмыс  орындарын  құруға,  ірі  компаниялардың  филиалдарын,  соның  ішінде 

шетелдерден  тартуға  жақсы  мүмкіндіктер  береді.  Соңғы  жағдай  аймақтық 

дамудың  қосымша  қаржылық  қорларын  табу  үшін  жаңа  мүмкіндіктердің 

ғаламдану процестерінің аясында пайда болуы көзқарасынан маңызды мәнге 

ие  болады.  Ақырында,  инновациялық  мәселелерге  қадала  көңіл  аудару 

дағдарыс  кезінде  нарық  конъюнктурасының  өзгеруінде  үлкен  қауіп­қатерге 

тап  болған  өндірісті  мамандандырудың  жоғарғы  деңгейімен  аймақтардың 

экономикасын әртараптандыруға мүмкіндік береді.  

Аймақтық  инновациялық  дамуды  қамтамасыз  ету  ­  тек  экономикалық 

емес, сонымен қатар үкімет пен жергілікті өкімет ұйымдары жағынан елеулі 

көңіл  бөлуді  қажет  ететін  әлеуметтік­саяси  міндет  екендігі  туралы  айтуға 

болады.  «Аймақтық»  сөзі  соңғы  кездерде  түрлі  экономикалық  ұғымдарға 

қолданылады. Бұл экономикалық ұғымдарды қолдану, сірә, әртүрлі себептер 

бойынша  қалыптасқан  жеке  территориялардың  экономикалық  дамуының 

біркелкі  еместігінен  туындайды.  Осы  айырмашылықтардың  объективтік 

сипаты  және  олармен  туындаған  қайшылықтар  мемлекеттік  басқару 

ұйымдары  мен  әртүрлі  деңгейдегі  жергілікті  өкіметті  аймақтық 

экономикалық  даму  процестерін  күшейту  үшін  қосымша  қорлар  іздеуге 

мәжбүрлейді. 

Бұл  жағдайда  көзделетін  экономикалық  және  саяси  мақсаттардың 

әралуандығын  атап  көрсету  пайдалы.  Кез  келген  мемлекет  оған  кіретін 

аумақтардың экономикалық жағдайларының теңестірілгеніне мүдделі, себебі  



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №6, 2010 

 

Тохаева Ж.О.

 

Агроөнеркәсіп кешенінде инновациялық процестерді дамытудың

 

аймақтық... 

 

 


 

416 


осының  арқасында  саяси  тұрақтылық  қамтамасыз  етіледі.  Алайда  үкіметтің 

барлығына  бірдей  аймақтық  даму  қажеттіктеріне  қаржылық  және 

материалдық­техникалық қорлар бөліп беруіне мүмкіншіліктері жоқ. 

Бұл  процесте  белсенді  рөл  атқаруға  бұрынғы  жылдарда  қалыптасқан 

ғылыми­зерттеу  мекемелері  мен  жоғары  оқу  орындарының  тармақтары 

қабілетті.  Олардың  жиі  қарастырылмаған  ғылыми­техникалық  және 

инновациялық  әлеует  аймақтық  дамыту  мәселесіне  қайта  бағыттауды  қажет 

етеді.  Бұдан  барлық  мүдделі  жақтар  ұтады.  Өндіріс  саласымен  байланысты 

жергілікті кәсіпорындар жоғары оқу орындарынан жаңа идеялар, зерттеулер 

түрінде  елеулі  қолдаулар,  және  сонымен  қатар  өзгерген  экономикалық 

жағдайлардағы  жұмысқа  дайындаған  жаңа  мамандардың  ағылуын  алуы 

мүмкін.  Аймақта  шоғырланған  ғылыми  ұжымдар  және  жеке  ғалымдар  өз 

білімдерін  жұмсауға  жаңа  салалар  табады,  мүмкін,  қаржыландырудың 

қосымша  көздерін  табар.  Сонымен  бірге,  қаралып  отырған  облыстағы 

нақтылы  саясаттың  мүмкіндігі  қалыптасқан  экономикалық  жағдайлармен 

анықталады.  Сондықтан  оны  жүзеге  асыру  бойынша  әртүрлі  шаралар 

қолданудың  бірыңғай  ережесі  болмайды.  Әрбір  мемлекет  және  әрбір  аймақ 

аймақтық  инновациялық  даму  міндеттерін  шешуге  өз  ерекшеліктерін, 

дәстүрлерін, қорларын және қажеттіліктерін есепке ала отырып келеді [1]. 

