А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №6, 2010
А.Қ.НАДИРОВА
421
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистранты
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ
МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСҚАРУЫНДА ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
В данной статье расcматриваются пути развития государственного управления малого и
среднего бизнеса в Республике Казахстан.
This article deals with the ways of state development of small and average business in the Republic of
Kazakhstan.
Шағын және орта бизнес кәсіпорындарының тұрақты жұмыс істеуін
қамтамасыз ету үшін олардың экономикалық ортасын жақсартуға арналған
көптеген нақты іс-шараларды қарастыратын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
және дамыту концепциясын жасау қажет. Өйткені, кәсіпкерлікті дамыту
мәселелерін концепцуалды түрде шешу шағын және орта бизнес саласына
бағытталған өнеркәсіптік саясатты ендігі жүзеге асыруда жіберілетін кейбір
қателіктердің алдын алуға және жұмыс қарқынын үдетуге көмектеседі.
Сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті дамыту жөніндегі іс-шаралар да орта
мерзімге арналған нақты даму бағыттарын айқындай түседі.
Аталмыш концепцияны жасау барысында құқықтық-базаның өзара
қатынасын және қаржылық-несиелік қолдау, сонымен қатар кәсіпкерлердің
де, мемлекеттің де мүдделері ескерілген аймақтық аспектілермен нақты
жобаларды қарастыратын, қамтамасыз етуші және қорытындылаушы
бөлімдерден тұрады [1.236].
Концепцияның мақсаты кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту
стратегиялары мен оларды жүзеге асыратын нақты механизмдерін өңдеу
болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін келесідей басты міндеттерді шешу қажет:
-
құқықтық өндірістік ресурстармен қамсыздандыру;
-
кәсіпкерлікті өндірістік ресурстармен қамсыздандыру;
-
нарықтық инфрақұрылымдар институттарын дамыту;
-
кәсіпкерлікті ақпараттық және ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қолдау;
-
кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу органдары жүйесін жетілдіру.
Концепцияда келесідей кәсіпкерлікті дамыту шаралары қарастырылған:
1. Шағын және орта бизнесті қолдау:
а) өнеркәсіп саласында;
- дәстүрлі өндіріс салаларында шағын кәсіпорындарды дамыту;
- жаңа технологияларды игеру негізінде соңғы өнімді өндіру;
- кайта өңдеу, өнеркәсіптер жүйесін дамыту.
ә) халықтық тұтыну тауарлары өндірісінде:
- отандық шикізатты қолдануға бағытталу;
- импортты алмастырушы тауарларды ендіру;
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №6, 2010
Надирова А.Қ. Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті
мемлекеттің басқаруында...
- экспортқа бағдарланған өнімдерді шығару.
422
б) инновациялық қызмет саласында:
- ғылым сыйымды өндірістерде ұйымдастыру және дамыту;
- шағын жаңашыл кәсіпорындар жүйесін, аймақтық инновациялық және
технологиялық қолдау көрсету орталықтарын дамыту:
- көлік, байланыс, құрылыс салалары мен құрылыс материалдары
өндірісінде технологиялық және зерттеу парктерін сондай-ақ бизнес
инкубаторларын құру.
2. Шағын және орта кәсіпкерліктің ірі бизнеспен үйлесімділігін нығайту.
Осы бөлімде Қазақстан Республикасындағы шағын және ірі кәсіпкерлік
еркіндігін қорғауға және мемлекеттік қолдауға бағытталған қолданыстағы
заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу және жаңа заңдар мен
нормативті актілерді шығару үрдісі қарастырылады. Сонымен қатар, жалпы
кәсіпкерлікті құқықтық тұрғыдан қолдау және қорғау тәжірибесі үйретіліп,
кәсіпкерлер одағы мен бірлестігінің қатысуымен оларды дамыту және
жетілдіру ұсыныстары беріледі.
Үкіметтің кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі саясаты жеке сектордың
экономикасын, өсу қарқынын жеделдетуге қолайлы жағдай жасауға және
оның нарыққа кіруін жеңілдетуге бағытталуы тиіс. Сондықтан да, кәсіпкерлік
құрылымдарының өкілдерімен бірге пайдаланылмаған өндірістік ғимараттар
мен құрал-жабдықтарды, жер учаскелері мен алаңдарды, аяқталмаған
құрылыс объектілерін шағын және орта бизнес кәсіпорындарына беру
мақсатында санақтан (инвентаризациядан) өткізу керек.
Концепцияда
ұлттық
бағдарлама
үшін
шағын
және
орта
кәсіпорындардың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету шаралары
көрсетілген.
Кәсіпкерлікті қаржылық қолдау ісінің маңызды шарты инвестициялар
болып табылады. Жеке кәсіпкерлік қоғамдары табиғи, адамдық және
ұйымдық ресурстарды біріктіре отырып, инвестициялардың барынша тиімді
қолданылуын қамтамасыз етеді. Сол себептен шағын және ірі бизнес
арасындағы ынтымақтастық жүйесін (франчайзинг) қалыптастыру мақсатына
бағытталған мемлекеттік қаржыларды көбейту аса маңызды.
Шағын және орта бизнеске шетелдік компанияларды және жеке
кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі халықаралық ұйымдар мен қорлардың
қаржыларын тарту процестерін күшейту қажет.
Концепцияда кәсіпкерлік қызметі субъектілерінің осы саладағы басты
жобаларды атқаруын қолдау көрсету мақсатында оларды мемлекеттік
несиелермен қамтамасыз ету міндеті ұсынылған. Концепцияда шағын және
орта бизнестің дамуына негіз болатын экономикалық ортаны жақсартуға
бағытталған сақтандыру ісі несие және салық жүйелеріне қажетті
өзгерістерді енгізу қарастырылған.
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №6, 2010
Надирова А.Қ. Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті
мемлекеттің басқаруында...
423
Сондай-ақ экономиканың барлық салаларда, әсіресе халықтық тұтыну
тауарлары мен азық-түлік өндірісіндегі шағын бизнестің дамуына мүмкіндік
туғызатындай деңгейде салықтық алымдар мен міндетті төлемдер мөлшерін
белгілей отырып, салық саясатында маңызды толықтырулар жасау қажет.
Кәсіпкерлікті институционалдық тұрғыдан қамтамасыз ету процесі барлық
шаруашылық субъектілерінің жұмысына қолдау көрсететін және өндіріс
өнімдерін өткізу, шикізатты алу, кәсіпорындар жұмысының тиімділігі мен
сенімділігін арттыру және тәуекел деңгейін төмендету шараларын қамтамасыз
етуге бағытталған нарықтық инфрақұрылым элементтерін қалыптастыру және
дамыту мақсатын көздейді. Әсіресе нарықтық қатынастарға өту кезеңінде осы
процесті жүзеге асыру мемлекетке құқықтық базаны құруға және оны
қадағалауға мүмкіндік туғызады. Осы кезеңде мемлекет басшылығы
экономиканы тұрақтандырып, әрі қарай дамыту үшін нарықтық инфрақұрылым
қызметтерін толығымен қолдануға тырысады.
Кез-келген кәсіпорынның, оның ішінде шағын және орта бизнес
субъектілерінің табысты жұмыс істеуі үшін банк торабына кіру және оның
сапалы қызметтерін пайдалану мүмкіншілігі қалыптастырылуы тиіс. Сондықтан
да Қазакстан Республикасында банк ісін дамыту міндетін атқару жоспарланып
отыр.
Республикамызда шағын және орта бизнестің басты салаларын жалпы
дамыту мен қолдау және банк несиелерін алу үрдістерін жеңілдету мақсатында
маманданған мемлекеттік акционерлік банктерді құру аса маңызды [2.7-11].