Артта  қалған  аймақтар  экономикасын  көтеру  үшін,  онда  жиналған 

ғылыми-техникалық  әлеуетін  кәсіпкерлік  белсенділікті  көтерумен  үйлестіре 

пайдалануға  қою  мемлекеттің  күш  салуының  ауырлық  орталығын  көмек 

көрсетуге және ішкі қорларды жұмылдыруға ауыстырады. Басқаша айтқанда, 

мемлекет  жақтан  тікелей  қолдаудың  сыбағалы  салмағы  азаяды,  реттеудің 

жанама  әдістерінің  мәні  өседі.  Әрине,  айтылған  үрдіс  шеңберлерінде 

экономикалық  қатынаста  өткір  әлеуметтік­экономикалық  мәселелермен 

соқтығысқан,  осы  мекемелерді  өз  бетінше  шешуге  қабілетсіз  аймақтар  мен 

территорияларды тікелей мемлекеттік қолдау өз рөлін сақтайды.  

Мемлекеттік  инновациялық  саясаттың  негізгі  бағыттарына  мыналарды 

жатқызуға болады: 

 

инновациялық 



іс­әрекетті, 

инновациялық 

саладағы 

ақыл­ой 


меншіктілігін  қорғауға  жағдай  жасау  механизмдерін  нормативтік­құқықтық 

қамтамасыз  етуді  жете  зерттеу  және  жетілдіру  және  оны  шаруашылық 

айналымына енгізу; 

 



инновациялық  іс­әрекетті  кешенді  қолдау  жүйесін  құру,  өндірісті 

дамыту, бәсекеқабілеттікті және ғылыми сыйымды өнім экспортын көтеру

 

инновациялық  процестің  инфрақұрылымын  дамыту,  ақпараттық 



қамтамасыз ету жүйесін, сертификаттау мен жете зерттеулерді алға жылжыту 

жүйелерін, кадрларды дайындау және қайта дайындау жүйесін қосқанда

 

шағын инновациялық кәсіпкерлікті дамыту; 



 

 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №6, 2010 

 

Тохаева Ж.О.

 

Агроөнеркәсіп кешенінде инновациялық процестерді дамытудың

 

аймақтық... 

 

 


 

417 


 

инновациялық  жобалар  мен  бағдарламаларды  іріктеудің  конкурстық 



жүйесін жетілдіру; 

 



ең  жаңа  технологияларды  және  ел  мен  оның  аймақтарының 

экономикасының  тиісті  салаларын  қайта  құруға  қабілетті,  инновациялық 

дамудың басымды бағыттарын жүзеге асыру. 

Мемлекеттік 

инновациялық 

саясат 


аймақтарды 

инновациялық 

дамытудың  әлеуметтік-экономикалық  саясатының  бөлінбейтін  бөлігі  болуға 

арналған,  себебі  өзінің  мәні  мен  мазмұны  бойынша  қоғамның  барлық 

құрылымын  түбірінен  өзгертуге  және  оның  ұдайы  өндіруші  механизмдерін 

өзгертуге мүмкіндік беретін құралдардың бірі болып табылады. 

Сонымен,  инновациялық  саясат  деп  ғылым,  техника,  өндіріс  және 

тұтыну  салаларындағы  жаңалықтарды  жасау,  тарату  және  меңгеру 

процестерін қоғамның мүдделі және белсенді қабыл алуына бағытталған, оң, 

экономикалық және ұйымдық сипаттағы шаралар кешенін ұғынамыз. 

Аймақтық инновациялық саясат мақсатттарының ерекшелігі жаңа ұдайы 

өндіру  механизмін  қалыптастыру  үшін  жағдайлар  жасау  болып  табылады, 

оның  шеңберінде  нарықтық  бәсекелестік,  кәсіпкерлік  белсенділік  және 

қызығушылық өндіріс пен тұтыну саласында инновацияны табиғи меңгеруге 

мүмкіндік береді, ал мемлекет осы құралдардың көмегімен осы үшін қажетті 

жағдайлар жасайды. 

Инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу инновациялық саясаттың ең 

түйінді сұрақтарының бірі болып табылады. Бұл мәселені шешудің екі амалы 

бар.  Бірінші  жағдайда  мемлекет  осындай  қызметтердің  үлкен  бөлігін  өзіне 

алады,  және  соған  сәйкес,  қажетті  қорлардың  шоғырлануын  қамтамасыз 

етеді,  оларды  бөлу  принциптері  мен  механизмдерін  анықтайды,  оларды 

пайдаланудың  тиімділігіне  жауапкершілікте  болады.  Басқа  жағдайда  ол 

мемлекеттік  емес  құрылымдарға  елеулі  әрекет  ету  еркіндігін  береді,  өзіне 

реттеу қызметінің тек біршама аз бөлігін қалдырады, көбінесе инновациялық 

саладағы микроэкономикалық процестерге қатысты. 

Инновациялық  қызмет  күткен  нәтижелерді  тиімді  ұйымдастырылған 

кезде  ғана  береді.  Және  де  дүниежүзілік  тәжірибесі  бұл  іс-әрекеттің, 

негізінен,  инновацияларға  аймақтық  қажеттіліктер  бағытталғанда  нәтижелі 

болатынын  дәлелдеді.  Мұндай  амалда  инновациялық  саясатты  жүзеге 

асырудың  негізгі  міндеті  аймақтың  инновациялық  әлеуетін  есепке  алумен 

өндіріс  тиімділігін  көтеруге  мүмкіндік  беретін  инновациялық  қызметтің 

келешегі  бар  бағыттарын  іріктеу  болып  табылатын  аймақтық  ғылыми-

инновациялық орталықтарды құру керек [2]. 

Дамыған  шетел  елдерінің  тәжірибесіне  еліктеу,  әдеттегіше,  ұлттық 

экономиканың  ерекшеліктерінің  нәтижесінде  жақсы  нәтижелер  бермейді. 

Бұдан  басқа,  инновациялық  іс-әрекетті  жүзеге  асырудың  дәстүрлі  тәсілдері 

елеулі  инвестицияларды  

қажет  етеді. Жоспарлық  экономикаға  тән  және

  

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №6, 2010 

 

Тохаева Ж.О.

 

Агроөнеркәсіп кешенінде инновациялық процестерді дамытудың

 

аймақтық... 

 

 


 

418 


бірыңғай ғылыми-техникалық саясатты сақтау мақсатында туындаған, елдегі 

инновациялық  іс-әрекетті  орталықтандырып  ұйымдастыру,  тәжірибе 

көрсеткендей,  тиімсіз  болды.  Қазақстан  үшін  инновациялық  іс-әрекетті 

ұйымдастырудың  ең  қолайлы  үлгісі,  бірінші  кезекте,  аймақтық 

ерекшеліктерге  және  инвестициялау  тиімділігін  бір  мезгілде  көтерумен 

капитал 


сыйымдылықты 

елеулі 


төмендетуге 

мүмкіндік 

беретін 

инновацияларға деген қажеттіліктерге бағытталған болуы керек. 

Қазіргі  заманғы  экономикалық  жағдайда  аймақтық  ғылыми-техникалық 

саясат  ерекше  мәнге  ие  болуда,  оның  ерекшелігі  оның  әлеуметтік 

бағыттанушылығы және жергілікті мүмкіндіктер мен ерекшеліктерді ескеруі 

болып 


табылады. 

Ғылыми-техникалық 

қызметтің 

негізгі 


басымдылықтарының бірі жергілікті әлеуетті ғылыми сыйымды өндірістерді 

одан  әрі  дамыту  үшін  ішкі  аймақтық  мәселелерді,  аймақтардың  әлеуметтік 

және  өндірістік  инфрақұрылымдарының  жұмыс  істеуінің  тиімділік  деңгейін 

көтеру үшін пайдалану болып табылады. 

Ғылыми-техникалық  іс-әрекет  саласында  қалыптасқан  жағдай  ғылыми-

техникалық  саясатты  қалыптастыру  мен  жүзеге  асыру  практикасының 

жетілмегендігімен  қиындайды.  Қазіргі  уақытта  республикалық  және 

аймақтық ұйымдар арасында қызметтерді айқын шектеумен жеткілікті тиімді 

тұтас  басқару  жүйесі  қалыптасқан  жоқ.  Жоғарыда  айтылғандарға  сүйене 

отырып,  әртүрлі  басқару  деңгейлеріндегі  (республикалық  және  аймақтық) 

инновациялық  іс-әрекеттерді  реттеудің  негізгі  мақсаттары  мен  міндеттерін 

бөліп шығаруға болады: аймақтың ғылыми-техникалық әлеуетін сақтау және 

тиімді  пайдалану;  аймақтық  мәселелерді  шешуді  ғылыми-техникалық 

қамтамасыз ету; аймақтың ғылыми-техникалық потенциалының, ең алдымен 

кадрлық әлеует пен ғылымды инфрақұрылымдық қамтамасыз етуді дамытуға 

көмек беру [2]. 