Сақтандыру жүйесі нарықтық институттарды дамытудың негізгі
бағыттарының бірі болып табылады. Әсіресе, оның мәні шағын және орта бизнес
саласында тәуекел күшейген жағдайда арта түседі. Сондықтан кәсіпкерлік
қызмет саласын сақтандыруға бағытталып, компанияларға қолдау көрсетілуі
тиіс.
Сақтандыру ісінің сенімділігі мен сапасын арттыру және сақтандырушының
түрлі
қиянатынан
кәсіпкерлерді
қорғау
мақсатында
сақтандыру
компанияларының қызметтік лицензиялау және тұрақты қадағалау көзделуде.
Бұл үшін арнайы бақылау-реттеу орталығын құру қажет. Инвестициялық қызмет
саласында әсіресе, жекешелендіру ісінде аукциондар мен инвестициялық сауда
орталықтары маңызды орын алуы тиіс. Аталмыш орталықтар қандай да бір
қозғалмайтын мүлікті немесе инвестициялық ресурсты сатып алуға ниет
білдірген
кез-келген
шаруашылық
субъектілеріне
қызмет
көрсетеді.
Қазақстанның барлық облыстары мен ірі қалаларында осындай орталықтарды
құру ұсынылады.
Қазіргі жағдайда көптеген кәсіпкерлер, шағын және орта кәсіпорындар
қызметіне қажетті құрал-жабдықтар мен қозғалмайтын мүліктерді тез арада
сатып алу үшін жеткілікті қаржыға ие емес. Сол себептен өндірісті ұйымдастыру
барысында
лизингтік
фирмалар
мен
компаниялар
аукциондар
мен
инвестициялық саудаларды жүргізетін орталымдарда қызмет көрсете отырып,
маңыздылығын арттыруы тиіс. Сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті тиімді
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №6, 2010
Надирова А.Қ. Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті
мемлекеттің басқаруында...
424
ұйымдастыру және жүргізу үшін консалтингтік, маркетингтік, инвестициялық
құкықтық және тағы басқа маманданған фирмалар мен компаниялардың қызмет
көрсетуі керек. Қазақстанда аса қажетті болып табылатын осы саланың
дамымағандығы салдарынан аталмыш қызметтерді ұсынатын шетелдік
компаниялар мен фирмалардың бөлімшелерін ашуға мүмкіндік жасау қажет.
Сондай-ақ экономиканың өзге салаларында да кәсіпкерлік құрылымды
дамыту керек.
Кәсіпкерлік құрылымдарды сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыру
үшін қолайлы жағдайларды қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік органдардың
сыртқы экономикалық байланыстарды реттеуге барлық кәсіпкерлер үшін теңдей
жағдай жасауға және шетелдік капиталды алып, тиімді қолдануын қамтамасыз
етуге бағытталу керек.
Осыған байланысты төмендегідей шараларды атқару ұсынылады:
• шағын және орта бизнесті дамытудың басты бағыттары бойынша
техникалық-экономикалық негіздермен қамтамсыз етілген инвестициялық
жобаларға жеңілдетілген несие беру жолдарын қарастыру;
• экспорттық тауарларды өндірістің кәсіпорындарда ынталандыру
шараларын атқару және импорттық-экспорттық өнімдерді шығаруға лицензия
бере отырып, кәсіпкерлік құрылымдарға жеңілдік жасау;
• ішкі нарыққа бағытталған өндірістерді мемлекеттік несиемен көптеп
қамтамасыз ету және жеңілдетілген салық жүйесін қолдану;
• шетелдік инвестициялар туралы заңдарды шағын және орта бизнестегі
шетелдік инвестицияларды сақтандыру ерекшеліктері жөнінде қосымша тәртіпті
орнату.
Кәсіпкерлік қызмет құрылымдарын қалыптастырудың ең маңызды элементі
нарықтық экономикалық білімі бар мамандарды дайындау болып табылады.