Аймақтық  деңгейде  АӨК-де  инновациялық  процестердің  дамуына 

жағдай 


жасаушы 

бағыттардың 

бірі 

облыстық 



аграрлық-ғылыми-

инновациялық  қорларды  құру  болуы  мүмкін,  олардың  негізгі  міндеттері 

ғылымды қолдау және келешегі бар ғылыми өңдеулерді енгізуді қамтамасыз 

ету  болып  табылады.  Облыстық  аграрлық  ғылыми-инновациялық  қор 

ауылшаруашылық,  қайта  өңдеу  және  қызмет  көрсету  кәсіпорындарындағы 

және  әртүрлі  меншік  түріндегі  ұйымдардағы  ғылыми-инновациялық 

процестердің  үйлестігін,  бақылауын  және  қаржыландыруын  қамтамасыз  ету 

үшін  мамандандырылған  қаржылық  ғылыми-инновациялық  мекемелер 

ретінде  құрылуы  мүмкін.  Қор  қызметіне  мыналар  кіруі  мүмкін:  аймақтық 

АӨК  бірыңғай  инновациялық  стратегиясын  қалыптастыру;  бюджеттік  және 

бюджеттік  емес  қаржылық  қорларды  шоғырландыру  және  АӨК  дамытудың 

стратегиялық  бағыттарын  ғылыми  қамтамасыз  етуді  қаржыландыру; 

жеңілдікпен  несиелеу  негізінде  келешегі  бар инновациялық бағыттарды

  

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №6, 2010 



 

Тохаева Ж.О.

 

Агроөнеркәсіп кешенінде инновациялық процестерді дамытудың

 

аймақтық... 

 

 


 

419 


тездете дамытуды қамтамасыз  ету; жаңа  технологияларды  меңгерумен  және 

енгізумен  айналысатын  шағын  ұйымдық  құрылымдарды  қолдау;  өңдеуге, 

сараптама  жүргізуге,  аймақтық  ғылыми-техникалық  және  инновациялық 

бағдарламалар  мен  жобаларды  конкурстық  іріктеуге  және  жүзеге  асыруға 

қатысу.  

Қазіргі таңда ғалымдар инновациялық дамудың аймақтық орталықтарын 

құрудың 

дүниежүзілік 

тәжірибесіне 

жүгінуді 

ұсынады. 

Олардың 


қызметтерінің  ең  маңызды  бағыттарына  аймақ  қорларын  инвентарлау  және 

оның  әлеуметтік-экономикалық  дамуының  бағдарламасын  жасау  жатады; 

ғылым  мен  оқу  және  ғылыми  мекемелердің  өзара  әрекеттесу  мәселелері 

бойынша  жергілікті  өкімет  ұйымдарына  кеңес  беру  жатады.  Қолданбалы 

жұмыстарды  қаржыландыру  мемлекеттік  бағдарламалар  бойынша  немесе 

жекешелеген ғалымдар мен ғылыми ұжымдарға гранттар беру арқылы жүруі 

мүмкін.  Жаңалықтар  енгізу  негізінде  шығындар  бөлігінің  орнын  толтыру 

үшін жаңа технологиялар мен жаңа өнім түрлерін меңгерген кәсіпорындарға 

тікелей немесе жанама көмек беру маңызды (сурет 1). 

 

 



  

Сурет 1 . АӨК-ғы инновациялық іс-әрекетті басқару басымдылықтары 

 

Аймақтық  даму  орталығы  тәуелсіз  агенттік  статусына  ие  болуы  керек. 

Мұндай  ұйым  көптеген  көздерден  қаржыландырылуы  мүмкін:  мемлекеттік, 

жергілікті бюджеттерден, кәсіпорындармен келіссөздер жасау есебінен.  



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №6, 2010 

 

Тохаева Ж.О.

 

Агроөнеркәсіп кешенінде инновациялық процестерді дамытудың

 

аймақтық... 