Әрбір кәсіпкер табысқа жету үшін маркетинг, қаржылық менеджмент-бизнесті
басқару және т.б. пәндерді жетік білуі тиіс. Мұнымен қоса кәсіпкерлік қызмет
өте қажетті, абыройлы және пайдалы іс екендігі жөнінде қоғамдық ой-пікірді
қалыптастыра отырып кәсіпкерлік білім беру шараларын жүзеге асыру керек.
Осыған байланысты білім және кеңес беру орталықтарын ұйымдастыру
арқылы келесідей міндеттерді атқару көзделуде:
• кәсіпкерліктің негізгі бағыттары бойынша оқытушы-мамандарды
жетілдіру;
• кәсіпкерліктің негізгі құрылымдарында жұмыс істейтін қызметкерлерді
дайындау;
• шетелдік ғылыми орталықтар мен компанияларда білім алу және
кәсіби деңгейін жақсарту үшін мамандар арасында конкурс өткізу жүйесін
орнату.
Үкіметтің нарықтық қатынастар мен кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
саясатының маңызды міндеті жастарды білім беру жүйесінің барлық
кезеңдерінде бизнесті жүргізу біліктілігіне баулу болып табылады. Осыған
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №6, 2010
Надирова А.Қ. Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті
мемлекеттің басқаруында...
425
байланысты оқу бағдарламаларына бизнес және кәсіпкерлік негіздері бойынша
курстарды енгізу жөнінде ұсыныс жасау көзделуде.
Нарықтық инфрақұрылымның ажырамас бөлігі болып табылатын
ақпараттық қамсыздандыру ісінің кәсіпкерлікті дамытудағы орны ерекше.
Сондықтан ақпараттық қамсыздандыру мен құқықтық, статистикалық, ғылыми-
әдістемелік, конъюктуралық және ұйымдық қызметтерді қамтитын мемлекеттік
жүйені орнату әрбір потенциалды кәсіпкерді барлық қолданыстағы заңдық
актілер, нормативті құжаттар экономикалық және конъюктуралық мәліметтер
туралы хабардар етуге мүмкіндік беретін кеңейтілген ақпараттық орталықтар
жүйесін құру қажет. Мұндай орталықтар барлық жергілікті әкімшіліктер
құрамынан ашылып, республикалық және жергілікті бюджет есебінен
қаржыландырылуы тиіс [3.5-8].
Кәсіпкерлікті ақпараттық және ғылыми-әдістемелік тұрғыдан дамыту үшін
шетелдік тәжірибеге негізделген ғылыми-әдістемелік оқу құралдары мен
материалдарын басып шығару керек. Қазіргі таңда, шаруашылық, қаржылық
қызметті реттейтін, қолданыстағы заңдық және нормативтік актілер пакеті мен
өзге де жарғы, келісім-шарт секілді құжаттарды бір орталықтан жариялау сәті
туындап отыр.
Қоғамдық ойды қалыптастыру және жағымды имиджді құру үшін бұқаралық
ақпарат құралдары арқылы үгіттеу керек.
Үкіметтің жүргізіп отырған әлеуметтік-экономикалық саясаттарының
құрамдас бөлігі ретіндегі кәсіпкерлік қолдану мен дамытуға бағытталған
концепцуалды әдістерді іздеу және осының негізінде біртұтас мемлекеттік
қолдау механизмдерін жасау барысында басқару аппараты органдарының қазіргі
құрылымын жақсарту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мәжілісі мен
сенатында шағын және орта бизнесті қолдау мәселелерін қарайтын әрі тұрақты
жұмыс істейтін комиссияны құру көзделуде.
Басқару органдарының өкілеттілігі мен қызметтерін басқару әрекеттерін
дайындау және іске асыру үрдістерінің кезеңдері бойынша бөліп, айқындау
қажет. Көзделген мақсаттар мен міндеттерді тиімді орындау және түрлі
мемлекеттік және жеке құрылымдардың өзара әрекеттестігін күшейту үшін
Қазақстан Республикасының Президенті аппараты жанынан кәсіпкерлікті қолдау
және дамыту жөніндегі мемлекеттік комиссияны құру кажет.
Атқарушы орган ретінде экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі
қарамағынан экономиканың кәсіпкерлікті қолдау және дамыту агенттігіне тиісті
салалық құрылымына сай құру аса маңызды.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Сабден О.С.,Токсанова А.Н. Управление Малым бизнесом. Астана: “Елорда”, 2001.
2.
Ескараев Р.К. Рынок и предприятие. Проблемы Агрорынка. Алматы: АО "ДИС", "МВ-Цент", 2004.
3.
Нарсейт А., Темирбекова А., Нурсейтова Р. Теория рыночной экономики: предпринимательский
аспект, Алматы: ЮР "БИС", 2000.
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №6, 2010
Б.НҰРЫНБЕК
426
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистранты
АЙМАҚТЫҚ САЯСАТТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЭКОНОМИКАЛЫҚ
МЕХАНИЗМІ РЕТІНДЕ ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ РӨЛІ
В статье рассмотрена инвестиционная деятельность государства по улучшению качества
экономического пространства региона.
The article deals with state investment activity on the improvement of quality of economic space of
region.
Инвестициялық саясат – аймақтың капитал ресурстарының ұдайы
өндірісін
қамтамасыз
етуші
агенттер
іс-әрекетінің
жиынтығы.
Инвестициялық саясаттың мәні – өндірістік және өндірістік емес негізгі
қорлардың ұдайы өндірісін қамтамасыз ету, оларды кеңейту және
модернизациялау.
Құқықтық база сипаты бойынша ресми және ресми емес мемлекеттік
инвестициялық саясат деп бөліп көрсетуге болады. Бұл жағдайда ресми
инвестициялық саясат инвестициялық үрдістің негізгі параметрлерін
реттеуші тұтас құқықтық базаны білдіреді, оған салықтар, бағалар, табыстар,
тарифтік жүйе, құрылыс жобаларының амортизация мерзімі және негізгі
қорларды есептеу әдістері кіреді. Ал ресми емес инвестициялық саясат
салыстырмалы түрде мемлекеттік капитал салымдарының төмен үлесімен
(30% дейін), жеке капиталдың жоғары көлемімен (80% дейін) сипатталады.
Басқару формасы бойынша инвестициялық саясаттың келесі түрлерін
атауға болады: либералды және орталықтандырылған.
Инвестициялық саясаттың либералды типіне инвестициялық үрдісті
мемлекеттік реттеудің экономикалық әдістері тән, мұнда инвесторлардың
дамыған вертикалды жүйесі құрылады (мемлекет – қаржы институттары –
бизнесмендер – кіші инвесторлар), сонымен қатар инвестицияның әртүрлі
көздері жеке, мемлекеттік, сырттан тартылған инвестициялар және т.б.
негізінде дамыған қаржылық инфрақұрылым қалыптасады. Мемлекеттің рөлі
бұл жағдайда «инвестор – мемлекет» арасында өзара қатынастардың «ойын
тәртібін» белгілеу, бұл экономикалық жүйенің өз бетінше реттелуіне және
салыстырмалы еркін дамуына мүмкіндік береді.
Инвестициялық саясаттың орталықтандырылған типінің негізгі
тұстарына басқарудың қатаң әкімшілік әдістерін қолдану болып табылады.
Бұл жағдайда инвестиция көздері әртүрлі мемлекеттік құрылымдардың
ресурстарын шоғырландыру арқылы қалыптасады, ал жалпы құқықтық түрде
инвестициялық үрдістің дамуын қатаң түрде реттейді. Инвестициялық
үрдіске қаржы нарығының қатысуы номиналды деңгейде болады [1].
Осы аталған критерийлерді ескере отырып, елдегі аймақтарда жүргізіліп
отырған инвестициялық саясатты ресми және орталықтандырылған деп
бағалауға болады. Мемлекеттің рөлі бұл үрдісті реттеу деңгейі бойынша
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №6, 2010
Нұрынбек Б. Аймақтық саясатты жүзеге асыру экономикалық механизмі ретінде...
427
және инвестицияларды басқару көлемі бойынша өте ауқымды. Мемлекет
бюджетінен бөлінетін инвестициялық қаражаттар 60%-дан жоғарыны
құрайды. Ірі мемлекеттік немесе коммерциялық кәсіпорындармен тартылған
несиелерге
қатысты
кез-келген
шешім,
мемлекеттік
органдармен
бақыланады. Бүгінгі таңда біртіндеп ресми орталықтандырылған мемлекеттік
инвестициялық саясат типінен ресми либералды типке көшу үрдісі жүруде.
Бүгінгі таңда ел аймақтарының инвестициялық үрдісіне келесідей
ерекшеліктер тән:
- Инвестициялық үрдістің орталықсыздандырылуы.
Бұл үрдістің кем дегенде екі бағытын атап көрсетуге болады: әкімшілік
орталық - аймақ, облыс; аймақтық әкімшілік - аймақтық өнеркәсіп және
қаржы институттары.
Бірінші жағдайда орталықтандырылған басқару функцияларын аймақтық
билік құрылымдарына беру үрдісі жүреді. Қазіргі таңда елдің бір де бір
аймағында кешенді инвестициялық саясат жүзеге асырылмайды, сондықтан
барлық инвестициялық ағымдар жергілікті деңгейде қалыптасады.
Екінші жағдайда, аймақтың билік құрылымдарының экономикалық
саясаты біртіндеп мемлекеттік инвестиция көлемінің қысқаруына,
жекешелендірілген кәсіпорындар санының артуы және ұдайы өндіріс
сферасында жеке бақылаушы және басқарушы функциялардың жоғалтуына
әкелді.
Сонымен, аймақтағы инвестицияның қазіргі таңдағы үрдісі мемлекеттік
инвестициялар үлесінің қысқармауы және капитал салымдары көлемін
мемлекеттік бақылаудың сақталуымен сипатталады.
- Инвестициялық үрдіске әсер етудің экономикалық әдістеріне көшуі.
Мемлекеттің ең басты жоспарлаушы және бөлістіруші институт
функциясын жоғалта отырып, басқа өзіне тән емес рөлдерді жеке меншік,
тепе-тең құқыққа ие қатысушы, үлескер серіктес, қаржылық агент, гарант
және кредитор құқықтарын иемденеді. Басқа өзара қатынастарды иемдену
үшін ұзақ уақыт қажет. Сонымен қатар жаңа даму жүйесі ескі басқару моделі
жағынан қарсылық көруде.
Мемлекеттің аймақтағы инвестициялық саясатының жаңа формаларына
мемлекеттік жоспарлаудың басты элементі инвестициялық бюджетті
қалыптастыру; ұзақ мерзімді мемлекеттік несиелеу; мемлекеттік кепілдіктер;
мемлекетке тиесілі пакет акциялары арқылы акционерлік кәсіпорындар
қызметтерін реттеу кіреді.
- Инвестициялық үрдістің жаңа қатысушыларының пайда болуы.
Инвестициялық үрдістің басқарылуына оның құрылымдық дамуы да әсер
етеді, ал бұл жаңа объектілер санының артуымен сипатталады. Ұдайы өндіріс
қатынастарының қарапайым жүйесі «мемлекет - өнеркәсіп - өндіріс»
инвестициялық үрдіске қатысушылардың дамыған құрылымына айналады.
Достарыңызбен бөлісу: |