 

 

Негізгі бағыттар 

Барлау мен негізгі 

зерттеулерді 

дамыту, 

ғылымның 

басымды 

бағыттары 

бойынша іс 

жүзінде 


жұмыстарды 

тездету 


АӨК барлық 

салаларында қарқынды 

және қорларды 

сақтаушы 

технологияларды, 

оларды кеңінен енгізу 

негізінде меңгеру

 

АӨК-да инновациялық 



іс-әрекетті басқарудың 

ұйымдық құрылымын 

және шаруашылық 

механизмін жетілдіру 

Шығармашылық іс-

әрекетті дамыту 

арқылы адам 

факторын 

жандандыру, 

жұмыстың соңғы 

нәтижелері үшін

 

жауапкершілік



 

Ауылшаруашылығын 

жан-жақты 

химияландыру  

Үдемелі техниканы және 

суландырып жер өңдеу 

құрылысындағы материалдарды, 

суландыру мен құрғатудың жаңа

 

тәсілдерін ескерумен жерлерді 



өңдеу

  

 



Техниканың, құрал-

сайманның және 

аспаптардың жаңа 

буындарын жасау және 

қолдану негізінде АӨК 

механикаландыру, 

автоматтандыру, 

электрлендіру 



 

420 


Мұндай  орталықтарды  құру  министрліктерге  аймақтардағы  ғылымның  жай-

күйі  туралы қолма-қол  мәліметтер алуға  мүмкіндіктер берген болар  еді,  сол 

арқылы инновациялық саладағы ақпараттық алмасуға мүмкіндік берер еді. 

Дағдарыстық  даму  кезеңінде  ғылыми-техникалық  саясаттың  негізгі 

міндеттері  маңызды  зерттеулерді  мемлекеттің  тікелей  қолдауында  ғылыми-

техникалық  әлеуетті  сақтау  және  қолданбалы  зерттеулер  мен  тәжірибелік-

конструкторлық  жұмыстарды  ұдайы  өндіріс  процесіне  тиімді  тарту  үшін 

алдын  ала  жағдайлар  жасау  болып  табылады.  Бұдан  басқа,  бұл  саясаттың 

міндетіне Қазақстан аумағында бірыңғай ғылыми-техникалық кеңістікті және 

халықаралық  ғылыми-техникалық  байланыстарды  сақтау  кіреді.  Бұл 

міндеттерді  шешу  бар  қорларды  барынша  пайдалану  шарттарында, 

республикалық  және  аймақтық  құрылымдардың  күштерін  олардың 

құқықтары мен жауапкершіліктерін айқын бөліп біріктіру шарттарында ғана 

мүмкін [3]. 

 

АӨК  реформалаудың  мақсатқа  сәйкес  және  ең  тиімді  бағыттарын 



таңдау  үшін  қайта  құру  тұжырымдары  мен  инновациялық  бағдарламалары 

керек,  жақын  және  орта  мерзімді  келешекке  оларды  болжамды  бағалауы 

керек.  Нақтылы  аймақ жағдайында  мұндай  амалдардың  мәні,  тиісті  басқару 

құрылымдарын  кәсіпкерлік  тактикасымен  және  стратегиясымен  қамтамасыз 

ете отырып өседі. 

 

АӨК инновациялық дамуын болжаудан бұрын оның агроөнеркәсіптік 



өндірістің  салалары  мен  АӨК  саласының  жағдайын  талдау  керек.  Ғылыми-

техникалық  әлеуетті  қалыптастырудың  аймақтық  аспектілері  ерекше 

зерттеуді  талап  етеді.  Осы  негізде  АӨК  инновациялық  қызметті  басқару 

басымдылықтары анықталады.  

 

Сонымен, инновациялық процесс  – бұл, біріншіден, ғылыми-зерттеу, 



ғылыми-техникалық,  инновациялық,  өндірістік  қызмет  пен  маркетингті  бір 

ізді  жүзеге  асыру;  екіншіден,  бұл  жаңалықтарды  идеяның  пайда  болуынан 

бастап  оны  жасап  шығару  мен  таратуға  дейінгі  тіршілік  айналымының 

уақытша кезеңдері; үшіншіден, бұл өнім немесе қызметтің жаңа түрін жасап 

шығару мен таратуды қаржыландыру және инвестициялау процесі.  

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1.

 



Королев Ю.Б., Коротнев В.Д., Кочетова Г.Н., Никифорова Е.Н. Менеджмент в АПК. Москва: Колос, 

2000, стр. 214-218. 

2.

 

Оглобин  Е.,  Санду  И.  Организационные  основы  инновационной  деятельности  в  АПК  //  АПК: 



экономика, управление. №4, 2003, стр. 28. 

3.

 



Есполов Т. Эффективность АПК Казахстана. Алматы, НИЦ Ғылым, 2002, стр. 448. 

 

 



 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет